Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы



бет10/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 18. Таным теориясы. – Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007; Философия. Энциклопедический словарь. М., 2004. С. 16–17.


АДАЛДЫҚ – адамның ішкі рухани болмысының мазмұндық құры- лымын анықтайтын этикалық ұғым, адамгершіліктің маңызды талап- тарының бірін белгілейтін моральдық категория. А. – адал – араб тілінің
«рұқсат етілген», «таза» деген мағынаны беретін сөзінен келіп қалыптасқан сипаттық мазмұнды бейнелейтін аксиологиялық ұғым. А. шыншылдық, әділдік, принциптілік, кісілік, адамгершілік, қанағаттық, ынсапшылдық, айтқан уәдесінде тұрушылық, мойнына алған істен жалтармаушылық, тазалық сияқты моральдық сапаларды қамтиды. А. – өзін жасанды қы- лықпен, қорқақтықпен, өтірікпен «ластамаған», турашыл және батыл, дос- тықты қадірлейтін адамды сипаттайтын ұғым. Оған ие адам – өз жақын- дарын әрі басқа таныс және бейтаныс адамдарды құрметтейтін кісі. Діни философияда, оның ішінде, исламдық этикада А. ұғымына өте зор мән беріліп, биік маңызға ие болады. Ол – адамның пенделік тіршілігінде өзі- не рұқсат етілген іс-әрекет ауқымын, пайдаланатын азық-түлік, басқа да қажеттіліктер шеңберін анықтайтын рухани кеңістік.
Қазақ даласы өркениетіндегі А. ұғымының этик. қуатын «Ақиқатқа хақ тұрған – адалдықтың белгісі», «Ала ойлаған алысқа бармайды»,
«А-тан ауған ер бір кеселге жолығар» (Балпық би), «Арам – өзін ойлайды, адал – өзгесін ойлайды. Халықтың таңдауы – өзгесінің қамын жейтіннің жағында» (Әйтеке би), «Адал болсаң жұртыңа, ағалыққа жарарсың» – деген ұстанымдардан байқаймыз. Демек, А. – өмірдің барлық жағдайларында адамның өз уәдесіне және қалыптасқан адамгершілік нормаларға сәйкес әрекет жасау жөніндегі парасаттылық талап. А. – ұлық мінез. Қазыбек биге сүйенсек, «А-ты әрқашан жасырмаған елміз, адал ниетті ақтай білген елміз». «Адал адамның аты арып, тоны тозбас» дейтін тұжырым жасайды


15

қазақы таным. А. ұғымын табиғат тазалығымен салыстыратын тұсты «адал болсаң судай бол…» (Жанқұтты шешен) дейтін теңеуден көреміз. А. – өмір- дің барлық жағдайларында адамның өз уәделеріне және қалыптасқан адам- гершілік нормаларға сәйкес әрекет жасау жөніндегі парасаттылық талап.




АДАМ – жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің тарихи үдерісі мен дамуының иегері, сөйлей алатын, ойлауға қабілетті, саналы, рухани әлемі бар, биологиялық-әлеуметтік тіршілік иесі. А. туралы алғашқы идеяларға мифтер мен діни-мистикалық көзқарастар куә бола алады. Ежелгі Үндідегі алғашқы А. туралы әрі мифологиялық, әрі діни және философиялық дүниетаным көне үнділік әдеби мұраларда – Ведаларда, оның жалғасы – Упанишадтарда қалыптасқан. Бұл әдеби мұралар А. рухани-адамгершілік қасиетке ие жаратылыс ретінде қарастырылады және оны құмарлық әлемі- нен азат ету жолдарын ұсынады. Ежелгі Үнді философиясында А. әлемдік жанның бір бөлігі ретінде түсіндіріледі. Ежелгі Қытайда А. туралы ілімнің өзінше бір формасы қалыптасты. Оның көрнекті өкілінің бірі – Конфуций. Оның көк аспан концепциясының өзегі – А. және оның жер бетіндегі тыныс- тіршілігі мәселесі болды. Конфуций, ең алдымен, адамның рухани мінез- құлқына, адамгершілігіне баса назар аударады. Конфуций ілімі бойынша, А. дао заңына сәйкес өмір сүруі керек және оны оқып-білу арқылы өзін-өзі жетілдіруі қажет. Түпкі мақсат – «кемел адам» дәрежесіне жету. Ежелгі грек философиясында А. дербес, жеке дара өмір сүре алмайды, ол тек абсолютті реттілік және космос ретінде қабылданатын белгілі бір қатынас жүйесінде ғана өмір сүре алатын жаратылыс болып табылады. Аристотель А-ды
«саяси жануар» – қоғамдық, мемлекеттік, саяси жаратылыс деген болатын. Аристотель бойынша А-ды басқалардан ерекшелеп тұратын нәрсе, оның әлеуметтілігі мен ақыл иесі болуы. Христиандық философия бойынша, А.
– «құдай бейнесі». Аврелий Августин үшін А. – жан мен тәннің қарама- қарсылығы. Бірақ А-ды А. ететін жан. Жан – А-ның жеке имманентті субстанциясы. Фома Аквинскийдің түсінігінде А. – жануар мен періште арасындағы аралық жаратылыс. А. жан мен тән тұтастығын білдіреді, бірақ жан «тәннің қозғаушысы» болып табылады және А-ның мәнін анықтайды.
Әл-Фараби орта ғасырлық мұсылмандық философияда алғаш рет А-ды таным объектісі ретінде мәселе көтергеннің бірі болды және ол А. туралы түсінікті кеңейтті. Әл-Фараби А. тұжырымдамасын жаңа деңгейге көтерді. Ол «А.» ұғымын ұлттық, нәсілдік ұғымдардан дербес қарастырды. Бүкіл адамзатты рухани тазалығына қарай біріктіру ұстанымын ұсынып, оны
«қайырымды қала» және «кемелденген адам» концепциясы арқылы ашуға тырысты. А. – оның философиясының өзегі болып, аспан сферасы мен жер бетін түйістіруші нысана дәрежесіне көтерілді. Әл-Фараби А-ды тән мен жанның және рухтың тұтастығы деп қарастырады, «А. – ғалам айнасы»


16

деген түсінікті орнатты. Әл-Фараби А-ды Құдайдың жаратқанын мойын- дай отырып, ақыл иегері ретінде А-ның дербестігін мойындайды. Ол А-ның жер бетіндегі тіршілігі аясында барлық жақсылыққа ұмтылып, дамудың шыңына жетуді мақсат тұтуы міндетті болып табылады.


Рене Декарт үшін А-ның тіршілік иесі екенін дәлелдейтін жалғыз қасиеті оның ойлай алу қабілеті. Ол оның «ойлай аламын, яғни өмір сүремін» деген тұжырымынан туындады. Ж.П. Сартрдің пікірінше, А – еркіндік деген сөз болып табылады: «А. әуел баста кәміл түрде жаратылмаған, ол өзін-өзі жаратады». Сонымен А. – ақылы, санасы арқылы танып білетін, сол арқылы өзін-өзі ұйымдастыра алатын, қоршаған ортаны игере алатын, оны өз қажетіне қарай белгілі бір мөлшерде өзгерте алатын жаратылыс. Қазіргі ғылыми жетістіктерге сүйене отырып, А-ды эволюциялық даму жемісі деуге толық негіз бар, бұл орайда биологиялық факторлармен бірге, әлеуметтік фактордың да маңызы зор деуге болады. Сонымен бірге, әлемнің қазіргі ғылыми бейнесі А-ды аяқталмаған процесс ретінде қарастыруға меңзейді.
А. – ғарыштың тудырған ғажап пендесі. Өйткені, оның тәні болса да, ол ең алдымен – рух. Осы тұрғыдан алып қарағанда А-ның басқа тіршілік әлемінен айырмашылығы – шексіздікке кетеді. Сондықтан, ғасырлар бойы қайсыбір дін «А-ды Құдай жаратты» деген қағиданы осы уақытқа дейін ұстап отыр. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар, жаратылыс танушылар да «антроптық принципті» қолдап отыр. Осыдан 13 млрд. жыл бұрын «Ұлы Жарылыстың» негізінде пайда болған Дүние – Ғарыш Әлемі – қажетті түрде сан-алуан кездейсоқтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені – А-ды тудырады екен.
Адамзат тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде А-ға деген сан- алуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны – «Homo Sapіens» – саналы А., яғни, ол – рухани пенде. А. өз алдына неше-түрлі мақсат-мұраттар қойып, соларды іске асыруға ұмтылады. Оларды іске асыру жолында ол басқа А-дармен сан-алуан саналы қарым-қатынасқа түседі. А-ның неше түрлі алаңдау мен күту, қайғы мен қасірет, шаттық пен шығармашылыққа толы ішкі рухани өмірі бар. Американ саяси қайраткері, сол елдің Конституциясын жасауға ат салысқан Д. Франклин А-ға «Homo Faber» – құралданған А. деген анықтама берді. Шынында да, тек қана А. еңбек құралдарын жасап оларды үнемі пайдаланады. Мысалы, маймыл жерде жатқан бұтақты, я болмаса тасты алып пайдалануы мүмкін. Бірақ, содан кейін ол оны лақтырып тастайды да, оған екінші рет қайтып оралмайды. Бірде бір маймыл жасанды өз ойына сәйкес келетін құрал жасап көрген жоқ. Оны істей алатын тек қана А.
Голландия ойшылы И. Хейзинга А-ға «Homo Ludens» – ойнайтын адам – деген ат қойып, сол жөнінде көлемді еңбек жазды. А. өз өмірінің шеңберінде жүздеген әлеуметтік рөлдерді ойнайды. Мысалы, ол – әке, жұмыста есепші, біреудің жолдасы, я болмаса, туысы, саяси партияның мүшесі, ауладағы футбол командасының капитаны т.с.с. Әрбір рөлдің мазмұны мен әлеуметтік нормалары өзгеше. Тіпті өлер алдында А. сол рөлді ойнап, ол да болса оны қоршаған жақындарына өнеге болып қалады. Сонымен, рөлдер тек театр сахнасында ғана ойналып жатқан жоқ, ол бүкіл жер бетінде А-дар бар жерде жүріп жатыр. Ал жануарларға келер болсақ, олардың күшіктері бір-бірімен ойнап өз табиғи инстинктерін оятады, уақыт өтіп есейген сәтте олар тоқталады.
Француз ойшылы Э. Кассирер А-ға «Homo Sіmbolіcus» – рәміз, белгі жасайтын А. – деген анықтама берген болатын. Кең түрде алғанда символға қайсыбір халықтың тілі, бабалардан қалған аңыз-дастандар, дін, өнер қағидаларын, неше түрлі өмірдегі кездесетін рәміз, белгілерді (мысалы, машинамен келе жатып, алдымыздан ортасында қызыл кірпіш көрсетілген дөңгелек белгіні көргенде, біз тоқтап әрі қарай жүрмейміз) т.с.с. жатқызамыз. Қайсыбір нақыл сөздер, көркем әдебиеттегі салыстырма, бейне, мысалдардың т. с. с. әр жағында неше-түрлі мән-мазмұнның жат- қанын байқауға болады. Мысалы, Прометей бейнесі бізге нағыз адамды сүю (гуманизм), ал Сизиф болса нәтижесіз зардапқа әкелетін еңбек, Қозы- Көрпеш пен Баян-Сұлу – мөлдір махаббатың символдары ретінде көрінеді. И. Кант А-ның ішкі ар-ұжданына таңғалып, оған «Homo Morales» деген анықтама берген болатын. Уақытында ұлы Абай оны «нұрлы жүрек» десе, Шәкәрім «үш анықтың» біреуіне жатқызды. Егер де А-ның ар-ұжданы болмаса, ол жануарлардан қулық-сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жан түршігерлік сайтанға айналар еді. Бүкіл көркем әдебиеттің дәріптейтін аса құнды А-ның қасиеті – оның ар-ұжданы. Қиын-қыстау жағдайда нағыз А. өз ар-ұжданын, абыройын сақтап қалу жолында өзінің тәнін құрбан етуге дейін барады. Абайдың «Адам бол!» ұстанымы қазақ философиялық ойының А.
туралы мағыналық келбеті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет