Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: Бастау, 2008



бет13/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: Бастау, 2008.


23


АДАМГЕРШІЛІК – адамдық сипатты айқындайтын, оның рухани кемелденуінде шешуші рөл атқаратын этикалық ұғым. А. – адам бойын- дағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. А-тің шығуы мен дамуы адамзат қоғамының пайда болуы және дамуымен тығыз байланысты. А. нормалары қоғамның ең алғаш пайда болған кезеңінен бастап адамдардың өзара қарым-қатынастарын реттеп отырған. А. – «кісілік»,
«ізгілік», «имандылық» сияқты ұғымдармен мәндес. А. адамның адамшылық сапасы шеңберінде өмір сүру қабілетінің біріне жатады. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Қабуснамада: «Адамның адамгершілік қасиеті хайуандықтан аулақ болуында» (Қайқаус) – деп көрсетіледі. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей А. белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, қайырымдылық, кісілік, адалдық, кешірімділік, кең пейілділік, сыйластық, әділдік, қанағатшылдық және т. б. А. қағидаттар – адамның теңдігін құрметтейді, мейірімділігін мақұлдайды, кешірімпаздығын қолдайды, кемшілігін кешіреді, адамның тұлғалық ерекшелігін сыйлайды деген идея тұжырымдалады. Құран Кәрім

  • А. ережелерін тек идеялық тұрғыдан мойындаумен ғана шектелмейді, керісінше, оларды әдеп ережелері ретінде күнделікті тіршілікте қолдану- ды талап етеді. Өйткені мораль қағидаларын іске асырудағы негізгі тәсіл

  • талап. А. талап – ішкі әлемнің рухани мазмұнын сыртқы қатынаста іске асыру. Құран бойынша, адам А. қасиеттерінің арқасында қоғамда жақсы көрінеді, Алланың сүйген құлына айналады. Хадисте: «А. – тақуалық» деп көрсетіледі. Орта ғасырдағы мұсылман философиясының өкілі, Әл- Ғазали исламдық А. концепциясының негізгі мазмұны – жақсылық пен жамандықты ажырата білу деп тапты. Оның А. ілімі «көркем мінез» немесе «кемел адам» бағдарламасы арқылы көрініс тапты. А. – мейірімді жүректі адамның тіршілік жолы болып танылды. Ғазали түсінігінде адам ғұмырының мақсаты – А. кемелдігіне жету. Ол А. категориясының құрылымына: жақсылық, туралық, адамның өзін-өзі бақылауы, достық, адалдық, сабырлық, жомарттық, ерлік, ұят, әділдік, кешірімшілдік сиқты сапалық қасиеттерді жатқызды. А. ұстанымдары – әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. А. қасиеттердің қалыптасуына ерекше ықпал жасайтын факторлар: туыстық қатынастарды реттеу, қандастарын өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге қамқорлық жасау, еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы.

Қазақ дүниетанымы А-ті «адамдықтан үлкен ат жоқ», «адам болып туған соң, адам болып өлу лазым», «адам бір-біріне қонақ» –деген ұстанымның шеңберінде мойындайды. А. ұғымын қазақ би-шешендері аса маңызды феномен ретінде қарастырған. «Қайырымды туыс бар болса,


24

бар-жоғыңа қарасар» (Ақтайлақ шешен). Шәкәрім адам өмірінің мәнін, оның руханиятымен өлшей отырып, адамның болмысының негізгі мәні тіршіліктің мазмұнды болуында, ал мазмұнды болуды адамгершілік қасиетпен байланыстырады. А. – адамның қоғамдағы әрекет факторы, адамның толықтай мәні, руханиятының өлшем бірлігі ретінде анықталады. А. құндылықтарының қалыптасуы үшін жүйелік (қоғамдық, мемле- кеттік) және тұлғалық субъектілердің ара салмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор. БҰҰ қабылдаған «Адам құқықтарының жалпы декларация- сының» басты баптарын адамдық қарым-қатынас нормаларына айналдыру



  • А. құндылықтарын қастерлеу шарттарының біріне жатады. Оның басты әдептік баптары төмендегідей: барлық адамдар тең құқылы, ерікті және қадірлі; азаматтар нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, шыққан тегіне, дініне, сеніміне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарамай заң алдында бірдей; өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі

  • қасиетті болып табылады.

А. қағидаттарының сақталуы өтпелі қоғам жағдайында ерекше маңызды мәнге ие болады. Бұл кезеңде ескі ұстанымдар мен мінез нор- малары мәнін жойып, жаңасы әлі қалыптасып, орнығып үлгермеген кезде халықтың әлеуметтік мінезінде әртүрлі ауытқулар орын алып, девиантты құбылыстар пайда болуы мүмкін. Ол адамзат тарихында дәлелденген нәрсе. Өркениеттілікке апаратын жол халықты А-ке, имандылық пен ізгілікке, салауатты өмір салтына баулу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет