АЗАМАТТЫҚ – адамның әлеуметтік болмысын, қоғамдағы орнын, тұлғалық бітімін анықтайтын ұғым. А. құқық ғылымы тұрғысынан да қарас- тырылады. Бұл тұрғыда А. – адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заң- ды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға әрі оған шетелде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т. б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға әрі оның белгілеген міндеттерін орын- дауға міндетті. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық дәрежесін айқындап, оны шетел азаматтары мен азамат- тығы жоқ адамдардан ерекшелейді. ҚР-ның Коституциясында адамның азаматтығы бекітілген.
А. ұғымы моральдық философия тұрғысынан алғанда адамның әдептік сапасын білдіреді. Ол әдетте, А. парыз ұғымы тіркесінде қолданылады. А. парыз – адам мен қоғам үйлесімділігін білдіретін әлеуметтік-этикалық ұғым, жеке тұлғаның туған жер, ата-мекен, Отан, халық алдындағы парызы мазмұнын білдіреді. Қазыбек би «Алтын ұяң – Отан қымбат, туып өскен елің қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің қымбат» деген. Адамзат пен Отанды сүю тек А. парыз ғана емес, сонымен бірге, ар-намыспен де байланысты. «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді» деген осыған меңзейді. Азамат үшін тіршіліктің ең қиыны, күрделісі – нағыз адам болу. Адамға өз ісін жетік білу де А. парыз. Пайғамбар хадистерінде «үйренуге қорланбадым, әркімнен үйрендім, әркімге үйреттім» деген тәлімдік сөздер бар. А. парыз адам құқықтарын қастерлеумен тығыз байланысты. Азамат өз құқығын пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге, қоғам, заң және басқа тұлғалар алдындағы жауапкершілігін сезінуі қажет. А. парыз азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет және халықтың шынайы билігі бар жағдайларда толық жүзеге аса алады.
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ (ағыл. civil society) – мемлекеттің зорлық- зомбылығынан қорғануға өзінің заңды құқықтары бар азаматтардың қоғам- дастығы. Ұзақ және күрделі тарихы бар бұл ұғым қолданысқа XVII– XVIII ғғ. кірді. Бұл ұғымның тарихи тамыры латын сөздері civis, civilic, civitas (азамат, азаматтық, қала, мемлекет) мағынасына жақын. А.қ. ұғымы қоғам өмірінің саяси және саяси емес аумақтарын ажыратуға мүмкіндік береді және екі мағынада қолданылады.
29
Кең мағынадағы А. қ. қоғамдық қатынастардың дербес және мемлекетке тікелей тәуелді емес аумағы. Өзінің шын тар мағынасындағы А. қ. жеке тұлғаның, азаматтар қоғамдастығының және мемлекеттің тең хұқығымен сипатталатын қоғамның өркениетті болмысы. А. қ. үш негізді қалыптастырады: жекетұлғалық, ұжымдық және мемлекеттік. Мемлекет тұлға мен қоғамды біріктіретін күш. Ол қоғам дамуының белгілі кезеңінде пайда болады да, өз мүшелерін оларды заңдастырылған шаруашылық, экономикалық, жанұялық, мәдени, хұқықтық және өзге қатынастары арқылы азаматтық қоғамдастыққа біріктіреді. А.қ. қалыптасуына үш фактор әсер етеді; мемлекеттің заңға бағыныштылығы, қоғамның мәдени ахуалы және мемлекет бодандарының азат азаматтарға айналуы. А. қ. дамуының ең басты кедергісі мемлекеттің қоғамға үстемдігі. Мемлекет үстемдігі, оның әрбір тұлғаны билеп-төстеуі А. қ-ды жоюға және бағынышты қылуға әкеледі. Ондай жағдайда бұқаралық аумағы азайып, азаматтық тең бастамалар кеміп, тұлғаның мемлекет алдындағы борыш пен міндеттері көбейе береді. Демократия жағдайында А. қ. мемлекет билігінің кейбір бөлігін өзін-өзі билеу органдарына таратып, мемлекетпен талас-тартыссыз өзара қатынаста болуға тырысады. Өзінің дамуында А. қ. мемлекеттік биліктің демократиялық институттарының қалыптасуына, адам құқықтарының тең мүмкіндікте болуына ықпал етеді, ашық саяси жүйелер қалыптастырады.
АЗҒЫНДЫҚ – адамгершілік талаптарына қарама-қарсы іс-әрекет пен мінезге бой ұратын әдеттерді білдіретін ұғым. Оған, негізінен, қоғамдық пікірмен айыпталатын теріс қылықтар мен пиғылдар жатады. Зұлымдық, арамдық, күнәһарлық, нәпсіқұмарлық, имансыздық А-қа біршама жақын ұғымдар. Халықтық дәстүрлі әдеп жүйесі А-тың айқын көріністеріне қана- ғатсыздықты, арсыздықты, ұятсыздықты жатқызады.
Азғын адам халқына қасірет әкелетін, оның намысын аяққа басатын, адамгершілік қасиеттерден адасқан тұлға болып табылады. А. көріністеріне мұсылмандардың киелі кітабы Құран Кәрімде, Пайғамбар хадистерінде әділ баға берілген. Әл- Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» атты еңбегінде А. себептерін жан-жақты талдаған. «Адам туа бітті ізгілікке жақын ба, жоқ әлде зұлымдыққа бейім бе?» деген сұрақ А-тың бастауын адамның табиғатынан іздейді. Кейбір ғалымдар адам жануарлар әлемінен шыққан, сондықтан соқыр сезімдер оның соңынан ілесіп жүреді, адам өзіне- өзі абай болмаса жардан құлатпай қоймайтынын айтады. Енді бір ғұламалар
«адам туғаннан сәби сияқты пәк, тек оны бүлдіретін қоғам» деген пікірді жақтайды. Шындыққа келгенде адамзат туа азғын болмайды, ол жүре қалыптасатын құбылыс. Өмірдегі барлық жақсылықтар адамзат тіршілігі- нің бүкіл болмысын қамти алмайтындықтан А. туындайды. Сондықтан А. адамзат болмысының көлеңкелі сипатты сияқты феномен.
Достарыңызбен бөлісу: |