Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет17/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   390
Байланысты:
treatise187525

АЙДУКЕВИЧ Казимеж (1890–1963) – поляк философы және Львов- Варшава мектебінің логигі, өзінің көзқарасы жағынан Вена үйірмесінің логикалық позитивизміне жақын болды. «Тіл және мән», «Дүниенің сыр- сипаты және ұғымдық аппаратура» (1934) деген еңбектерінде «радикал конвенционализм» принципін ұсынды, бұл ұстынға сәйкес кез келген ғылымның принциптері ұғымдары шартты келісімдердің нәтижесі болып табылатын анықтамаларға негізделген. Тұжырым ережелерінің де, осы теорияға қатынасы бар тәжірибе үзінділерін таңдаудың да осындай сипаты болады мыс. «Дүниенің ғылыми перспективасы» (1934) деген мақаласында ғылыми теориялардың «өзара кешірімділігі» туралы тезистің негізін қалады. 50 ж. А. марксистер тарапынан жасалған сынның ықпалымен бұл тезистен бас тартты, бірақ толық материалисттік позиция ұстанған жоқ. Логикалық семантика мен прагматика жөнінде бірқатар еңбектер жазды.
Әдебиет: ХХ ғ. философиясы. Әлемдік энциклопедия. – Москва-Минск,
2002.


АЙМАУЫТОВ Жүсіпбек (1889, қазіргі Павлодар обл. Баянауыл ауд. Қызылтау атырабы – 1931, Мәскеу) – жазушы, драматург, аудармашы, зерттеуші, публицист. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен арғы аталары Дәндебай мен Қуан текті, дәулетті, ел арасындағы білікті кісілер. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерін қатар үйренген. Он бес–он алты жасында Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі класты мектепке түседі. Бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітіреді, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі. Оны 1918 жылы аяқтайды. А. 1911–1914 жж. ауылда мұғалім, 1919–1922 жж. Респ. Халық ағарту комиссариатында алқа мүшесі, Семей губ. Оқу бөлімінің бастығы, «Қазақ тілі» газетінің редакторы, 1922–1924 жж. Қарқаралыда мұғалім, 1924–1926 жж. Ташкенттегі «Ақ жол!» газетінде қызметкер, 1926–1929 ж. Шымкент педтехникумының директоры қызметтерін атқарған. 1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезеңінде қамалып, 1931 атылып кеткен. Әлеуметтік төңкерістер заманында өмір сүрген А. өзінің қысқа ғұмырында артына аса бай әдеби, ғылыми мұра қалдырған. Ол Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. Дюма, А.С. Пушкин, Р. Тагор, Н.В. Гоголь, Л.Н. Толстой, Дж. Лондон шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді қазақ тіліне аударған. А. «Ақбілек», «Қартқожа» романдарының, «Күнікейдің жазығы» повесінің, «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқор» пьсаларының авторы. Публицистикасында оның әсіресе «Мағжанның ақындығы туралы» мақаласы көзге түседі. А. прозадағы үлкен эпикалық формаларды да, таза лирикалық жанрларды да жақсы игерген. Егер роман таза европалық форма болса ол оған шығыстық ұйқастық, ырғақты үрдіс элементтерін енгізген. Оның романдық ауқымды полотно жасау деңгейі сол кездегі Шолоховтың ізденістерімен парапар, ол прозаға «сана ағымы» деген тәсілді Джойспен қатар енгізген. «Ақбілек» романында ол қазақ қызының орыс офицеріне бірте-бірте өзі берілгенін суреттеп, халқының қолдан берген намысын аза тұтады. А. шығармашылығы әлде де көп зерттеуді талап ететін ашылмаған құбылыс. Егер ол зерттелсе, қазіргі Латин Америкасы жазушыларымен тең, еуропалық модернист жазушыларымен тең ұлы жазушының келбеті ашылар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет