Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет20/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет фило- софиясы. – Астана: Аударма, 2006: Мәдени-философиялық энциклопедия / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева, Ә. Әлімжанова. – Алматы, 2007.


АКСИОЛОГИЯ (грек. аxіa – құнды, logos – ілім) – құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта алатын орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. А-ның негізгі мәселесі –
«Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. Платон философиясында құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, әмбе- бапты мәнге ие болды. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын алады, өйткені мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиын- тығы деген түсінік кең тараған. Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған А-ның филос. қырынан, оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. А. әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құн- дылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын ай- дындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе, тарихи мәдениеттануда анық байқалды. Мәдениет – адамдық қарым- қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық-әлеуметтік тетігі, ал құндылық – норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі. Сол себепті А. әлеум.-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады. Қазіргі мәдениеттануда құндылықтардың тарихтан тыс әмбебапты жүйелерінен бас тартып, тарихи әдістеме арқылы теңқұқықты құндылықтар жүйелерінің молдығына негізделінген мәдени-тарихи релятивизм мектебі


(Дилтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин т. б.) қалыптасты. Салыстырмалы мәдени зерттеулердің дамуы нәтижесінде кез келген мәдениет құрылымы- ның, басымдылықтарының және мазмұнының салыстырмалылығы туралы идеялар (Боас, Риверс, Бенедикт) өрістеді. Сонымен қоса А-лық плюрализм концепцияларының тарауы бұрынғы жалпы құндылықтар ілімінің негізде- рін шайқалтып, олардың құрамына нақтылы-тарихи мәдени контекстіні енгізді. Қалыптар мен құндылықтар әрбір мәдениетте өзіндік сипатымен айқындалғандықтан бүкіл адамзатқа бірдей тұжырымдалған мәдениет кодексін ұсыну мүмкін емес. Алайда жалпы-қоғамдық ынтымақтастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге шығаруға болмайды, яғни тұлға үшін ортақ мақсаттар да қажет (Клакхон). А-лық зерттеудің маңызды жақтарына психоанализ (Әсіре-Мен, Құндылық архетиптерін талдау – К. Юнг), құн- дылықтар сұбхаты (М. Бахтин), т. б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет