Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет23/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   390
Байланысты:
treatise187525

АҚМАМБЕТОВ Ғалихан Ғаламғалиұлы – 1935 ж. 31 қаңтарында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген. 1956 ж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ды бітіреді. 1956–1960 жж. Орал мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы қызметін атқарады. 1960 ж. Мәскеудегі КСРО ҒА Философия институтына аспирантураға түсіп, 1963 ж. кандидаттық диссертациясын қорғайды. 1964–1971 жж. ҚазКСР ҒА Философия және құқық институтында ғылыми қызметкер, 1971–1976 жж. ҚазМУ-дің Философия және этика кафедрасының меңгерушісі, 1976–1995 жж. ҚазКСР ҒА Философия және құқық институтының Әлеуметтік философия және антропология бөлімінің меңгерушісі (1992 ж. бастап ҚР ҰҒА Философия институты) қызметтерін атқарды. 1983 ж. Мәскеуде «Тұлға этикалық мәселе ретінде» атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғайды. 1995 ж. Қазақ мемлекеттік заң университетінің құқық философиясы кафедрасының меңгерушісі, 2005 жылдан қазіргі кезге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- дің философия кафедрасының профессоры. Ғ.Ғ. А-тің жетекшілігімен 25 ғылым кандидаттары мен 7 ғылым докторлары диссертациялар қорғады. 100-ден аса ғылыми мақалалардың авторы.
Негізгі еңбектері: «Проблемы формирования сознания личности» (1972),
«Проблемы нравственного развития личности» (1973), Проблемы субъекта и объекта философии» (1975), «Природа нравственного конфликта» (Берлин, 1982), «Я и общество» (1989), «Сознание в социокультурном контексте» (1993) т. б.


АҚПАРАТ, информация (лат. informatio – түсіндіру, баяндау, хабардар ету) – 1) істің жағдайы, қандай да болмасын оқиға немесе біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет беру; 2) ХХ ғасырдың ортасынан бастап адам мен адам, адам мен автомат, автомат пен автомат арасындағы деректер алмасуды, жануарлар мен өсімдіктер арасындағы сигналдар алмасуды, тұқым қуушылық белгісін бір клеткадан басқа бір клеткаға, бір ағзадан (организмнен) екінші бір ағзаға жеткізуді қамтитын жалпы ғылыми ұғым;

  1. кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ақпарат үздіксіз (аналогты) не үзілісті (дискретті) болуы мүмкін. Ақпаратты жеткізу, қабылдау, түрлен- діру және сақтаудың жалпы мәселелерімен ақпарат теориясы айналысады. Ақпаратты зерттеуде математикалық статистика әдістері де қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет