Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет22/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   390
Байланысты:
treatise187525

АКЦИДЕНЦИЯ (лат. accidentia кездейсоқ жағдай, кездейсоқтық) – заттың уақытша, өткінші, мардымсыз, кездейсоқ қасиетін (маңызды, суб- станциалды қасиетінен айырмашылығы) білдіретін философиялық ұғым. Бұларды алып тастау заттың мәнін (заттың мардымсыз қасиетін) өзгертпеуі мүмкін. Алғаш рет А. ұғымын Аристотель «Метафизика» және «Физика» еңбектерінде қолданған. Кейіннен Порфирий «бөлінетін» (түс көру) және
«бөлінбейтін» (адамның терісінің түсі) А. туралы пікірлерді дамытады. А. туралы ойлар схоластикалық дәстүрде де таралған, онда заттың кейбір қасиеттерінің субстанциядан тыс бола алатындығы көрсетіліп, оны


37

«шынайы А.» деп атайды. Декарт пен Гоббстың «шынайы А.» идеясының жақтастары мен пікірталастарының нәтижесінде Спиноза А. ұғымынан бас тартып, оның орнына «модус» (субстанцияның жекеленген нақтылы көрінісі) терминін енгізеді. Бұл ұғымды сондай-ақ Кант, Фихте және т. б. философтар қолданған.





Ақатай Сәбетқазы Нұржақияұлы, философ, антрополог, ағартушы-ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (11.10.1938, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақсуат ауылы – 2003, Алматы қаласы), философия ғылымдарының докторы (1995), профессор (1999). Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1969). Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында оқытушы (1969-71), Мәдениет министрлігінің қызметкері, Мәдениет және өнер қызметкерлерінің білімін жетілдіру институтының ректоры, Мәдениет проблемалары орталығында ғылым бөлімінің меңгерушісі (1988–95) қызметтерін атқарды. 1995 жылдан ҚР ҒМ – Ғылым академиясының Философия институтында жетекші ғылыми қызметкер болды. «Мировоззренческий синкретизм казахов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
С. Ақатай – əйгілі тарихшы, философ-ойшыл, этнограф, археолог, қазақ өнертану ғылымының атасы Əлкей Марғұланның шəкірті болды. С. Ақатай - Жазушылар одағының мүшесі, 15-ке тарта ғылыми монографиялар мен жинақтардың, 400-ден астам ғылыми, публицистикалық, саяси, əлеуметтік, əдеби сыни мақалалардың авторы. Зерттеуге алған мəселелері толғақты, көпшілік ойынан шығатын, əлеуметтік пікір туғызатын дүниелер еді. 40 жылға созылған шығармашылық дəуірінде Сəбетқазы Ақатайдың қалам тартқан мəселелері тобынан қалам тартпағандарын санап шығу оңайырақ болар. Оны кітаптары мен жинақтау атауларынан-ақ білуге болады: «Эзоп мысалдары», «Қазақтың музыкалық фольклорлы», «Арал тағдыры», «Күн мен көлеңке», «Эстетикалық категориялар», «Тышқан жылғы қырғын», «Көшпенділер эстетикасы», «Дүниеге қазақы көзқарас», «Інжу-маржан секілді», «Мəдениет айдынындағы Қазақстан», «XXI ғасыр қарсаңындағы Қазақстан философиясы», «Тереңнен тартқан тамырлар: әдеби мақалалар», «Эстетикалық категориялар», «Найман хандығы», «Қазақтың фольклорлық ұлағаты: энциклопедиялық анықтама» және т. б.
Оқытушылық жұмыспен бірге С. Ақатай қоғамдық-ағартушылық және әкімшілік жұмыстарды қатар атқарды: Алматы шет тілдері институтында оқытушы, Ықылас атындағы Қазақ ұлттық музыкалық аспаптар мұражайының директоры, кафедра меңгерушісі, проректор, аға ғылыми қызметкер, Республикалық мәдениет қызметкерлері біліктілігін арттыру институтының ғылыми бөлім меңгерушісі болған. О. Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабын қазақ тіліне аударған. «Азат» қозғалысы төрағаларының бірі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет