Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет100/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   390
Байланысты:
treatise187525

БОХЕНЬСКИЙ Юзеф (J. M. Bochenski) – (1902–1995) Польша елінің философы, Швейцарияда атақты философ болған, Фрибург университеті- нің профессоры. Ғылыми жолы – Львов университетінен басталған, сол жерде ол 1920–1926 жылдар аралығында экономиканы және құқықты зерттеген. 1927 жылы доминикан орденінің мүшесі болған, 1 жылдан кейін Фрибургта философияны зерттеуге кіріскен. 1931 жылы философия ғылы- мының докторы атағын алған. Төрт жыл бойы Римнің Ангеликум уни- верситетінде теологияны зерттеумен айналысқан.
Онтологияның негізгі мәселесі – бұл материя мен нысанның (фор- маның) арақатынасы. Бохеньский нысандардың төрт түрін атап көрсеткен: органикалық емес дене, өмір сүру, жануардың болмысы, адамның бол- мысы. Адам жаны мәңгілік өмір сүреді. Адам мақсатын біледі, таңдауды жасауға қабілетті. Сондықтан ол Жер бетіндегі неғұрлым толық өмірге ие. Гносеологияда Бохеньский екі принципті дәлелдеген – интеллигибельділік (ақыл-ойдағы дүние) принципі және қоса қатысу (ат салыстыру) принципі. Ю. Бохеньскийдің ғылыми қызығушылықтары кең ауқымды мәсе- лелерді қамтиды, шығармашылығы халықаралық деңгейде танымал. Фи-
лософия, логика, дін философиясы бойынша бірнеше еңбектердің авторы.
Әдебиет: ХХ ғ. философия. Әлемдік энциклопедиясы. – Москва-Минск,
2002.


БОЭЦИЙ, Аниций Манлий Северин (шамамен 480–524 жж.) – римдік философ және мемлекет қайраткері. Римде ауқатты отбасында дүниеге келді, оның әкесі 487 жылы консул болды. 510 жылы оның өзі остготтар- дың королі Теодорихтің тұсында консул болған. Кейінірек византиялық император Юстинианмен келісіп, бүлік ұйымдастырмақшы деген айыппен Тицин (қазіргі Павия) түрмесіне қамалып, 524 жылы өлтірілді.


142

Б. «соңғы римдік және бірінші схоласт» (М. Грибман), «ортағасырлық- тың негізін қалаушы» (Э. Рэнд) деп саналады. Ол грек философы- неоплатонигі Б. шығармаларын аударды, Цицеронның «Топикасына» ком- ментарий жазды, логика, математика және музыка мәселелерін қарастырған бірқатар шығармалар қалдырды. Оның «Философиямен жұбану» атты еңбегі ортағасырларда кеңінен танымал болды. Б. антик дәуірдің рухани- философиялық мұрасын ортағасырлық мәдениетпен байланыстырушы, антикалық интеллектуалдық-философиялық дәстүрдің ортағасырлық руханиятпен сабақтастығын жүзеге асырушы қуатты транслятор болып табылады. Ол аристотельдік ілімнің ұғымдық аппаратын рухани тасы- малдап қана қоймай, ортағасырлық философиялық ойлау мәдениетіне теологиялық проблематиканың негізгі сипатын да енгізді: универсалийлер мәселесі, тринитарни (Құдіретті Құдай, Оның Ұлы және Қасиетті Рух арақатынастары), субстанция және акциденция мәселелері. Оның іліміне сәйкес, субстанция – бұл барша атрибуттар мен акциденцияларды айқын- дайтын барлық мәнділіктердің негізі. Егер субстанция – заттардың жалпы негізі болса, универсалийлер – бұл жалпы атаудың мәні. Олар ақыл-оймен абстракциялаудың нәтижесі болғанымен, әлемде бар және нақты өмір сүретіндерді бейнелейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет