Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Мәдени- философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007



бет108/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Мәдени- философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007.


ВЕДАЛАР (санскр. veda – білім) – үнді әдебиетінің ең көне (б.з.д ІІ мыңжылдықтар соңы – б.з.д. І басы) діни және философиялық мұралары. В. әнұрандар мен құрбандық шалу формулаларынан (Ригведа, Самаведа, Яджурведа, Атохорваведа), теологиялық трактаттардан (брахмандар мен упанишадтар) тұрады. В-дан Ежелгі Үндістанның мәдени-әлеуметтік өмірі туралы көптеген деректер ала аламыз. В. мифологиясы өте тартымды болып келеді. Оның басты кейіпкерлеріне бір-бірімен ғарыштық қақтығыста болатын Дэвалар мен Асуралар құдайылық кландары жатады. Дэвалар ғарышты ретке келтіруші, үйлестіруші, құрастырушы, сақтаушы күштерге жатады. Олардың арасында жиі айтылатындары: Агни, Брихаспати, Вануна, Вайо, Вишну, Индра, Митра, Пушан, Савитар, Сурья және т. б. Индра Дэвалардың патшасы ретінде құрметтеледі. Яджурведада Рудру Жо- ғары Құдай ретінде басқаларынан жоғары қойылады. Ведалық құдайлар пантеонында көпшілігінің анасы түрінде Адите қарастырылады және ол Әлемнің Аналық Өрісі деп алынады. Асуралар қатігез, ашулы ғарышқа бас- тау болатын ретсіз, стихиялық материяны білдіреді. Дэвалар мен Асура- лардың арасындағы шек шартты түрде болады, ғарыштық процесте кейбір Асуралар Дэвалар қатарына өте алады. В. мифологиясында құдайлардан басқа абыздар, батырлар, демондар да әрекет етеді. Олардың барлығы «рита»


151

деп аталатын әлемдік бір заңға бағынады және ақиқат («сатья»), парызбен («врата») байланысты. В-да құдай мен адамның арасындағы үйлесімділікті маңызы дәріптеледі.


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.


ВЕРИФИКАЦИЯ (лат. verus – ақиқатты және facio – жасаймын) принципі – логикалық позитивизмнің (неопозитивизмнің) ғылым тілін тал- дауда, ғылыми ұйғарымдардың ақиқаттығын орнықтылауда қолданатын қағидасы. В.п. бойынша әрбір ғылыми ұйғарымның ақиқаттылығы түптің- түбінде эмпириялық тексеру, таза эмпириялық анықталған фактілермен тәжірибе жүзінде тексерілуі, демек қарапайым фактілерді хаттамалайтын сөйлемдерге келіп телінуі тиіс. Хаттамалық сөйлемдердің ақиқаттылығы сәйкесті оқиғаны тікелей бақылау арқылы орнатылатын болса, теориялық сөйлемдердің ақиқаттылығы олардың логикалық салдарларын хаттамалық сөйлемдермен тікелей салғыластыру жолымен анықталады. В.п. неопозити- визмде ғылыми ұйғарымдарды ғылыми еместерінен ажырату үшін қызмет ететін қағида есебінде де қолданылады. Бұл тұрғыдан метафизикалық ұй- ғарымдар верификацияланбайтындықтан ғылым санатынан аластатылып, философияның рөлі тек ғылым тілін логикалық талдаумен шектеледі. В.п. гносеологиялық түп негізі адам танымы сезімдік тәжірибе шеңберінен аса алмайды дейтін эмпиристік көзқарасқа саяды. В.п. гносеологиялық және методологиялық қауқарсыздығы анықталғандықтан, оның жақтастары қатаң верификациялаудан бас тартып, бұл принциптің (жартылай не жанама верификациялауға саятын) осалдау вариантын қабылдауға мәжбүр болды. Қазіргі ғылым философиясы мен методологиясында В.п. орнын әлдеқайда басқа қағидалар басып, верификациялау ғылыми білім дамуының өте күр- делі үдерісінің бір сәті есебінде қарастырылады (мысалы, постпозитивизм фальсификациялау принципіне жүгінеді).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет