Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет141/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Нысанбаев Ә. Қазақ философиясы. Тегеран, 2002; Нысанбаев А., Аюпов Н., Габитов Т. Тюркская философия. – Алматы, 2006. ҚҰЭ. – Т. 3, 142– 143 бб.


ДАНЫШПАН (ғалым, оқымысты) – кемелдікке жетіп, даналық қасиеттерді меңгерген тұлға. Д. болмыстың заңдылықтарын терең түсініп, толық сезінеді және өзі де сол заңдылықтардың аясында ауытқымай өмір сүреді. Оның қарапайым адамдардан айырмашылығы – өзінің іс-әрекетін, барша ғұмырын өткінші қызықтың, жеке бастың қамына емес, мәңгілік құндылықтарға, жалпыадамзаттық аңсарларға бағыттап, өз тұтастарына, кейінгі ұрпақ өкілдеріне өнеге таратып, ізгі ықпалын тигізеді.
ҚҰЭ. Т. 3. 146 б.
193


ДАРАЛЫҚ – жеке тұлғаның қоғамдағы өзіндік ерекше болмысы. Тұлға ретінде әрбір адам әлеуметтік жағдайларға байланысты қалыптасады. Д. тұлғаның өзіндік дүниетанымын, оның әлеуметтік жағдайларға байланысты қалыптасатын ерекше ғұмыр жолын, болмысының өзіндік мәнін көрсетеді. Әрбір адамның өзгелерден ерекшеленетін өзіндік бітімі бар. Сондықтан тұлғалардың даралығы алуан түрлі болып келеді. Д. – табиғи қасиет. Қоғамда адамдардың осы табиғи қасиетіне қарай даралықтың әртүрлі дең- гейлері қалыптасады. Әлеум. ортада Д-ты көре біліп, қоғам өмірін соған байланысты ұйымдастырудың маңызы өте зор. Яғни әрбір адам қоғамнан өзінің даралық қасиетіне лайық орын алуы қажет. Қоғамның өркениет жолымен дамуы тұлғалардың Д. қасиеттерін ескеруге тікелей байланысты.
ҚҰЭ. Т. 3, 149 б.


ДАРВИНИЗМ, дарвиншілдік – тірі табиғаттың эволюциясы (тарихи дамуы) туралы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда бол- ған ғылыми ағым. Эволюциялық даму туралы ғылымның негізін салушы Ч. Дарвиннің есімімен байланысты аталған. Д. негізі бойынша адамзат қоғамының даму заңдылықтары биологиялық даму заңдылықтарына сәйкес дамиды, яғни қоғамдық өмірдің дамуын айқындайтын факторы ретіндегі табиғи сұрыпталу, өмір сүру үшін күрес маңызды принцип деп көрсетті. Д. қоғамды тұтас гармониялық бірлікте деп танитын теорияға қарама-қарсы, қайта қоғам дамуының қайшылықты және конфликтілік ерекшелігін ашып көрсеткен, әлеум. және биологиялық процестің байланысына негізделген теорияны ұсынды. Кейбір әлеуметтік дарвинистердің еңбектерінде алғаш- қы қауымдық қоғам өмірінің кейбір қырлары, адамның іс-әрекетін реттеу- дегі әлеуметтік қалып пен әдет-ғұрыптардың рөлі зерттеледі (Беджог, Самнер т. б.).


ДАРЫНДЫЛЫҚ – адам қабілетінің ерекше дамыған түрі. Д. адам- ның белгілі бір ғылым, өнер т. б. салаларда ерекше жетістіктерге жетуінен байқалады. Д-тың жалпы және нақтылы екі түрі болады. Ақыл-ойы ерекше дамыған адамның қай салада еңбек етсе де тындырымды атқарып, сапалы нәтижемен аяқтай білуі дарындылықтың жалпы түріне жатады. Ал Д-тың нақты түрі ғылымның, өнердің т. б. қызметтердің жеке белгілі бір саласында ерекше жетістікке жеткендер еңбегінен көрінеді. Сәбидің ерекше қабілетін дер кезінде байқап, жетілдіре түссе шынайы дарындылық иесіне – талантқа айналады, ал дұрыс бағдар беріп, баулымаса, тәрбиелей алмаса, қабілеті өшіп, ерекше қасиет-қарымын жоғалтуы мүмкін. Пси- хологтардың (Б.М. Теплов, Н.С. Лейтес, т. б.) зерттеулері бойынша, балалардың осындай ерекшеліктері жоғары жүйке қызметінің туабітті қызметіне (мидағы уақытша байланыстардың тез жасалып, берік орны-


194

ғуы, қозу және тежелу процестерінің, алмасу қабілетінің молдығы, динамикалық стереотиптердің шапшаң жасалып, жақсы орнығуы, т. б.) байланысты екенін көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет