ЗАҢДЫЛЫҚ – тарихтың алға басқан дамуын көрсететін, объективті өмір сүретін, қажетті, маңызды, қоғам өміріндегі қайталанатын байланыс. Ғылымда З. көптеген тәжірибелерден өткізу арқылы тексеріледі. З. өзінің қайталанғыш қасиетімен ерекшеленеді. Белгілі бір заңға бағынбайтын құбылыстарда кездесіп тұрады. Ол жаңа З. пайда болғанын білдіреді.
ЗАРАТУСТРА, Заратуштра, Зәрдеш – гректерде Зороастр деген атпен белгілі. З. идеяларының ежелгі грек философиялық ойының дамуына қос- қан үлесі туралы ғалым Жак Дюмен Гиммен өзінің «З. гимндері» аудар- масының алғы сөзінде былай деп жазады: «Батыстың Азия ұлдарынан ең алғаш қабылдағаны З. болды. Оның ілімі Христос ілімі қабылданғаннан төрт ғасыр бұрын Грекияны өз даналығымен байытты. З. есімі Платонға белгілі еді. Будда мен Конфуций идеялары Еуропаға әлі жетпеген уақытта, гректер Зороастр атаған З. Батыстағы ежелгіазиялық данышпандықтың бірден-бір белгісі болды. Платонның замандасы және шәкірті Евдокс Книдский өз ұстазын Зароастрмен салыстырады». Зороастризмдік салт- дәстүр исламда да өз қолтаңбасын қалдырады. Мыс., бес уақыт намаз оқудың түптамыры жайлы А. Тарақты: «Осы дәстүр Сырдария бойында туған Зәрдеш діні арқылы Яхуда дініне ауысты, одан ислам дініндегі бес уақыт намаздың орнығуына себепші болды» деген пікір айтады. З. да адамзатты ойландырған келелі сұрақтарға, толғандырған мәселелерге жауап іздеп, оның рухани ізденісіне өз үлесін қосты. Тарихта өшпес ізін қалдырған, адамзаттың рухани ұстаздарының бірі З-ның туған жері, өскен елі туралы мәселелер ғалымдар арасында қызу пікір таластар тудырады. Профессор А.Қасымжановтың пікірінше, «З-ның өз елінде тұрақ таппай, Шығыс Иран патшасы Виштаспаның сарайында қамқорлықта болуы, міне, осының бәрі зороастризмді парсылық құбылыс деп есептеуге тиіс болды да, оның алғашқы пайда болған аймағы және оның табынушылары көшпелі малшылар болғандығы ұмыт қалды». Ұзақ уақыт бойы тарихи дәстүр З-ның Отаны Батыс Иран деп келсе, қазіргі заман ғалымдарының басым көпшілігі зороастризмнің отаны Шығыс Иран немесе Орталық Азия деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: |