Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет294/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Оспанов Сапар Иманғалиұлы (1949 – 2020  ж.ж.) - философия ғылымдарының докторы, Қазақтың Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының философия және саясаттану кафедрасының профессоры қызметін атқарды. 1972 жылы А.А. Жданов атындағы Ленинград университетін философия мамандығы бойынша бітірген. 1974-1979 жылдар аралығында КСРО FA-ның социология институтының жанындағы аспирантураны бітіріп, философия мамандығы бойынша "Әлеуметтік құрылым түсінігі (әлеуметтік қатынастарды жүйелік талдау мәселелері)" атты тақырыпта диссертация қорғады. 90-нан астам ғылыми еңбектің авторы. Солардың ішінде: «Құқық социологиясы» (Алматы, 2003). «Социология деген не?» (Алматы, 1984). «Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттін қалыптасуы және конституциялық процесс» (авторлар ұжымы, Алматы, 2001), «Жаратушы әлде Заратуштра қалай деді?» (Алматы, 2003), «Әлеуметтану» (Алматы, 2005, авторлар ұжымы), «Об объекте и предмете социологии: логико-гносеологическое осмысление» (СОЦИС, 1998). Қазақстан әлеуметтанушылары Ассоциациясының мүшесі болды.
Өзінің философиялық зерттеулерінде Сапар Оспанов қазақ дүниетанымының тарихи тамырларына ерекше мән берді. Тарихқа XV ғасырдан “қазақ” деген атпен енсе де, ол сақ мәдениетінің төл мұрагерлерінің бірі. Сондықтан халқымыздың дүниетанымы мен ойлау мәдениетінің де мың жылдардан аса тарихы бар деуге әбден болады. Халқымыздың дүниетанымының ерекшелігі оның болмыс-тұрмысынан аңғарылуы заңды, сондықтан араб-парсы мистикалық пәлсапасын қазақ халқы дәл сол күйінде қабылдап қоймай, өзінің өмір сүру тәсілінің ерекшелігіне сай қабылдаған.
Жаңа дәуірге – машиналық индустрия пайда болғанға дейін - қазақ жеріндегі ең тиімді шаруашылық формасы көшпелі мал шаруашылығы болды. Сондықтан, біздің арғы бабаларымыз мындаған жылдардың шеңберінде осы іспен айналысты. Ол, біріншіден, табиғатқа бас иіуді, оған табынуды талап етті – казақ халқы басқа да Шығыс халықтары сияқты ешқашанда табиғаттың патшасы болу, оны өз еркіне сай етіп қайта өзгерту мақсатын өз алдына қойған жоқ. Сондықтан, ежелден қазақ халқының қазіргі тілмен айтқанда экологиялық санасы биік етеді, оған тән саяси формалар – соғыс демократиясы, әрі кеткенде – алғашқы феодалдық қатынастар, дамыған феодализм қазақ жерінде ешқашанда болған жоқ, ол көшпелілік шаруашылық формасының табиғатынан шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет