Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет297/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   390
Байланысты:
treatise187525

ПАРАДОКСТАР (логика мен жиындар теориясында), (гр. paradoxos – күтпеген оқыс) – пайымдаудың логикалық дұрыстығын сақтау жағдайында жиындар теориясы мен формалды логикада туындайтын формалды- логикалық қарама-қайшылықтар. «П.» бірін-бірі теріске шығаратын (қарама- қайшы) екі пайымдау тең дәрежеде дәлеледенетін жағдайда пайда болады. П. ғыл. теория шеңберінде де, кәдуілгі пайымдауларда да болуы мүмкін (мыс., барлық қалыпты жиындардардың жиыны туралы өзінің нерадоксы туралы Рассел келтірген: перидроза («Деревня шаштаразы өз деревнясы- ның өздері қырынбайтын тұрғындарының ғана және солардың барлығы- ның сақал мұртын алады. Ол өз сақал мұртын өзі алуы тиіс пе?»). Формалды логикалық қарама-қарсылық ақиқаты анықтау және дәлелдеу құралы ретінде пайымдауды жарамсыз ететіндіктен «П.» пайда болған теорияда кез-келген сөйлемді (ақиқат сөйлемді де, жалған сөйлемді де дәлеледеуге болады) «П.» көздерін анықтау және оларды жою тәсілдерін табу міндеті пайда болады. Диалект. талдау П-дың формалды логикада пән және пән- дік сала, логика мен жиындар теориясында жиын, сынып ұғымдарына, ғылымда жаңа (абстрактілі) объектілерді қарастыруды енгізуге мүмкіндік беретін абстракция ұстанымын қолдануға, абстрактілі объектілерді анықтау тәсілдеріне және басқаларға байланысты терең диалект. және гносеол. қиындықтардың айғағы болып табылатынын көрсетеді. Сондықтан барлық П-тың нақты шешімдерін философ. ой елегінен өткізу мәселесі формалды логика мен математиканың логикалық негіздерінің маңызды методол. мәселелерінің бірі (Антиномия, Сематикалық антиномиялар).


ПАРМЕНИД – ежелгі гр. философы. (б.з.б. VІ ғ. жартысы мен V ғ. басы), элейлік (Оңтүстік Италия), Элей мектебінің басшысы (Элеаттар). П. дүниені қозғалмайтын, тұтас толтырылған шар түрінде елестетті. П.
«ақиқат ілімін» (ақиқат болмыстың бірден бір және мәңгілік екендігі және оның қозғалмайтындығы, бөлінбейтіндігі, бос жері жоқ екендігі туралы)
«пікір іліміне» (туындайтын және ауысатын, қозғалатын, бөліктерге бөлінетін, бір-бірінен бос қуыстар арқылы ажыратылатын көптеген зат- тардың өмір сүретіндігі туралы) батыл қарсы қойды. «Ақиқат ілімі» рас,
«пікір ілімі» шындыққа ұқсас қана. «Ақиқат ілімін» П. Гераклиттің және оның ізбасарларының диалектикасына саналы түрде қарсы бағыттады.
«Пікір ілімінде» П. өзінің астр., физ. және физиол. болжамдарын баяндады. П-тің аңғал материалистік «физикасы» екі бастаманы: белсенді – от, жарық және инертті қараңғыны басшылыққа алады. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау П. іліміне рационализм элементін береді, ал қозғалысты теріске шығару П-ті метафизикасының атасы етеді.

ПАСКАЛЬ Блез (1623–62) фр. философы, математигі және физигі, ықтималды теориялықтың негізін салушылардың бірі. П-дың филос. көз- қарастары қайшылықты сенімнің зердеден жоғарылығын мойындап, рацио- нализм мен скептицизм арасында толқыды. П-дің логикалық көзқарасы (индукция және дедукция, толыққанды білім және б. жайындағы ілім) Декарттың метод туралы ілімін жалғастырды, Пор-Роялдың логикасына әсер етті. П. «Шет аймаққа хатында» католиктік дінді жақтаушыларды қатты сынады. Оған қарамастан П-дің әлемдегі адам және оның шексіздікке қатынасы туралы кейбір идеялары діни экзистенциализмді негіздеуге бағытталды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет