Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет296/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   390
Байланысты:
treatise187525

қамтиды.


ӨМІР – жеке дара биол. организмдер мен олардың жиынтықтарында (популяцияларда, түрлерде, және т. б.) іске асырылады. Әрбір организм өздігінен ұйымдасатын ашық жүйе болып табылады, ол жүйеде зат алмасу, өсу, даму және көбею үдерістерінің болуы тән. Ө-дің шыққан тегі мен мәні туралы биологтар мен философтар ұсынған бірқатар тұжырымдамалар белгілі. Линней (организмдерді құдайдың бір рет жарататынын мойындады) мен Кювье («катаклизмдердің» нәтежиесінде бұрынғы Ө. формасы жойылғаннан кейін неғұрлым жетілген Ө. формалары пайда болуының қайталанып отыратын актілерін мойындады) креационизм тұрғысынан көрінеді. Аристотельдің энтелехия туралы іліміне қарай өрлей түсетін витализм өмір үдерісін материалдық емес «өмірлік күштің» (нем. Филосф. Г. Дриш), «Ө-лік шабыттың» (Бергсон) ықпалымен түсіндіруге тырысты; эмердженттік эволюция мен холизмнің өкілдері де осыған ұқсас идеялар айтты. С. Аррениус Ө. ұрығының Жерге ғарыштан әкелінуі туралы болжам айтты. К. Бэр тірі және өлі материяның ежелден қапталдаса Ө. сүріп келе жатқаны туралы туралы тұжырымдама жасады. А.И. Опарин ұсынған теорияда бастапқыда белок тәріздес кешенді коллоидтық жүйелер
– коацерваттар, ал содан соң алғашқы жанды денелер түзілген деп жора- малданды. Қазіргі ғылым деректеріне сәйкес, абиотикалық жолмен пайда болған амин қышқылдарының қосылысы нәтежиесінде де екі түрлі басқа- ратын және басқарылатын (клетканың ядролары мен цитоплазмалар) кіші жүйеден тұратын материалдық жүйе түзілген. Клетканың ядросында нуклеиндік ДНК қышқылының молекулалары болады, олардың әрқайсысы атомдардың екі тізбегінен тұрады, ал атомдар ақпараттық (генетикалық) код альфавитін құрайтын, бір-бірімен сабақтас төрт негіз арқылы байланысты, бұл негіздердің орналасу реті организм тіршілігінің барлық үдерістерінің дәйектілігін анықтайды.
П ПАРАДИГМА (гр. Paradejgm – мысалы, үлгі) – қазіргі кезеңде ғы- лыми практикада жүзеге асырылатын нақты ғыл. зерттеуді айқындайтын
теориялық және методол. алғышарттар жиынтығы. П. мәселелерді таң- даудың негізгі және зерттеу міндеттерін ашу үшін үлгі болып табылады.
«П». ұғымын амер. ғал. Т. Кун (1922 ж.т.) енгізген Кунның пайымдауынша («Ғылыми революциялардың құрылымы», 1942), П. зерттеу жұмыстарында туындаған қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді, ғыл.рев. нәтижесінде ғылымның құрылымында болып жатқан және жаңа эмперикалық дерек- тердің үндестігіне байланысты өзгерістерді байқауға жәрдемдеседі. Алайда
«П.» ұғымында ғылым дамуының дүниетанымдық және әлеум. параметр- лері жеткілікті деңгейде емес. Ғылымтану жөніндегі зерттеулерде ғыл. ойлау тұрпатындағы ұғымдар пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет