Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


; Мұхамбеталиев Қ. Логика. – Алматы, 2002



бет37/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   390
Байланысты:
treatise187525

1997; Мұхамбеталиев Қ. Логика. – Алматы, 2002.


АПОДЕЙКТИКА (грек. apodektikos – сенімді), логикада – дау- талассыз дәлелденетін, мейлінше нанымды, айқын білімді білдіретін тер- мин. Аристотель А. деп ақиқаттылығы мен жалғандығы дедуктивті тәсілі- мен тұжырымдалған дәлелдемені айтады. Аристотельше силлогизмнің өзі А-лық білім құралы. Пікір айтуда А. терминімен қатар, мағынасы тұрғы- сынан қарайлас аподиктика (қажеттілік) ұғымы кездеседі. Формальды логикада пайымдаулардың модальдылығына қарай олар проблемалық, ассерторлық және аподиктикалық болып бөлінеді. А-лық пайымдауда нәрсе мен оның қасиеті арасындағы байланыс көрсетіледі. А-лық пайымдауды білдіру үшін «қажетті», «болуы тиіс», «міндетті түрде», т. с. с. қолданылады. Кейде мындай сөздер жасырын тұруы да мүмкін. Мысалы: «су 1000 С темп- рада қайнайды».


АНТРОПОЛОГИЯ (грек. anthropos – адам, logos – ілім) – адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология терминін алғаш рет Аристотель енгізді. Антро- пология ұғымы көне грек дәуірінен бастап белгілі болғанымен орта ғасыр- дың аяғына дейін адамның физикалық құрылысын зерттейтін, ішінара адам психологиясы мен этнологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын да ғылым саласы болып келді. XIX–XVIII ғасырлардағы Франция ойшылдарының пікіріне сәйкес адамға тән құрылысын, тіршілік-әрекетін, тілін, мінез- құлқын, материалдық және рухани қазыналарын т. б. зерттеу. Қазіргі кезде мұндай көзқарасты АҚШ, көптеген Батыс Еуропа елдерінің антропологта- ры қолдайды. Ал екінші көзқарас – адамның дене құрылыс ерекшеліктерінің уақыт, кеңістік бойынша өзгерісіне ерекше мән беру. Мұны Ресей, т. б. елдердің ғалымдары қуаттайды. Қазіргі кезде антропология 3 түрлі өзекті мәселеге – адамның дене құрылыс ерекшеліктеріне, шығу тегі мен оның дамуына, этникалық құрамының қалыптасуына ерекше көңіл бөледі. Осы- ған байланысты эвалюциялық антропология, физикалық антропология, этникалық антропология болып бөлінеді.
Қазақ халқының жалпы антропологиялық типі еуропеоид және монго- лоид тектес нәсілдердің қосындысынан пайда болған деп тұжырымдалған. XX ғасырдағы Қазақстан жерінен табылған палеоантропологиялық мате-


58

риалдар қазақтардың ежелден автохтонды халық екендігін толық дәлел- деді. Ғылымда қазақтың антропологиялық типі метистік топқа жатқызылып, оған тұрандық түр (тұраноид) деген нәсілдік атау берілді. Қазақ антропологі Оразақ Смағұлұлы 60-жылдары республиканың әр өңірінен қазақтардың бас сүйегі мен қаңқа сүйектерін жинап, Санкт-Петербургтегі антропология және энтография мұражайына тапсырды. Осы жылдары қазақтардың тіс құрылыстары зерттеліп монографиялық еңбек жарияланды: (О. Смағұлов, К. Сиқымбаева «Қазақстанның этникалық одонтологиясы», 1977 ж.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет