Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


қой ма, қасқыр ма? // Әлеуметтік философия. Хрестоматия. – А., 1997



бет370/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   390
Байланысты:
treatise187525

қой ма, қасқыр ма? // Әлеуметтік философия. Хрестоматия. – А., 1997.


ФУКО М. (1926–1984) – француз философы, мәдениет тарихшысы, француз структурализмінің көрнекті өкілі. Ф-ның шығарм.-нда үш негізгі кезең айқын жіктелінген: 60-шы жылдардағы «білім археологиясы», 70-ші жылдардағы «билік тамыры (генеалогиясы)», 80-ші жылдардағы «тіршілік ету эстетикасы». «Білім археологиясына» сай кезеңде Ф. өзінің жұртқа көп танымал еңбектерін: «Клиниканың пайда болуы. Дәрігер көзқарасының археологиясы» (1963), «Сөздер мен заттар: гуманитарлық ғылымдар архео- логиясы» (1966), «Білім археологиясын» (1966) жазып шықты. Бұл кезеңдегі Ф. зерттеулерінің басты мақсаты – мәдениеттің белгілі бір салаларының, таным түрлерінің тарихи өзгермелі алғышарттарын зерттейтін өзіндік пәнді құрастыру. Аталған алғышарттар өзі қалыптасқан мәдени дәстүрдегі семиотикалық қарым-қатынас түрінің ерекшелігіне байланысты, яғни сол кезеңнің «сөздері» мен «заттарының» ара қатынасына тәуелді түрде пайда болады. Ф. «сөздер» мен «заттар» қарым-қатынасының (эпистеманы» – та- ным көкжиегінің) бірін-бірі ауыстырып отыратын үш: қайта өрлеу дәуірлік, классикалық рационалистік және қазіргі замандық түрін ажыратады. Қайта өрлеу дәуіріндегі сөз немесе тіл көп заттардың ішіндегі бір зат есебінде қарастырылды; классик. рационализм тұсында тіл адам ойын жеткізетін құрал ретінде алынды; қазіргі эпистемада тіл шындықты құрастырушы өзіндік тәуелсіз күш деп саналады. «Білім археологиясы» медицина, оның ішінде психиатрия, биология, гуманит. ғылымдардың тарихи алғышарт- тарын анықтайды. Ф-ның шығарм. жолының екінші кезеңіне «Бақылау және жазалау» (1975), «Білімге деген талпыныс» («Сексуалдылық тари- хының» 1-ші томы, 1976) еңбектері сай келеді. Бұл кезең барысында Ф.- ны билік мәселесі, белгілі бір әлеуметтік институттардың қызмет етуінің алғышарттары қызықтырады. Ф. билік – білім комплексін талдап, биліктің


503

адамның танымдық көзқарасына тигізетін әсерін көрсетеді. Ф. бойынша билік түрі нақты шындықты, таным объектісін және оны аңғару «рәсімін» құрайды. Билік – білім ара қатынасы тарихи түрлі кезеңдерде түрліше болып келеді. Қазіргі замандағы билік – білім «диспозициясы» Ағартушылық дәуірінен ХІХ ғ-ға өту шамасында қалыптасқан болатын деп түсіндіреді Ф. біздің уақытымыздағы биліктің басты ерекшелігі оның бір адам бойында жинақталмағандығы (мыс., монархиямен салыстырғанда), бір орталық танбағаны. Бұл билікке «бәрін бәрінің бақылауында ұстауы» («паноптизм»), тәріп және қатал қағидалық тән. Нәтижесінде бұл билікке индивидтерді басқарудың өзіндік стратегиясы, оларды қадағалаудың, жекешелеудің өзіндік процедурасы, жөн-жосығы сай келеді. Айтылғандардың анық айғағы ретінде түрме сынды әлеуметтік институтты алып қарастырады М. Фуко. Биліктік қарым-қатынас қоғамның өне бойын түгелімен қамтымай тұра алмайды: оны мектептен де, казармадан да, дәрігер бөлмесі мен жанұя, от басынан да көреміз. Ф-ның 1980-ші жылдардағы шығармалары – «Ләззат алу жолдары», «Өзіңе деген қамқорлық» («Сексуалдылық тарихының» 2, 3 томдары) моральдық субъектінің «еркін» іс-әрекеттерінің түрлерін және мүмкіншіліктерін қарастырады. Бұл тұста Ф. адам құмарлықтарын, тілек- талаптарын талдайды.


Шығ.: Фуко М. Слова и вещи. Археология гуманитарных наук. – М., 1977; Фуко М. Археология знания. – Киев, 1996; Фуко М. Воля к истине: По ту сторону власти и сексуальности. Работы разных лет. – М., 1996; Фуко М. История безумия в классическую эпоху. – СПб, 1998; Фуко М. Забота о себе. – Киев, 1998.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет