Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет369/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Шкловский В. О теории прозы. Л.,1925; Тынянов Ю. Поэтика. История литературы. Кино. – М., 1977; Хрестоматия по теоретическому литературоведению. Тарту, 1976.


ФРАНК С.Л. (1877–1950) – орыс діни философы және психологы. 1922 ж. эмиграцияланған. Оның философиялық жолы «заңды марксизмнен» діни идеализмге, экзистенциализм мен феноменологияға дейін созылып жатыр. Ф-тың философиясының негізгі тақырыбы – рационалды ойды діни сеніммен ұштастыру; адам және оның өмірінің мәні. Ф. мәдениет


500

мәселелерін де ықыласпен зерттеген. Сол кездегі Еуропа мәдениетінің жай- күйін талқылай келе Ф. жұбанышсыз тұжырымға келеді. Оның айтуынша ғылым мен мәдениеттің прогрессіне деген сенім түгелдей жойылды, мәдениеттің ескі құндылықтары ешкімді өзіне тартпайды. Ф. социализмді көп сынға алды.


Шығ.: Франк Л.С. Философия и жизнь. – СПбг, 1910; Франк Л.С. Душа человека. М., 1917; Медведев П.Н. Формальный метод в литературоведении.
Л., 1928.


ФРОММ Эрих (1900–1980) – неміс-американдық философ, неофрей- дизмнің («мәдени психоталдаудың») негізін қалаушылардың бірі, әлеум. философияның франкфурттық мектебінің көрнекті өкілі. Ф. қоғам да- муындағы психол. және әлеум. факторлардың өзара байланысын анықтауға талпыныс жасаған. Ф-ның қалыптасуына Г. Маркузе, Т. Адорноның әлеум. философиясының, З. Фрейдтік психоталдаудың ықпалы зор болды. Өз еңбектерінде Ф. капитализмнің марксистік тұрғыдан сыналуын экзистен- циализм, философиялық антропология және психоталдаумен ұштастыра білген. Ф-ның синтездік тәсілі, өткір тілі, анық ойы және де қоғамдағы өзекті мәселелерді орынды қоя білуі оны 60-шы жылдары бүкіл зиялылардың кумирі қылды. Оның шығармаларының атауларының өзі («Еркіндіктен безіну», «Адам деген адам», «Сау қоғам», «Үміт революциясы», «Махаббат өнері», «Иемдену әлде болу» және т. б.) Ф-ның публистикалық, саяси- этикалық бағыт-бағдарлы философиясынан хабардар етеді. Ф. барлық шығармаларын батыс өркениетінің дағдарысынан бастайды. Техникалық тұрғыдан өте қуатты, бірақ рухани кемтар күйге түскен батыс өзін-өзі жою жолында тұр дегенді айтады Ф. Ф. өз шығарм-нда үнемі ХХ ғасырдың екі ұлы тұлғалары – Маркс, Фрейдпен сұхбат жүргізіп отырады, себебі оларды рухани әлемде төңкеріс жасаған ерен ойшылдар деп таниды. Ф.-ның мәде- ниеттанушылық және антропологиялық ізденістерінің орталық нүктесі – экзистенциалдық (өмірлік) қажеттіліктер туралы ілім. Экзистенциалдық, яғни өмірлік мәні бар қажеттіліктердің бар саны – бесеу, оларға: қарым- қатынасқа түсу, трансценденциялау, тамыр жою, өзіндік лайықтылық пен бағыт-бағдар жүйесіне деген қажеттіліктер жатады. Осы аталған қажет- тіліктерді «шынайы», яғни адам табиғатына сай жолмен қамтамасыз етуге де болады және невротикалық, ауру, «жалған» әдіспен де қамтамасыз етуге болады. Адам болмысыны» «шынайы» және «жалған» деп бөлінуіне Ф. сау және ауру, биофильді және некрофильді, гуманистік және авторитарлық,
«болмыс» және «иемдену» сынды қарама-қайшылық модустарын лайық деп санайды. Нормадағы, сау өмір салтын ұстанған адам, яғни «шынайы» болмыс ақыл еркіндігін әлемге ашықтықты, басқалардың қайғысы мен қуанышына ортақтастықты, өзіне және басқаға деген сүйіспеншілікті


501

танытады. Ал «жалған» болмыс немесе невротикалық өмір салты өмірге деген шекті көзқарастарды, өзінің іс-әрекетінің шынайы себептерін көре білмеуді, соқыр сезім мен жан толқыныстарының ырқында кетуді білдіреді. Ф-ның түсінуінше, адам қажеттіліктерінің ең негізгісі – қарым-қатынасқа деген талпыныс. Бірақ шынайы қарым-қатынасқа түсу – оңай жұмыс емес, сондықтан да көпшілік шынайы қарым-қатынас орнына ресми, жасанды әрекеттерді қояды. Мыс., махаббаттың орнын секс, есірткі т. б. жабады. Ал Ф-ның айтуы бойынша ең дөрекі және патологиялық қарым-қатынас түрі



  • «садомазохизм», яғни не өктемдік көрсету арқылы, не бағыныштылық арқылы байланысқа түсу. Екінші экзистенциалдық қажеттіліктің – транс- ценденцияның көзін адам табиғатының өзінен іздеу керек, өйткені адам өзінің өмірінің мәні мен мағынасын бұл жалғаннан тысқары әлемінен, рух әлемнен, тарихтан, мәдениеттен табады. Адам ешқашан өзі өмір сүріп отырған кеңістік-уақыт аясымен шектелмейді. Ф-ның айтуынша, адамның шынайы трансценденциясы мәдени шығармашылықта ғана, яғни әлемді ақиқат, ізгілік және сұлулық тұрғысынан өзгертуде ғана жүзеге асады. Мәдени шығармашылыққа мүмкіншілік жоқ болған жағдайда адамның шығармашылық импульстері сыртқа шыға алмай қалады, сөйтіп күйрету, бұзу – вандализм, қылмыс импульсына айналады. Үшінші қажеттілік түрі

  • тамырын тереңге жаю, адамның өзін белгілі бір қауымдастықтың – отбасы, ұлт, халық өкілі деп тану қажеттілігі. Тарихи даму барысында адам қауымдастығының түрлері өзгеріп тұрады. Соған байланысты адам өзінің әлеуметтік және рухани тамырларынан айырылуды қиынсанды. Сондай жағдайларда көне архаикалық тайпалық сезімдердің өркениеттілік санасына фашизм немесе коммунизм, расизм немесе ұлтшылдық түрінде енбеуін қадағалау керек. Өзіндік идентификация сынды келесі қажеттілік адамның өзін сыртқы объектімен, басқа біреумен теңдестіруінен туындайды. О баста адамдар өзін тотеммен, өлген аруақпен, патшамен, құдаймен және т. б. теңдестірген. Идентификация процессі өмір бойы жүріп отыратын процесстердің бірі. Мыс., ғашық жан әлемге сүйіктісінің көзімен қарайды. Сау идентификация адамның өзін ұмытпауын, өзіндік Менінен айырылмауын талап етеді. Өзіңді Цезарь не Наполеонға ұқсасам деп армандап, соларға еліктеуге болады, бірақ есі түзу адам ешқашан өзін Цезарь, Наполеонмын деп танымайды. Идеалмен идентификациялау тұлғаның рухани жетілуінің бір баспалдағы болып табылады. Бесінші қажеттілік құндылық бағыт- бағдар мен табыну, пір тұту объектісіне қатысты дүниелер. Ф. оны діни қажеттілік деп те атайды. Діндердің өзін Ф. гуманистік және авторитарлық деп бөліп қарастырады. Кальвинизм, фашизм, коммунизмді Ф. авторитар- лық діндер деп біледі. Ал гуманитарлық діндерге буддизм, даосизм, Иисус ілімін, Сократ, Спинозаның этикалық көзқарастарын жатқызады. Дін деп Ф. өмірлік бағыт-бағдар беріп, табыну объектісін танытатын көзқарастар



502

жүйесін айтады. Ф-ның ұғынуы бойынша, діннің түрі мәдениет пен қоғам түрімен анықталады. Демократиялық еркін қоғамда гуманистік діни сана қалыптасып, монархиялық, деспотиялық басқару типінде авторитарлық діндерге жол ашылады. Гуманистік діндердің белгілері: өмірді шешуді талап ететін жұмбақ мәселе, Талап деп тану; өзін-өзі жетілдіруге талпыну; адамды құндылықтар жүйесінің негізі деп қарастыру; әлемге ашықтық және барлық тіршілікке қатынастылық; эгоизм, ашкөздіктен босану; еркін тану; үміт, қайсарлық, аяушылық сезімін қалыптастыру. Ендеше Ф. үшін құдай адамшылық, ізгілік символы болып табылады. Ал адамның болмыс тиянақтылығын аңсауы Құдайды, дінді қажетсінуі арқылы көрініс табады. Рухани мәдениетті синтездеу тақырыбы – Ф. Философиясының ерекшелігі. Шығ.: Фромм Э. Психоанализ и этика. – М., 1993; Фромм Э. Душа человека. М., 1992; Фромм Э. Иметь или быть. М., 1991; Фромм Э. Адам




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет