Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Новейшие течения и проблемы философии в



бет372/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Новейшие течения и проблемы философии в ФРГ. – М., 1978; Давыдов Ю.Н. Критика социально-философских воззрений франкфуртской школы. М., 1977; Социальная философия франкфуртской школы. М., 1978.


ХАЙДЕГГЕР М. (1889–1976) – неміс философы, Э. Гуссерльдің шә- кірті. 1914 ж. «Психологизмдегі пікір туралы ілім» деген диссертациясын жарыққа шығарады. Марбургта профессор болып жүріп 1927 ж. «Болмыс пен Уақыт» кітабын шығарады. Бұл шығарманың өте ықпалды болуы- ның себебі (мыс., Сартр бұдан «Болмыс пен Ештеңенің» бүкіл талдау тәсілін алса, Камю «абсурд» ұғымын алған) мұнда адамның белгілі жағдайға түсуі терең экзистенциалдық талдаудан өтеді. Бірақ сәл кейіні- рек философ Болмыс пен Уақытқа кіріспе жазып, ең басты назарды адамға емес, болмысқа аударады. Хайдеггерше, болмысты ұмыту батыс философиясының тағдырына айналған, оны осы ұмытшақтығынан құтқару керек. Осы кезден бастап, болмыс туралы ілім қалыптастыру Х. өмірлік мақсатына айналады. (Ақиқаттың мағынасы туралы, Гуманизм туралы хат,


505

1947). Х. ойы болмыс ақиқатының жалғыз жаршысы ретіндегі ақындық тілді талдауға жақын. Қатаң ойдан гөрі шабытты ойға берілгіш, декаденттік дәуірі мен атомизм заманының пайғамбары Х. қазіргі заман ойына да терең ықпал етіп, өзіне тартуда. Оның басты шығармалары қатарында Кант және метафизика мәселесі (1929), Ешқайда апармайтын жолдар, (1950), Соқпақ (1953), Метафизикаға кіріспе (1953), Ойлау дегеніміз не (1954), Философия дегеніміз не (1956), Ұқсастық пен айырма (1957), Уақыт және болмыс (1962) деген шығармаларын атауға болады. Х. үшін философия болмыс туралы ілім. Болмыс пен тірлік, болу мүмкіндігі мен нақты бар болу бір емес. Болмыс бар тіршіліктің өзгеру мүмкіндігі. Сондықтан болмыстың атойын тыңдау керек. Болмыс пен тірлік, мән мен мағына бір болмағандықтан Х. батыс философиясының классикалық философиясын сынап, деструкция ұғымын енгізеді. Деструкция дегеніміз философияның үйреншікті схемаларын бұзып, жаңаша пайымдау. Бұл тұрғыда Хайдеггерше, ежелгі грек философ- тары ақиқатқа жақын болған. Сондықтан ол осы философияның көп қағидаларын қайта жаңғыртады. Егер Декарт философиясы күмәндану бағытында дамыса, грек философиясы таңдану, таңырқау бағытында дамыған. Егер өмірді соқпақ жол деп есептесек, ол жолға аттану мен жол басына қайта оралудан тұрады. Ал жалпы, болмыстың үйі – тіл. Ойлау процессі тіл арқылы жасалады. Тілсіз ой жоқ. Тіл сөйлеу, тыңдау, ұғыну қарым-қатынасынан тұрады. Ақиқат дегеніміз aleteіa – жасырынбау. Бұл ақиқаттың грекше ұғымы. Адамзат өмірінде мән-мағынадан гөрі оқиға басым. Әр оқиға оған жаңаша, тың қатынас жасағанды талап етеді. Осы тұрғыда Х. өмірінің соңғы ширегінде шығыстық ойлау тәсіліне, мысалы, дзэн-буддизмге жақындағанын айта кеткен ләзім.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет