Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет60/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: ҚҰЭ. Т. 1. – 506 б.


АТАРАКСИЯ (грек. – άταραξία, ả − терістеу бірлігі, ταραχή − қобалжу)
– қобалжымауды, алаңсыздықты, жан тыныштығын білдіретін антикалық этикадағы термин. Демокрит, Эпикур, Лукреций дүниені тану, қорқынышты жеңу, жан дүниенің қобалжуынан аулақ болу А-ға бастайтын жол деп түсіндіреді. Скептиктер (Пиррон және т. б.) А. жағдайына пікір айтудан өзіңді шектеумен және қорқыныш пен қобалжудан құтылу арқылы жетуге болады деп санайды. Ал, стоиктер болып жатқан оқиғаларға, қуаныш пен қайғыға самарқаулықпен қарауды үйрететін апатия жайлы ілімді дамы- тады. Түптеп келгенде, антика ойшылдарының атараксия ұғымына қатыс- ты ойлары – жанның аффектіге бой алдырмауының идеалы, ойды, назар- ды сыртқы жағдайлардан ішкі күйге аудару және сезімді ақылға жеңдіру секілді ортақ түсініктерге жинақталған.


АТАТҮРІК, Ғази Мұстафа Кемал Ататүрік (1881, Селаник – 10.11.1938, Стамбул) – Түркі Республикасының негізін қалаушы, оның тұңғыш прези- денті (1923), түрік әлемінің әйгілі қайраткері. Селаниктегі әскери лицей мен әскери мектепті (1902), Стамбулдағы Бас штабтың академиясын (1905) бітірген. А. өз Отанының тәуелсіздігі мен тұтастығына, ұлттық мәдениеттің дамуы мен ана тілдің жетілу мәселесіне белсенді араласқан. Жас түріктер төңкерісіне (1908), Түркияның Италияға қарсы соғысына (1911–1912), Балқан соғысына (1912–1913) қатысып ерлік танытады. І дүниежүзілік соғыстағы қаһармандығы мен қолбасшылығына орай А-ке түменбасы (генерал) және «Мұстафа Кемал паша» деген ерекше лауазым беріледі.


86

А. жүргізген ішкі және сыртқы саясаттың принциптері «кемализм» дәстүрін құрайды. А. заманында жасалған «кемализм» идеологиясы ұзақ мерзімді алты ұлттық постулаттар жүйесінен тұрады. Олар: 1. республика- шылдық – басқарудың республикалық формасының өзгермеуі; 2. халықтық



  • «тапсыз» қоғам мүшелерінің барлығының құқығын қорғау; 3. ұлтшылдық

  • ұлттық мүддені қорғау; 4. лаицизм – мемлекеттің зайырлы болуы және мемлекетті исламнан бөліп қарау; 5. этатизм – мемлекеттің ең алдымен экономикадағы жетекші рөлі; 6. революцияшылдық – ескінің қалдығымен күрес және модернизация.

Мемлекет пен қоғамның тоқырауына жол бермейтін, ұлттың жаң- ғыруын айқындайтын бұл принциптер 1937 ж. ресми түрде Түркия Республикасының Конституциясына арнайы енгізіледі. «Кемализм» идео- логиясы Осман империясының әртекті халқынан біртұтас азаматтық ұлтты – түріктерді қалыптастыруға, ұлт лидері бастаған мемлекеттің ілгері дамуына халықтық ұмтылысты жұмылдырды. А-тің ұлтшылдық идеоло- гиясы түріктердің жалпыұлттық өзіндік сана-сезімін нығайтуға, оны ұлт-мемлекет тіркесінде қабылдап, түрік мәдени кеңістігін ұйыстыруға серпіліс енгізді. А-тің тікелей өзі жасаған «Халықты жетілдіру жоспары» түрік ұлтшылдығы мен бірлігін нығайтатын мына қағидаларды қамтыды:
1. ұлттық келісім туралы пакті; 2. ұлттық тәрбие; 3. ұлттық мәдениет;
4. тіл, тарих және мәдениет біртұтастығы; 5. түріктік өзіндік сана-сезім;
6. рухани құндылықтар. Ұлтшылдық призмасы арқылы халықшылдық ұста- нымына назар аудару, түрік жолын анықтау ұмтылысын жандандырды. Ол
«әрбір халық өзінің қоғамына сәйкес келетін талаптар мен заңдылықтар және уақыт талабына сай ішкі жағдай мен ахуал бойынша реформация жүргізетінін» атап өтті. Байырғы түрік қоғамының ерекшеліктері мен рухани мұқтаждықтарын ескере отырып, А. жаңа мемлекет құруға күш салды, Түркияда саясат, құқық, ағарту, ғылым, әскери іс, т. б. салаларда реформалар жасады. Еркектер мен әйелдердің құқықтары теңестірілді, дін мемлекеттен бөлінді, араб жазуының орнына латын әліпбиі қабылданды (1928). «Түрік тарихының басты бағыттары» еңбегінде жалпыұлттық идео- логиялық қағидалар айқындалынды. Түрік тілін араб, парсы тілдерінен енген кірме сөздерден тазартуға, бүкілтүріктік тіл ретінде оның қолдану аясын кеңейтуге ерекше назар аударды. ХХ ғ. бас кезіндегі өз жолын іздеген Түркияның стратегиялық бағыттары мен тәжірибесі Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудырады. Әлемнің ең жетекші елдерімен ықпалдасу Түркия мен Қазақстан тәжірибесіне ортақ. Бұл жол басқа елдерге үлгі бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет