Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет58/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   390
Байланысты:
treatise187525

АССОЦИАЦИЯ (лат. associatio − қосу, біріктіру, байланыстыру) − психикалық элементтер арасындағы өзара байланыс. Психикадағы бір эле- менттің, белгілі бір жағдайда онымен байланысты басқа элементтерді де туындататыны А-ны білдіреді. Адамның әліпбидегі әріптерді бірізділікпен айтуын қарапайым А-ның нәтижесі ретінде көрсетуге болады. Субъектінің объектімен өзара қатынасының нәтижесінде пайда болатын А. заттар мен құбылыстардың шынайы байланыстарын бейнелейді. А. психикалық іс-әре- кеттің қажетті шарты. А-ның пайда болуының физиологиялық негізінде – И.П. Павлов ашқан уақытша жүйке байланысының қалыптасу механизмі, яғни, ми қыртысының әртүрлі бөліктерінің арасындағы жүйке жолдарының түйі- суімен, осы бөліктердегі қозудың тұйықталуы жатыр. А. адам психикасын- дағы барлық күрделі құрылымдардың пайда болуының негізін құрайды.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.


АСТРОЛОГИЯ (грек. аctron – жұлдыз және logos – сөз, ілім) – аспан шырақтарының жердегі тіршілікке және адамға (темпераментіне, мінезіне, қылығына және болашағына) тигізетін әсері жайлы ілім. Астрологиялық болжам шырақтардың аспан сферасындағы көрінерлік қозғалысы мен олардың аспан сферасындағы өзара орналасуы бойынша (Гороскоп) анық- талады. А. ежелгі Вавилонда жұлдызға табынуға және жұлдыз аңыздарына байланысты шықты. Кейін Рим империясында (алғашқы гороскоптар б.з.б. II–І ғасырларда шықты) кеңінен таралды. Христиан діндарлары астро- логияны қабылдамады. А. IX–X ғасырларда Арабияда едәуір дәрежеде дамыды. XII ғасырларда астрология Еуропаға ауысты. Мұнда ол XVII-ші ғасырға дейін қолданылды. Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуына байланысты XVII ғасырдың ортасынынан астрология ілімі Еуропадан ығыстырыла бастады. І-дүниежүзілік соғыстан кейін, сирек кездесетін ғарыштық ерекше құбылыстармен биоғарыштық ритмдерге т. б. байланыс- ты, астрологияға қайта қызығушылық пайда болды. XX ғасырдың ортасы- нан бастап астрология бұқаралық мәдениеттің бір түріне жатқызылады.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Философиялық антропология. Мәдениет философиясы. Дін философиясы. Астана: Аударма, 2006; ҚҰЭ. Т. 1., 494 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет