Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет101/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   390
Байланысты:
treatise187525

БӨЛЕКБАЕВ САҒАДИ БАЙҰЗАҚҰЛЫ - (23.01.1946 ж.т., Алматы обл., Кербұлақ а., Беріктас а.) – философия ғылымдарының докторы (1999 ж.), профессор (2000 ж.). 1973 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің философия-экономика факультетін бітірген. Қарағанды мемлекеттік университетінде, Қазақ Мемлекеттік Университетінде, Қазақ мемлекеттік архитектура-құрылыс институтында, Қазақ мемлекеттік заң университетінде, Орталық Азия университетінде, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де ғылыми жұмыс бойынша проректор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2018 жылдан бері ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтында бас ғылыми қызметкер ретінде қызмет атқаруда. С.Б. Бөлекбаевтың ғылыми зерттеу саласы өтпелі кезеңдегі экономика мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы, халықаралық қатынастар, түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, философия тарихы, әлеуметтік философия, логика, сана мәселелерін қамтиды. 270-тен аса ғылыми еңбектің, 10-нан астам монографияның авторы. Оның еңбектері Чехия, Польша, Нидерланды, Германия, АҚШ, Қытай, Рессей, Украина елдерінде жарық көрді. Ғылым мен педагогикалық саланы қатар ұштасыра отырып, талантты ұстаз ретінде жас ғалымдардың кәсіби тұрғыдан қалыптасып, ғылыми тұрғыдан жетіле түсуіне үлкен ықпал етті. Б.-тың жетекшілігімен ондаған кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. ҚР БҒМ-нің тапсырысымен ғылыми және білім саласындағы жобаларды әзірлеумен айналысып, ғылыми-әдіснамалық және сараптамалық қолдауын да көрсетеді. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы» туындысын тәржімалауға қатысты. Ғылым мен білім саласына қосқан еңбегі үшін «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» және «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, ҚР БҒМ министрінің үш рет алғыс хатымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Негізгі еңбектері: Тюркский вклад в мировую культуру и цивилизацию. Алматы, 2016, Феномен сознания: новые подходы. Алматы, 2015, Логика. Алматы, 2010, Казахстанский путь в дилемме: Восток или Запад? Алматы, 2010.
БРАХМАНИЗМ – ежелгі Үндістанда ведашылдықтың негізінде пайда болып, оны алмастырған діни-философиялық жүйе. Ведалар дегеніміз – діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу негізінде айтылатын сөздердің, табиғаттың поэтикалық бейнелерінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Б.з.б. ІХ ғ-дан бастап Ведаларға түсіндірмелер – упанишадтар маңыздылығы арта түседі. Упанишадтарда Брахман және Атман идеялары кеңінен көрініс таба бастайды. Б.
– абсолютті шындық, мәңгі руханилық, бұл дүниеде одан тысқары ешнәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәніде осы Б-де. Атман – осының тұлғалық мойындалуы. Б-де о дүниемен салыстырғанда адам өмірінің өткінші екендігі және оның мәнсіздігі туралы идеялар басты орын алған. Адамның о дүниедегі тағдыры оның бұл дүниелік ғұмырындағы адамгершілік іс-әрекеттеріне байланысты. Ендеше бұл дүниеде күнәһар болғандар, атап айтқанда: адам өлтірушілер – жыртқыш аңдарға, ет ұрлаушылар – қаршығаға, астық ұрлаушылар – сабауқұйрық- қа, брахманды өлтірушілер – ит пен есекке, ал маскүнемдікке салынған немесе ұрлық жасаған брахманның өзі де сарыбас жыланға айналады. Брахмандарды сыйлап-құрметтеу, күншіл болмау, адамның өзін-өзі ұстай білуі, мейірімді болу және т. б. қасиеттер қоғамның әр мүшесінің өз орнын табуына мүмкіндік беретін басты шарттар болып саналды. Бұл «карма» түсінігінде түйінделген. Карма дегеніміз әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет