Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет104/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   390
Байланысты:
treatise187525

БҰҚАРАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ (ағыл. mass culture – бұқаралық мәдениет)
– ХХ ғасырда Батыс елдеріне тән мәдени тип. Б.м. ұғымында қазіргі өрке- ниетті елдерді қамтыған төмендегідей құбылыстар көрініс тапты: ақсүйек- тік (элитарлық) мәдениеттен оның бұқаралық бітіміне ауысу, бұқаралық ақпарат бұлақтарының жан-жақты дамуы, мәдени өнімдерді тұтынудың индустриал.-нарықтық түрлерінің үстемдік етуі, адамның рухани өмірін стандарттау және оны жарнама арқылы реттеу, адамдардың көңіл-күйі мен бос уақытын нарықтық мақсаттарда қолдану т. б. Б.м. адам тіршілігіндегі жалғыздық пен көпшілдік, руханилық пен пендешілік, сезім мен парасат сияқты түбегейлі парадигмаларды шешуге бағытталған. Ондағы қойылып отырған тағы бір мәселе – ұйқы мен жұмыс арасындағы бос уақытты қалай өткізу туралы. Егер постиндустриалдыққа дейінгі қоғамда тек азын- аулақ ақсүйектердің қолы бос болса, қазіргі Б.м-те бұл деңгейге халықтың көпшілігі жете алды және оны қызықты өткізуге мүмкіндіктер туды. Б.м. тағы бір ерекшелігі оның жазу мәдениетінен экрандық өркениетке өту заңдылықтарымен байланыстылығында. Интернет жүйесімен тұтасты- рылған Б.м. ұлттық мемлекеттік шектен шығып әмбебапты жалпыадамзат- тық сипатқа ие бола бастады, мәдени сұхбатты бір стильге келтіру оның қарым-қатынастық мүмкіндіктерін арттырды. Алайда Б.м. ішкі қайшы- лықтарға толы және оны барлық ұлттық мәдениеттерге үлгі ретінде ұсыну дұрыс емес. Мәдени құндылықтарды конвейерлік тәсілмен өндіру олар- дың тұлғалық шығармашылық мазмұнын кемітіп, адамдық жатсынудың жаңа формаларын қалыптастырады. Тек пайданы көздеу, ұлттық дәс- түрлі мәдениетке жат әсіре сексуалдылықты, зорлық-зомбылықты, нәсіп- құмарлықты, арсыздықты, руханисыздықты дәріптеуге әкеп соғады. Б.м. үлгілері қазақ халқының ұлттық құндылықтар сүзгісінен өтуі қажет.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия.
Алматы, 2007.


БҰҚАР жырау (1693, бұрынғы Баянауыл, Далба тауы бойында – 1787, сол жерде) – әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны
«Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне-көп Абылай хан өтінішімен, «сәуегейлік айтшы» деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтады екен. Бұлары дәлме-дәл келіп отырған. Әкесі Қалқаман батыр болған. Бұхар жыраудың өзінен Ақербіс, Жарылғап, Жанта есімді үш ұл тараған. Жарылғап ұрпақтарынан Құреке ақын, ғалым Б. Аяпбергенов және т. б. белгілі адамдар шыққан. Бұхар жырау қазақ халқының Жоңғар бас- қыншылығы тұсында елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күреске біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысынан үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес ой бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады: «Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!». Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген. Жыраудың «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал. «Садыр, қайда барасың?», «Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларма»› деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұхар жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікір- лері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытай мен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады. Соның арқасында ата жауы Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана отырып тарих сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен жырлайды.
Бұхар жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, бас- қыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, «Қилы заман» толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді: «Күнбатыстан бір дұшпан, Ақырында шығар сол тұстан. Өзі сары, көзі көк, Діндарының аты боп. Күншығысқа қарайды. Шашын алмай, тарайды, Құдайды білмес, діні жоқ, Жамандықта міні жоқ, Затсыз, тексіз бір көпір, Аузы-басы жүн кәпір, Жемқорларға жем беріп, Азды көпке теңгеріп, Ел қамын айтқан жақсыны. Сөйлетпей ұрар ұртына. Бауыздамай ішер қаныңды, Өлтірмей алар жаныңды, Қағазға жазар малыңды. Есен алар пұлыңмен, Солдат алар ұлыңнан. Күндердің күні, Абылай, Жаяулап келер жұртыңа, Жағалы шекпен кигізіп, Балды май жағар мұртыңа, Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан.» Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұл «Қилы заман» толғауының қалай туындағанын Мәшһүр Жүсіп Көпеев былайша түсіндіреді. Абылай хан бір салтанатты күнде ат үстінде Бұқардан сұраған: «Асан қайғының қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар дегені не тантық, суда жүрген шортан тауға біткен қарағайдың басына қайдан шығады. Миға қонбайт- ұғын сөз ғой» – депті. Сонда Бұқарекең қырын қарап тұрып, атының басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне арта салып, көзіне жас алып; «Әй, хан! Бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек!» деп, осы толғауды айтыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет