Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет107/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   390
Байланысты:
treatise187525

дия. – Алматы, 2007.


ВЕБЕР Альфред (1868–1958) – неміс мәдени әлеуметтанушысы және экономисі. Мәдени-әлеуметті кең мағынада алып, әлемдік тарихтың әлеум. философиясы ретінде түсіндірді. Оның көзқарастарының қалыптасуына ағасы М. Вебердің, Шпенглердің, Хайдеггер мен Ясперстің ықпалы зор болды. Шпенглер тәрізді В. әрбір адам онда өзінің орнын, дүниежүзілік тарихтың әмбебапты үлгісін жасағысы келді. Шпенглерден өзгеше ол осы үлгінің теориялық негізінде философия емес, қайта синтетикалық ілім
– әлеуметтану жату керек деді. Тарихи процесті В. ерекше бір ырғаққа бағынған көп деңгейлі қозғалыс деп қарастырады. Оның басты деңгейлері:

    1. тарихи деңгейлер деп аталатын, экономикалық және саяси құрылымдар- ды өзіне қосатын тәндік-витальдық және әлеуметтік-экономикалық бір- лестіктер; бұл нағыз әлеуметтік аспект болып табылады; 2) ғылым мен тех- никаның өзіндік дамуы қисынынан туатын рационалды-интеллектуалдық деңгей; өркениеттілік аспект; 3) діни, философиялық, ізгілік трансцен- денттік негіздерін таба алатын рухани-жандық деңгей; мәдени аспект. В. мәдениет пен өркениетті Шпенглер сияқты қарсы қоймайды. Тарихи прогресс өркениеттіліктің ғылыми-техникалық өлшемдері арқылы да, мәдени құндылықтардың ашықтылығы нәтижесінде де жүзеге асады. В. бюрократтық-әкімшілік жүйенің роботқа айналған тұлғаларының қауіп- тілігі жөнінде ескертеді. В. әлемдік мәдениеттегі номадтардың рөлін жоға- ры бағалап, олар тарих катализаторлары болды дейді.

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Мәдени- философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007.


ВЕБЕР Макс (1864–1920) – атақты неміс экономисі, әлеуметтанушы, философ, тарихшы және мәдениеттанушы. В. «идеалды типтер» теориясын қалыптастырды. Идеалды типтер – деректемелік материалдарды ұғымды түрде ретке келтіруге мүмкіндігін беретін үлгілер, схемалар, бітімдер. В. оларды өзінің нақтылы зерттеулері мен өмірлік тәжірибе қисындарын жүйелендіру мақсатында қолдана алады. Мыс., антика, феодализм, капи- тализм ұғымдары осындай үлгілерге жатады. Алайда, идеалды типтер нақтылы өмір байлығын және күрделілігін толық қамти алмайды. Сол себептен ғалым олардың шектілігін де аңғаруы керек деген пікірде. Мәдениеттану тұрғысынан В-дің екі еңбегін: «Протестанттық этика және


150

капитализм рухы» (1904–1905) және «Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы» (1905) атап өтуге болады. Бұл еңбектердің басты идеясы – әр ел- дердегі экономикалық өмір оларда қалыптасқан діни-әдептік нормаларға тікелей байланысты өтеді. В. дінді, бір жағынан мәдени жүйенің белгілерін (тұлға мен қоғамның құндылықтары, таңба мағыналары, рәміздері) бойы- на жинақтайтын әлеуметтік-мәдени институт ретінде қарастырса; екінші жағынан, дін әлеуметтік әрекетке мазмұн және мағына беретін дербес құрылымға жатады. Данилевский, Шпенглер және А. Тойнбиге тән өрке- ниеттерді биологияландырылған қарау ұстанымдарына қарсы шығып, В. жаңа ғылымды – ғылым социологиясын жасады. Оны П. Сорокин мәдениет социологиясымен теңестірді. Әлемдік тарихты экономика шешеді деген Маркстен өзгеше, В. адамдар дүниесінде тұтыну емес, ақиқат, ізгілік және әсемдік билеуі керек деді. Адамдық қауымдастықтардың мәдени тағдырына биліктің тигізетін ықпалы зор. В. 3 түрлі бағындыру тәсілі мен билікті атап өтеді: «жария» немесе рационалды тип (демократия, парламентшілдік); дәстүрлі тип (әдетте, монархия); харизматикалық тип (әдетте, диктатура мен «көсемшілдік»). В. бойынша, нақтылы әлеуметтік жағдай мен заман талаптарына сай рационалдылық, дәстүрдің және харизманың бірлігі қоғамдық өмірдің орнықтылығын қамтамасыз ете алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет