Өркениеттің негізі теориялары
Белгілі “Европаның құлдырауы” (“Закат Европы ”) жұмысының авторы Освальд Шпенглерге мәдени-тарихи ұласу идеясы жатады: әрбір мәдени организм өмірге келген соң, табиғи ұласудан өтеді, яғни гүлденеді және кедейленіп, құлдырайды, өркениет түрінде өзінің соңына жетеді. Европада үлкен биіктікке жеткен өркениет өзінің өмірлік қарқынын жоғалтып, Европаның құлдырағандығы туралы куәландырады. Шпенглер тең құнды қол жеткізген табыстары бойынша мәдениеттердің көптігі туралы ілімін дамыту кезінде мәдени антропологияны сипаттай отырып, кең этнографиялық материалға сүйенді. Шпенглердің ойынша мұндай мәдениеттердің саны сегіз: египет, үнді, вавилон, қытай, антика, византиялық-араб, батыс европалық және оңтүстік америкалық майя.
Европоцентристік негіз болатын, тарихи даму жолындағы барлық халықтар үшін универсалды тарихи даму туралы түсінікке Арнольд Тойнби қатты соққы берді. Ол үлкен факт жүзіндегі материалды ұғыну негізінде тарихи процестің мәнін түсінуге тырысады және адамзаттың әлеуметтік- ұйымдасу формаларының алуандығы туралы қорытындыға келеді. Тарихи процесс көбінесе географиялық жағдайлармен анықталады, бұл әрбір өркениеттің қайталанбас бейнесін жасайды (“аймақтық өркениеттердің”). Бірақ кез-келген өркениет тарихи дамудың барлық фазаларынан өте алмайды (“пайда болу”, “өсу”, “күйреу”, “құлдырау”, “ыдырау”), кейбірі гүлденуге жетпей, күйрейді, кейбірі өз дамуында бір фазада ұзақ уақытқа тоқтап қалады.
Н.Я. Данилевский үшін мәдениеттердің тарихи алуандығы проблемасы және оның ішкі құрамының айырмашылығы шын бастапқы жағдай ретінде болады. Оның ойынша, тарих бар, этникалық қауымдардың, оңаша, жергілікті “мәдени-тарихи” типтердің (“өркениеттердің”) тарихи тұрмысы табиғатпен және бір-бірімен әрқашан күресте болады
. П. Сорокин ХХ ғасырдағы ең ірі әлеуметтанушылар мен мәдениеттанушылардың бірі болып саналады. Ол әлеуметтік стратификация (қоғамның әлеуметтік жіктелуі) және әлеуметтік мобильділік (қоғамның жаңаруы) теориясын жасаушылардың бірі. Тарихи процесс дербес тұтастық және оның типін анықтайтын бірнеше басты алғышарттар бар. Сорокин мәдениеттердің үш типін айқындап көрсетеді:
1) сезімдік (шындықты сезіммен қабылдау басым болады);
2) идеационалды (ұтымды ойлау басым болады);
3) идеалистік (интуитивті таным басым болады);
Достарыңызбен бөлісу: |