Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет167/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   390
Байланысты:
treatise187525

ДҮНИЕГЕ ҚАТЫНАС – адамның дүниемен байланысын, өзара қарым- қатынасын білдіретін ұғым. Оның басты түрлеріне практикалық, танымдық, этикалық, эстетикалық және діни қатынастар жатады. Адамның дүниемен байланысы, қарым-қатынасы оның дүниеге көзқарасында бейнеленеді, сонымен қатар, керісінше, оның дүниеге көзқарасы, дүниетанымы оның іс-әрекетінде, мінез-құлқында, басқа адамдарға, жалпы дүниеге қарым- қатынасында көрініс табады.


ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАС, дүниетаным – тұтас дүние және ондағы адамның алатын орны туралы жалпылама түсініктердің жүйесі. Д.к-тың басты түйіні дүние мен адамның қарым-қатынасы мәселесінде жатыр. Дүние бар, сол дүние дамуының ең жоғарғы нәтижесі болып есептелетін саналы адам бар, ал бұлардың арақатынасы қандай? Ең алдымен дүние дегеніміз не? Адам дегеніміз кім? Дүние шекті ме, шексіз бе, мәңгі ме, өткінші ме? Адам қалай және қашан пайда болған? Оның өмірінің мәнісі неде? Адам дүниені танып-біле ала ма? Адамның бұл дүниедегі орны қандай? Адам нені қалайды, нені таңдайды, неге ұмтылады, нені армандайды? Ізгілік пен зұлымдық, махаббат пен жауыздық, қайырымдылық пен қайырымсыздық, бақыт пен бақытсыздық, өмір мен өлім, ақылдылық пен ақымақтық және т. б. осындай сауалдар адам баласын мазалайды, толғандырады, күйзелтеді, ойлантады, сана-сезімін серіктіреді. Міне, осындай дүние мен адам қарым- қатынасы төңірегіндегі бітпес сұрақтар тізбегі Д.к. құрамына еніп, жауап күтеді. Сондықтан ол адам санасының қажетті құрамдас бөлігі болып


224

табылады. Адам баласы пайда болғалы бұл мәселелер заманына сай әр елде, әртүрлі дәрежеде шешіліп отырады. Әр дәуірдің өзіне сай жиынтықты Д.к., дүниетанымы бар деуге әбден болады. Сонымен бірге бұл дүниетанымның жекелеген адамдар санасында қалыптасып, индивидуалды көрініс табатынын ескерген жөн. Д.к. құрылымында әртүрлі білімдер (өмірлік- практикалық, ғылыми, кәсіби және т. б.) мен құндылықтар жүйесі, іс-әрекет бағдарламалары өзара байланысында орын теуіп, адамдардың дүниені жә- не өзін-өзі мүмкіндігінше тұтас түсінуіне жағдай туғызады. Д.к-тың жалпы адамзатқа тән тарихи формаларына әпсана (миф), дін және философия жатады. Философия Д.к-тың өзегін құрайды. Белгілі бір философиялық жүйеде құрылған Д.к. сол философиялық ілімнің ұстындарына негізделеді, сондықтан ол теориялық түрде ой елегінен өткізілген, барлық бөліктерінде өзара жымдастырылған, сындарлы түрге еніп, сол көзқарасты ұстанған адамның барлық іс-қимылын, ойлау желісін, құндылықтық бағдарын, эмо- циялық реакцияларын, өмірлік ұстындарын анықтайтын болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет