Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Ж. Теория религии. – Минск, 2000. (ҚҰЭ – 3 том, 321 бет)



бет169/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Ж. Теория религии. – Минск, 2000. (ҚҰЭ – 3 том, 321 бет).
ДЮРИНГ Евгений (12.01.1833 Берлин – 21.05.1921 Новавес), неміс философы, саяси экономика және құқық және әдебиет тарихы мәселелері- мен айналысқан. 1863–1877 жж. Берлин университетінің приват-доценті. Ол ойлаудың жаңа тәсілін айқындайтын «шынайылық философиясының» өзіндік жүйесін жасауға талпыныс жасады. Бірақ оның әрекеті метафизика- лық материализм, позитивизм және кантшылдық элементтерінің қоспасы болып шықты. Ол философияны ақырғы немесе жоғарғы ақиқат тұралы априорлы ілім деп санады. Д. пікірінше дүниенің ақыры жоқ, бірақ дүние- нің уақыт бойынша бастауы бар. Дүние бастапқыда абсалютті тыныштық күйде болған. Тыныштықтан қозғалысқа өтуді Д. материяға тән әлдебір
«механикалық күш» ұғымымен түсіндіреді. Осылайша, Д. алғашқы қозғау- шы күш идеясынан бас тартуға тырысты және материяның атрибуты ретін- дегі қозғалыстың материалистік тұғырнамасынан қашқақтады. Д. уақытты кеңістік пен материядан тыс қарастырды. Д-тің социологиялық тұжы- рымдамасы идеалистік көзқарасқа негізделген. Әлеуметтік теңсіздіктің, қанау мен қайыршылықтың себебі – зорлық. Зорлық таптардан, әлеуметтік теңсіздіктен, қоғамның әлеуметтік құрылымынан тыс қарастырылды. Д. бойынша қоғамды социалистік қайта құру революциялық төңкеріс жолымен емес, Прудоның ұсақ буржуазиялық социализм негізінде ұсақ өндірушілерді біріктіру жолымен іске асуы тиіс. Ол марксизмнің саяси экономикасына, материалистік диалектикасы мен ғылыми социализм идеяларын жақтамады. Оның идеялары неміс социалист-демократтарының арасында танымал болды. Ф. Энгелъс Д-тің көзқарасын «Анти-Дюринг» шығармасында сыни тұрғыдан талдады.

ДЮРКГЕЙМ Эмиль


(1858–1917) – француз социологы, позитивист, француз социологиялық мектебінің негізін қалаушы. Бордо (1896) мен Сорбоннада (1902) социология мен педагогока пәндерінің профессоры. Қоғамдық өмірдің әр түрлі қырын жан-жақты зерттеуде үлкен еңбек сіңір- ген ғалым. Мәдениеттің қызметі жеке тұлғаның қажеттігінен туындайды деген көзқарастарға қарсы болды. Д. қоғамның алғашқы кезеңіндегі сол қоғам мүшелерінің ұжымдық бірлестікті сезінуі туралы концепциясы белгі- лі дәрежеде ғылыми қызығушылық туғызды. Ол мәдени құбылыстың объек- тивтілігін айқындай келіп, оған кіретін ұжымдық таным құрылымын төртке бөлген: біріншіден жалпы ортақ идея мен сезім (тіл, әдебиет, саяси, діни көзқарастар); екіншіден, имандылық пен адамгершілік қалыптар; үшінші- ден құқық және құқықтық сана; төртіншіден, экономикалық негіздер (ақша, салықтар, кіріс, баға, құн, экономикалық мақсаттар). Д. көзқарасы бойынша мәдени қызмет әлеуметтік қайшылықтарды жұмсартуға ықпал етуі тиіс. Оның «Социологиялық әдіс» (1899), «Қоғамдық еңбектің бөлінісі туралы» (1900), «Өзін-өзі өлтіру. Әлеуметтік этюд» атты еңбектері орыс тіліне аударылған.
ЕВГЕНИКА (грек. eugenes – асыл тұқымды) – адамның тұқым қуалау- Е шылығы және оны жақсарту жолдары туралы адам генетикасы мен меди- циналық генетиканы қолдануды пайдалануға шақыратын ілім. Е-ның әсіре
бағыттары нәсілшілдік пен «әлеуметтік дарвинизм» ағымдарының теріс идеяларын пайдалана отырып, адамдардың мәдени теңсіздігі олардың психо- физиологиялық айырмашылықтарына байланысты және адамдардың «жаңа тұқымын» шығару керек деген антигумандық қағидаларды ұстанған. Бірақ, Е-ның және оның жаңғыртылған қазіргі бағыттарында көптеген маңыз- ды адамдық мәселелер көтерілген. Неоевгениканың өкілдері (П. Рамсей, Ч. Фрэнкель, Дж. Ледерберг, Д. Рорвик, М. Эбон және т. б.) тұқымдық инже- нерияның қойған жаңа мәселелеріне назар аударады. «Жасалып жатқан адам» еңбегінде Г. Рамсей зиянды тұқымдық мутацияларға қарсы күрес қажеттігін алға қояды, сонымен бірге ол адам «фенотипін» жөндеу, жасанды пробиркалық нәресте, тұқымдық бақылау, демографиялық қысымды азайту мәселелерін гуманизм мен этика талаптарына сай шешуді қалайды. Ч. Френкель «Е. елесі» деген мақаласында биомедициналық биоэтикаға тәуелді болуын жақтап, жаңа Е-лық жобалардың адамзат құндылықтарынан алшақтамауын қолдайды. Дж. Ледерберг клондау (адамдардың жасанды баламаларын көбейту) идеясының озық жақтарына басты назар аударды. Бірақ, адамдарды генетикалық жолмен модификациялау көптеген гумани- тарлық және этикалық қиындықтармен кездесті. М. Эбон «Адамда клондау: тамаша жаңа үміт немесе жаңа үрей» еңбегінде бұл мәселеге үлкен байыппен қарауға шақырады. Жаңа Е-ның қойған көптеген мәселелері бойынша казіргі әлемдік өркениеттілікте қызу пікірталас жүріп жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет