Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Сана болмысы. Саясат пен мәдениет туралы ойлар. – Алматы, 1994



бет177/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Сана болмысы. Саясат пен мәдениет туралы ойлар. – Алматы, 1994. 1–10 томдар; Хакім Абай. Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1995. 200 б.; Абай туралы философиялық трактат. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 83 б. және т. б.
238


ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ – ХХ ғасырдың 20 жылдарында ресейлік эмигранттар арасында пайда болған тарихи-мәдени тұжырымдама және оның негізінде қалыптасқан қоғамдық-саяси ағым. Е. Ресей мәдениетінің өзіндік ерекшеліктеріне басты назар аударады. Оның басты өкілдері Л.П. Карсавин, Н.С. Трубецкой, П.Н. Савицкий, Н.А. Алексеев, Г.В. Флоровский (кейін ауытқыған) Ресей болашағының даму жолдары мен сипаты жөнінде батысшылдар және славянофильдермен пікірталас жүргізген (бағдарлама- лық жинақ: «Шығысқа ауысу. Сезімдер және жасалымдар. Е. тұжырым- дары»). Е. Ресей және орыс этносының ерекшеліктерін славянофильдерден өзгеше дәлелдеген. Бұл ерекшелік, дейді олар, орыс этносының синтети- калық табиғатымен сипатталады. Ресей Батыстан да, Шығыстан да өзгеше, айрықша өркениет типі болып табылады. Бұл еуразиялық мәдени типке, Ресей тарихы мен орыс діліне шығыс «тұрандық», негізінен татар-моңғол жаугершілігінен қалған түркі-татарлық ықпал зор болған. Е-дар азиялық мемлекеттермен тығыз қарым-қатынасты орнықтыруды жақтаған. Олар Батыс мәдениетіне еліктеуге қарсы шығып, оны «Еуропаға бас ию», «руха- нисыз интернационализм» деген. Кеңес Одағы тарағаннан кейін Е. идеясы кейбір жаңа тәуелсіз мемлекеттерде де қайтадан жанданды. Мұны бұрын- ғы тұтас өркениеттілік типке (Кеңес Одағы) тән ортақ құндылықтарды аң- сау немесе ұлтаралық келісімді тұрақты етуге бағытталған саяси идея деп бағалауға болады.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004, 267–268 бб.;
Қазақ халқының философиялық мұрасы. Мәдениет философиясы. – Астана: Аударма, 2006. Т. 19.; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007; Евразийство в ХХІ веке: проблемы и перспективы. – Алматы, 2009.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет