Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Әлемдік философиялық мұра. – Алматы: Жазушы, 2006



бет176/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Әлемдік философиялық мұра. – Алматы: Жазушы, 2006.


ЕС – өткен өмір туралы түсініктердің белгісін сақтап, керек кезінде жандандыра алатын құбылыс. Е. 5 қосындыдан тұрады: 1) естеліктерді орнықтыру 2) оларды сақтау 3) еске түсіру 4) тану 5) орынды пайдалану. Е-тің орнықтыру қабілеті бұзылса, амнезия (еске түсіре алмау) ауруына шалдықтырады. Белгілі нәрсені еске сақтау үшін біз оны түсінуіміз қажет. Тек жақсы ұғынылған нәрселер ғана Е-імізде оңай жаңғырады. Е., Е-ке сақтау сана-сезімнің басты құралының бірі.


ЕСІМ Ғарифолла. 1947 жылы Павлодар облысында дүниеге келген, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері. Өзінің шығармашылығын философияның әртүрлі саласына арнаған ғалым тұлға, мәдениет, дін, қоғам, адам, сана философиясымен айналысып келеді. Оның философия мен дін тарихына жататын дүниелерді, адам, қоғам мен сана болмысына қатысты нысандарды ғылыми талдаумен айналысқаны зиялы қауымға белгілі. Көптомдық «Сана болмысы» еңбегі және «Адамзат» атты шығармасы оқырмандар арасында кең тарап кетті. Е.- нің герменевтикалық тәсілмен байыптаған «Хакім Абай» және «Шәкәрім даналығы» атты шығармалары қазақ философиялық ойын танудағы және оны насихаттаудағы белгілі бір сапалы деңгейі болып табылады. Абай мен Шәкәрімнің терең ойлы дүниетанымына бойлау арқылы қазақтың ерекше менталитетін, болмысын айқындау зерттеушінің алдына қойған өзіндік мақсаты және ол осы мақсатқа жету барысында өзінің философиялық- этикалық пайымдаулары арқылы оқырмандарын сұхбатқа шақырады, бірге ойлануға, толғануға итермелейді. Фәлсафа тарихына үлкен мән бере отырып Е. қазақ болмысының ерекше қыры оның мұсылмандық сипаты екендігін көрсетіп береді. Қазақ Елі идеясын тұжырымдай отырып ғалым қазіргі елімізде ата-бабаларымыз ежелден армандаған «Жерұйықты» қалып- тастырудың өзіндік тиімді технологиясын қазіргі кезеңдегі жаңашылдық пен дәстүршілдіктің үйлесімді түйісуінен, өзара ықпалдасуынан және инно- вациялық ойлаудан іздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет