Академик кеңес нұрпейіс және оның отан тарихының дамуына қОСҚан үлесі



Дата21.04.2017
өлшемі112,35 Kb.
#14484
УДК: 94(574).20:929

Н.К. ДЮСЕНОВА

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті,

Қазақстан, Алматы

e-mail: nura_73@inbox.ru


АКАДЕМИК КЕҢЕС НҰРПЕЙІС ЖӘНЕ ОНЫҢ ОТАН ТАРИХЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (80 жылдығына арналады)

АННОТАЦИЯ

Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейіс – көрнекті ғалым, тарихшы, қоғам қайраткері, ҚР Ғылым академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан ғылымы мен техникасы саласына еңбегі сіңген қайраткер, халық ағарту ісінің үздігі.

Ол 500-ден аса ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің авторы, олардың ішінде 20-дан астам монографиялар, оқулықтар мен кітаптар бар. Ғалымның зерттеу еңбектері қазақ халқының 1916 жылығы ұлт-азаттық қозғалысының тарихына, 1917 жылғы екі төңкеріске, 1918-1920 жылдардағы азаматтық қарсылық көрсетулер тарихына, ұлттық мемлекет құрудағы мәселелерге, саяси қуғын-сүргін тарихына, ХХ ғасырдағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне арналған. Академик Кеңес Нұрпейіс отандық тарих ғылымының іргелі ғылыми-тәжірибелік мәселелерін зерттеді. Тарихи сана-сезім мен тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымын қалыптастыру тұжырымдамасының авторларының бірі. Зерттеушінің ғылыми ізденістері кең болды, оған Алаш қозғалысы, Алаш Орда үкіметі, ұлт-азаттық қозғалыстар, ұлттық-мемлекеттік құрылыс, Қазақстанның ХХ ғасырдағы қоғамдық-саяси өмірі, аграрлық тарих және тоталитарлық режимнің саяси қуғын-сүргіндеріне қатысты өзекті мәселелері кірді.

Алаштың қоғам қайраткері, академик өз өмірін тарих пен ғылымға арнаған, ол артынан қалдырған мұра бүкіл қазақ елінің жүрегінде мәңгі сақталады.

Түйін сөздер: Алаш қозғалысы, Алаш Орда үкіметі, ғалым, тарихшы, ғылым, қуғын-сүргін, ұлт-азаттық.

АКАДЕМИК КЕНЕС НУРПЕИС И ЕГО ВКЛАД В РАЗИТИЕ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ИСТОРИИ (посящается к 80-летию)

АННОТАЦИЯ

Кенес Нурпеисулы Нурпеис – видный ученый, историк, общественный деятель, академик академии Наук РК, обладатель Государственной премии РК, заслуженный деятель Казахстанской в сфере науки и техники, один из лучших ученых-просветителей.

Он автор более пятисот научных и научно-публицистических трудов, из них двадцати монографий, учебников и книг. Научные труды посвящены национально-освободительному движению 1916 года, двум революциям 1917 года, гражданскому противостоянию 1918-1920 гг., истории политических репрессий, общественно-политической жизни Казахстана в ХХ веке. С участием К.Н. Нурпеиса разработан ряд фундаментальных и научно-прикладных проблем отечественной истории. Будучи одним из авторов концепции формирования исторического сознания и исторической науки независимого Казахстана, ученый принимал участие в их разработке. Сфера научных интересов исследователя включала актуальные вопросы истории Алаш и Алаш-Орды, национально-освободительных движений, национально-государственного строительства, общественно-политической жизни Казахстана ХХ века, аграрной истории и политических репрессий тоталитарного режима.

Видный деятель Алаша академик посвятил всю свою жизнь истории и науке, наследие, оставленное им навсегда останется в сердце казахского народа.

Ключевые слова: движение Алаш, правительство Алаш-Орда, ученый, историк, наука, репрессии, национально-освободительный.

N.K. DYUSSENOVA



THE ACADEMICIAN KENES NURPEIS AND HIS CONTRIBUTION TO THE DEVELOPMENT OF NATIONAL HISTORY

(devoted to his 80th anniversary)
ANNOTATION

Kenes Nurpeisuly Nurpeis is the prominent scientist, the historian, the public figure, the academician of academy of Sciences of RK, the owner of the State award RK, the honored worker of the Kazakhstan science and technicians, one of the best scientists-educators.

He is an author more than five hundred scientific and public-scientific works, twenty of them are monographs, textbooks and books. His scientific works are devoted to the national liberation movement of 1916, two revolutions of 1917, civil opposition of 1918-1920, history of political repressions, social and political life of Kazakhstan in the 20th century. With K.N. Nurpeis's participation was developed a number of fundamental and scientific problems of national history. Being one of the authors of the concept of formation of historical consciousness and historical science of independent Kazakhstan, the scientist also took part in their development. The sphere of scientific interests of the researcher included topical issues of history Alash and Alash-Orda, national liberation movements, the national and state construction, political life of Kazakhstan of the XX century, agrarian history and political repressions of totalitarian regime.

The academician devoted all his life to history and science, the heritage left by him remains in heart of the Kazakh people forever.



Key words: movement Alash, government of Alash-Orda, scientist, historian, science, repressions, national liberation.
Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейіс – көрнекті ғалым, тарихшы, қоғам қайраткері, ҚР Ғылым академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан ғылымы мен техникасы саласына еңбегі сіңген қайраткер, халық ағарту ісінің үздігі. Ол 1935 жылы 15 наурызда Алматы облысындағы Кеген ауданына қарасты Саты ауылында дүниеге келді. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ды аяқтағаннан кейінгі барлық өмірі тарих пәнінен дәріс беру мен ғылымға қызмет етуге арналды. Ол осынау қасиетті ғылым ордасы - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында жарты ғасырға жуық еңбек етті.

Өзінің қызмет жолын еліміздің бетке ұстар оқу орындарында: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика университетінде сабақ беріп, ғылым және педагогика саласына кадрлар даярлау ісіне елеулі үлес қоса отырып, бірнеше жыл қатарынан «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамының басқарма Төрағасы қызметін атқарды. Ұстазымыз елімізде де, шет елдерде де кеңінен танылған.



Кеңес Нұрпейістің негізгі ғылыми еңбектері: Қазақстан - Республикам менiң (Қазақсовет мемлекетiнiң құрылуы). Алматы, 1980., История крестьянства Советского Казахстана. Алма-Ата, 1987. (Г.Ф. Дахшлейгермен бірге), Становление Советов в Казахстане (март 1917- июнь 1918 гг.). Алма-Ата, 1987., Қазақстанның шаруалар советтерi. Алматы, 1972., Алаш hәм Алаш-орда. Алматы, 1995., Досмұхамедұлы және оның өмiрi мен шығармашылығы. Алматы, 1996. (қосалқы автор). History of Kazakhstan. Алматы, 1998. (қосалқы автор). История Казахстана. Учебник для 11 класса (қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде). Алматы, 1994-2002. (бұл оқулық қазақ тілінде 6 рет, орыс тілінде 5 рет, ұйғыр тілінде 3 рет басылым көрді). Сонымен қатар 500-ден аса ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің авторы, олардың ішінде 20-дан астам монографиялар, оқулықтар мен кітаптары бар. Ғалымның зерттеу еңбектері қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының тарихына, 1917 жылғы екі төңкеріске, 1918-1920 жылдардағы азаматтық қарсылық көрсетулер тарихына, ұлттық мемлекет құрудағы мәселелерге, саяси қуғын-сүргін тарихына, ХХ ғасырдағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне арналған.

Академик Кеңес Нұрпейістің қатысуымен отандық тарих ғылымының бірқатар іргелі және ғылыми-тәжірибелік мәселелерін зерттеу жолға қойылды. Тарихи сана-сезім мен тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымын қалыптастыру тұжырымдамасының авторларының бірі ретінде ол осы идеяларды жүзеге асыру жолдарын да ұсына білді. Зерттеушінің ғылыми ізденістерінің аясы өте кең болды, оған Алаш қозғалысы, Алаш Орда үкіметі, ұлт-азаттық қозғалыстар, ұлттық-мемлекеттік құрылыс, Қазақстанның ХХ ғасырдағы қоғамдық-саяси өмірі, аграрлық тарих және тоталитарлық режимнің саяси қуғын-сүргіндеріне қатысты өзекті мәселелері кірді.

Тарихшы ғалым К. Нұрпейіс «Қазақстан ауылдарындағы қоғамдық-саяси және мәдени өмір (1917-1929 жж.)», «Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі Алаш париясының рөлі мен орны», «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихы» атты тақырыптар бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті. Сонымен қатар Алаш қозғалысы мен Алаш Орда тарихын зерттеуге белсенді араласып, қомақты үлес қосты. Ол ұлт-азаттық Алаш қозғалысы мен «Алаш Орда» автономиясын зерттеу бойынша ғылыми мектептің негізін қалады. Осы зерттеу жұмыстарының алғашқы нәтижелері негізінде қазақ тілінде жазылған «Алаш hәм Алашорда» атты монографиясы оқырман тарапынан жоғары бағланды. Бұл монография қазақтың тарих ғылымындағы Алаш қозғалысының – ХХ ғ. бірінші ширегіндегі қазақ реформаторлары қозғалысының тарихын зерттеуге арналған алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Автор ғылыми айналымға тұңғыш рет енгізіліп отырған орасан зор құжаттық материалдар негізінде ұлттық-демократиялық «Алаш» партиясының пайда болуы, оның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттері, Алаш автономиясын (қазақ мемлекеттігін) құру және Алаш Орда үкіметін ұйымдастыру, 1917-1920 жылдар аралығындағы Алаш Орданың кеңестік үкіметпен және кеңестік үкіметке қарсы күштермен арақатынасы, Алаш қозғалысының Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, М.Дулатов, А.Ермеков, Х.Досмұхамедов және т.б. белсенді мүшелерінің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі сияқты маңызды мәселелерді және Қазақ мемлекеттілігінің Алаш автономиясы түрінде қалпына келтірілуі мен 1917-1920 жылдардағы қым-қуат күрделі кезеңдегі оның қызмет ету тарихын жаңа көзқараспен зерттеді. Монографияда Алаш қозғалысының – ХХ ғ. басындағы қазақ реформаторларының тарихы, ең алдымен Қазақ мемлекеттігінің 1917 жылғы желтоқсанда өткен бүкіл қазақтардың екінші съезінде «Алаш автономиясы» деген атпен қалпына келуіндегі «Алаш» партиясының рөлі тығыз байланыста зерттелді. Бұл еңбекте 1917 жылғы жағдайда «Алаш» партиясының басты мақсаты Ресей демократиялық федеративтік республикасы құрамында қазақ халқына тиесілі барлық этникалық территориялар аумағында автономиялық Қазақ мемлекетін құру болғандығы айтылады. Сондай-ақ өз еңбектерінде 1920 жылы Ресей кеңестік федеративтік социалистік республикасы (РСФСР) құрамында Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы Алаш Орда мен Кеңес үкіметі арасындағы ымыраға келудің нәтижесі болғандығы туралы тезисті дәлелдеді. 

Кеңес Нұрпейісұлы өзінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтындағы әріптестерімен бірге Кеңес үкіметі кезеңіндегі Қазақстанда орын алған саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеумен де айналысты. Осы тақырып бойынша алғашқы жарық көрген басылымдардың бірі кезекті саяси қуғын-сүргін салдарынан Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының шешімімен 1952 жылғы 2 желтоқсанда «буржуазиялық-ұлттық идеологияны насихаттағаны, бай-феодалдық құрылысты, Қазақстанда феодалдық тәртіпті қайта орнатуды көксейтін реакционер сұлтандарды мадақтағаны» үшін және өзінің ғылыми еңбегінде «Қазақстанның Ресейге қосылуының прогрессивті мәні жөніндегі мәселені ұлттық-буржуазиялық тұрғыдан қарағаны» үшін 25 жылға бас бостандығынан айрылған, қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы Е. Бекмахановтың тағдыры жайында жазылған мақала болды. Мұндай әділетсіз үкім шығаруға олардың Е. Бекмахановтың «Казахстан в 20-40-е годы XIX века» атты монографиясын 40-жылдардың екінші жартысында Алматы және Мәскеу қалаларында бірнеше рет талқыға салып, осылайша теріс баға беруі себеп болды.

  Бұл монография соңғы рет 1948 жылы шілде айында Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография институтында ашық талқыланды және оған 20-дан астам адам қатысты. Сол талқылаудың стенограммасы сақталған және ол жазбалардан біз Е. Бекмахановтың кітабы мен оның өзін «монографиясында көрініс тапқан» осы «КСРО-дағы саяси құрылысқа деген қастық көзқарастарынан байқалатын «антисоветтік» іс-әрекеттері» деген әділетсіз айыптан тек бірнеше адам ғана қорғап сөз сөйлегенін көре аламыз.

Осы кезеңдегі саяси кампания, тұтастай алып қарайтын болсақ, ұлттық-буржуазиялық идеологияны насихаттап, кеңестік үкіметке қарсы әрекет етті деп айыпталған көрнекті қоғамтанушы ғалымдарды: Е.Бекмаханов, Е.Исмаилов, Б.Сүлейменов, Қ.Мұхаметханов, X.Жұмалиев, А.Жұбанов, С. Кенесбаев, Б.Кенжебаев, Ә.Жиреншин және басқа да ғылым мен шығармашылық саласындағы зиялы қауым өкілдерін қудалау сияқты әрекеттермен сипатталады. Осы науқан тұсындағы ерекше тұлғалардың бірі Е.Бекмаханов болды. Ол 1943 басылып шыққан «История Казахской ССР» атты еңбекті даярлауға қатысты, 1946 жылы отыз жасында КСРО ҒА Тарих институтында докторлық диссертациясын қорғады және бір жылдан соң оны «Казахстан в 20-40-е годы XIX века» деген атпен жеке монография түрінде басып шығарды.

Е. Бекмахановтың кітабының жарық көруі Қазақстан Компартиясының ОК «Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» деген Жарлығымен тұспа-тұс келді (1947 ж. 21 қаңтар). Бұл жарлық қазақ халқының рухани құндылықтарын, ең алдымен ХІХ ғасырдағы құндылықтарын, ғылыми зерттеп тануға тыйым салды, өткеннен қалған ауызекі және жазбаша мұраларымызды ғылыми саралау әрекеттерін саяси қателік және ұлттық сипаттағы бұрмалаушылық деп жариялады.

  Осы партиялық құжат ғылымды бұрыс бағытқа итермелеп қана қойған жоқ, ол жекелеген ғалымдардың тағдырына да ауыр соққы болып тиді. Көптеген қазақтың қоғамтанушы ғалымдарына «ұлтшыл» деген, ал еліміздің тағы бір топ ғалымдарына (негізінен биология ғылымдарының өкілдеріне) Ауылшаруашылық ғылымдарының бүкілодақтық академиясының (ВАСХНИЛ) «әйгілі» тамыз сессиясынан кейін Батыстың алдында бас иетін «тексіз космополиттер» деген ат тағылды. Республикада “шектен тыс интернационалистер” зиялы қауым арасынан ұлттық-буржуазиялық идеяларды ұстанатындарды іздеуге көшті.

1947 жылдың екінші жартысынан бастап Е.Бекмахановтың еңбектеріне ерекше шүйліге бастады, ең алдымен, қазақ халқының Кеңесары Қасымов басқарған ұлт-азаттық көтерілісінің тарихын зерттеуге арналған «Казахстан в 20-40-е годы XIX века» атты монографиясы сынға көп ілікті.

  Е.Бекмахановтың еңбектері бойынша өткізілген ауызша және жазбаша дискуссияларға қоғамдық ғылымдардың барлық дерлік өкілдері: тарихшылар, заңгерлер, экономистер, әдебиеттанушылар қатысты. Бұл науқанға Қазақстан компартиясының ОК аппарат қызметкерлері де дереу ат салысты.

  Жоғарыда айтылғаннан Кеңес Нұрпейісұлының өзінің басым сипаттағы іргелі және қолданбалы еңбектері арқылы еліміздің тарих ғылымының дамуына орасан зор үлес қосқандығын анық көреміз және оның мемлекетке сіңірген еңбегі үкімет тарапынан жоғары бағаланды. «Парасат» орденімен, медальдармен марапатталды, «Ғылым қайраткері» номинациясы бойынша «Алтын адам» атағын иеленді.
ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. http://www.iie.kz/pages/155.jsp

  2. История Казахстана: белые пятна. Алма-Ата, 1991.

  3. Нұрпейісов К. Алаш hәм Алашорда. Алматы, 1995.

  4. К. Нұрпейіс. Тарихи тұлғалар. Алматы, 2007.

  5. Н.К. Дүйсенова. Алаштың қилы жолдары. Алматы, 2009.

  6. Дисскуссия по книге Е.Б. Бекмаханова «Казахстан в 20-40 годы XIX века». Стенограмма. 14-19 июля 1948 г. Алматы, 2000.

REFRENCES

1.http://www.iie.kz/pages/155.jsp

2.Istorija Kazahstana: belye pjatna. Alma-Ata, 1991.

3.Nurpejіsov K. Alash ham Alashorda. Almaty, 1995.

4.K. Nurpejіs. Tarihi tulgalar. Almaty, 2007.

5.N.K. Dujsenova. Alashtyn kily zholdary. Almaty, 2009.



6.Disskussija po knige E.B. Bekmahanova «Kazahstan v 20-40 gody XIX veka». Stenogramma. 14-19 ijulja 1948 g. Almaty, 2000.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет