Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет299/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   390
Байланысты:
treatise187525

ПАССИОНАРЛЫҚ (лат. құштарлық, сезімдік) – қимыл-кәрекет, іс- әрекетті аңсаған құштарлық, жекелеген адамдарда да, топтарда да болуы мүмкін шектен тыс күш-қуатқа қабілеттілік. П. – Л. Гумилевтің этногенез («Этногенез және Жер биосферасы») теориясында негізгі термин болып табылады. Ол этностың пайда болу негізінде П. яғни ағзаның биосферадан сіңірген өте мол биохимиялық қуаты жатқан табиғи процесс деп қарасты- рады. П. тұқым қуалайтын биологиялық сапа ретінде қарастырылады; адам психикасында бейсана деңгейде болады. Пассионарлар (осы санаға келер) өздерінің бар екендігімен қалыпты ахуал жағдайды бұзады, өйткені олар кеше алмайды. Айнала қоршаған ортаға қарсыласу қажеттігі оларды біреуге және келесі әрекет жасауға мәжбүр етеді. Бұл ретте пассионарлар өз П-мен қалың көпшілікті ұйытады (психикалық тұрғыдан «жұқтырады»). Қолайлы жағдай туғанда жаңа этнос, мәдениет, өркениеттің негізіне айналатын алғашқы бірігулер осылайша пайда болады. П. көсемдер мен қаһармандар- ға ғана тән артықшылық емес, керісінше «пассионарлардың көпшілігі тобырдың, топтық нақ ішінде болады» – деп жазды өз еңбегінде Л. Гумилев.


ПЕРСОНАЛИЗМ – мәдениеттің басты құндылығы мен шындығы адам болып табылады деген түсінікті басшылыққа алатын XX ғасырдағы философиялық-мәдениеттанулық бағыт. П. тұлғаны абсолют ретінде түсі- неді. Бұл түсінік тұлғаның еркіндігі идеясына жетелейді. П. тұрғыдағы тұлға үш негізі белгімен сипатталады: экстериоризация (адамның өзін сыртқы ортада жүзеге асыруы), интероризация (адамның жан-дүниесіне үңілуі, оның рухани әлемі) және трансцеденция (сананың жоғары, құдай- лық құндылықтарға – ақиқатқа, сұлулыққа, ізгілікке бағытталуы). П-тер тұлғалық қарым-қатынасты адам өмірінің басты мақсаты деп санап, басты назарды соған аударды. П-тік қарым-қатынас (коммуникация) тұжырымы М. Шелердің этикалық іліміне және Э. Левинастың феноменологиялық этикасына жақын. Онда тұлғалық қарым-қатынастың нақты сипаты орны- ғады, себебі, әрбір индивидтің «мақсаты өзінде, сонымен қатар басқаларда да», ол Сен мен Меннің және Біздің кездесуіміз ерекше персоналистік тәжірибені – жан дүние қарым-қатынасын қалыптастырады.




ПЛАТОН (б.з.б. 428/427 – 348\347) – еж. гр. филос., Сократтың шәкірті, 30-дан астам филос. диалогтардың авторы («Софист «Парменид», «Теэтет»,
«Мемлекет» және т. б.). Сократтың, пифагоршылардың, Парменидтің және Гераклиттің ілімдерін кеңінен пайдаланды. Болмысты түсіндіру үшін заттардың денесіз формаларының өмір сүруі туралы теорияны дамытты, оларды «түрлер» немесе «идеялар» деп атап, болмысқа теңестірді. «Идея- ларға» П. материя мен кеңістікке барабар етілген болмыс еместі қарама- қарсы қойды. Сезімдік дүние, П-ша «идеялар мен «материяның» туындысы, олардың арасында, екі ортада тұрады. «Идеялар мәңгілік», «аспаннан да биік» және олар пайда болмайды, өлмейді, салыстырмалы емес, кеңістік пен уақытқа тәуелді емес. Сезімдік заттар өзгермелі, салыстырмалы, кеңістік пен уақытқа тәуелді келеді. П. космологиясында «дүние жүзілік» туралы, психологиясында – жанның біздің денеміздің қараңғы қапасында екендігі туралы және жаңаша оның түрленуі туралы өлімге баса ден қойылды. П. таным түрлерін танылатын заттардың айырмашылықтарына тәуелді түр- де ажыратты. Шын ақиқат «түрлерді» ғана анық тануға болады. Адамның өлмес жанының идеялар дүниесі туралы есіне түсірді. Осындай танымның көзі болып табылатын, бұл дүниені ол ажалды тәнге қонғанға дейін аңдиды. Сезімдік заттар мен құбылыстар туралы білім емес ықтимал «пікір» ғана болуы мүмкін. «Идеялар» мен сезімдік заттардың арасына П. пайымдық танымға түсінікті матем. объектілерді қояды. Таным әдісі – «диалектика», П.
«диалектика» деп екі жолды көрсетті, олар; ұғымдарды қортындылау саты- сымен жоғары тектеріне дейін өрлеу және ең жалпы ұғымдардан барған сайын жалпылығы кеми түсетін ұғымдарға қарай құлдырау. Бұл орайда құлдырау үдерісі сезімдік жалқы заттарға емес, тек «түрлерге» («идеяларға») ғана қатысты. Өзінің саяси көзқарастары жөнінен П. Афина ақсүйектерінің өкілі болды. Қоғам туралы ілімде мінсіз ақсүйектік мемлекетті бейнеледі, құл еңбегі осындай мемлекеттің алғы шарты болып табылды. («Заңдар»); мемлекетті «философтар» басқарады. Оны «сақшылар» яғни «жауынгерлер» қорғайды; ерікті азаматтардың осы екі деңгейінен төмен тұрғандар – «қол- өнершілер». Маркстің сөздеріне қарағанда, П-ның утопиясы Египеттің касталық құрылысын Афинада әспеттеушілер болды. Маркс сондай- ақ П-ның грек «полисінің» («мемлекет. қалалардың») құрылуындағы еңбек бөлінісінің рөлін кемеңгерлікпен түсінгенін де атап өтті. П. ілімі философияның кейінгі эволюциясында көрнекті рөл атқарды.

ПОЛИТЕИЗМ (poly – көп, theos – құдай) – көп құдайшылдық, пұт- шылдық, көптеген құдайларға табыну. П. архаикалық қоғамдарда рухтарға, пір-перілерге табыну негізінде пайда болды. П-де тылысым дүние құдай- лардың иерархиясы ретінде көрініс табады. Әрбір құдайдың жеке билігі, өз атауы, кескін-келбеті бар. Олар қоғам мен табиғаттың белгілі бір


сала-сына үстемдік етеді. Пантеонның басында жоғарғы құдай немесе бірнеше құдайлар тұрады. П. басқа халықтардың құдайларын танудан бас тартпайды. П. салтында храмдар маңына топтасқан абыздар басты рөл атқарады. Ежел- гі түркілердің, мысырлықтардың, гректердің, римдіктердің т. б. сол сияқты қазіргі Үнді мен Жапонияның діндері осындай сипатта.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет