Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет300/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   390
Байланысты:
treatise187525

ПОППЕР Карл Раймунд – ағылшын философы және социологы. Оның іліміне сай білімнің эмпирикалық және теориялық деңгейлері бір- бірімен тығыз байланыста болады. Кез-келген ғылыми білімге болжалдық сипат, қателесушілік тән. Ол ғылымда кез-келген тұжырымды теріске шы- ғаруды білдіретін «фальсификация» (жалған деп тану) ұғымын енгізеді. Ғылыми білімнің дамуы батыл гипотезаларды ұсынып және оларды жоққа шығаруды жүзеге асырудан тұрады, сол арқылы ғылыми мәселелер шешіледі. Әлеуметтік философия саласында П. марксизмді сынға алады, ол қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарын және әлеуметтік болжам мүмкіндіктерін теріске шығарады. П-дің идеалы «Ашық қоғам». «Ашық қоғам және оның жаулары» (1945) атты еңбегінде ол ашық және жабық қоғамдарды қарастырады. Ашық қоғам типіне батыс демократиясын, ал жабық қоғамға социалистік мемлекеттерді жатқызады. Соңғыларына тота- литарлық, қоғамның индивидтен жоғары тұруы, жеке жауапкерсіздік, идеялық догматизм тән. Оның пікірінше, бұл «трайбалистік», яғни өзінің құрылымы жағынан алғашқы қауымдық құрылыстық тайпалары тәрізді, өзін басқаларға қарама-қарсы қоятын қоғам. «Ашық қоғам» мүшелеріне рационалистік бағдар, әлеуметтік дамуды мақсатқа сай, саналы басқару, мемлекеттік институттарды азаматтардың қажеттілігіне сай біртіндеп қалыптастыру тән. Алайда батыс демократиясында оларды «ашық қоғам» деп санауға кедергі келтіретін кемшіліктер бар. Оның пікірінше «қоғамның өз еркі мен даму идеясы – қоғам физикалық зат сияқты белгілі бағытта, белгіленген жолмен дамиды деу таза холистік адасушылық».


ПОСТИНДУСТРИАЛДЫҚ ҚОҒАМ – экономикалық дамыған елдер- дің «индустриялықтан кейінгі» қоғам типіне өтумен сипатталатын қазіргі жағдайын білдіретін ұғым. Бұл терминді аталмыш қоғамның қызмет көрсету экономикасын қалыптастыру, ғылыми-техникалық мамандардың басым- дылығы, жаңа «интеллектуалды» техниканы жасау сияқты негізгі белгілерін қалыптастырған Д. Белл ұсынды. Қоғам бір-бірімен тығыз байланыстағы факторлардың, техниканың, әлеуметтік құрылымның, саясаттың, рухани құндылықтардың жүйесі ретінде қарастырылады. Экономиканы өндірісті тек сандық жағынан өсіруден «тұрмыс деңгейін» жақсартуға бағыттау, эко- номикалық емес әлеуметтік бағдарламалар аймағын кеңейту қажет деген пікір айтылады. Беллдің айтуынша, П. қ-да капиталисттер табы жойылады,


411

ал олардың орнын оқыған, білім деңгейі жоғары жаңа билеуші элита басады. П. қ. теориясының әртүрлі аспектілерін – А. Тофлер, Ю. Хабермас, З. Бжезинский т. б. қалыптастырды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет