Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет371/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   390
Байланысты:
treatise187525

ФУТУРОЛОГИЯ (лат. futurum – болашақ, грек. logos – білім) – адамзаттың болашағы туралы мағлұмат беретін білім саласы. Бұл терминді 1943 ж. неміс социологы О. Флехтхейм ұсынған болатын. Оның ойынша Ф. –
«болашақ философиясы». Содан бастап Ф. – болашақты болжайтын ғылым ретінде қарастырылып келеді. 60-шы жылдардағы «постиндустриалдық қоғам» теориясы (Д. Белл, Р. Арон. Б. де Жувенель) – Ф.-ның жаңа көрінісі. Әдебиет: Гвишиани Д.М., Лисичкин В.А. Прогностика. М., 1968; Бестужев-Лада И.В. социальное прогнозирование. – М., 1969; Футурология // Философский энциклопедический словарь. М., 1989; Будущее человеческого
общества. – М., 1971.
Х ХАБЕРМАС Ю. (1929 ж. туған) – неміс философы, әлеуметтанушысы, мәдениеттанушы. Х. әлемге белгілі әлеуметтанушы-философтар Хоркхаймер
мен Адорноның ізбасары ретінде, франкфурт мектебінің теориясын сыни тұрғыдан қайта қарастырған «екінші толқын» өкілі ретінде белгілі ғалым. Х. көзқарасы бойынша әлемдегі дағдарыстар мәдени-әлеуметтік сипатқа ие, сондықтан да қандай да болмасын экономикалық, саяси құбылыстың түк-


504

пірінен мәдени факторларды таба білген жөн. Қазіргі мәдени-әлеуметтік жүйеде мотивация, рационалдылық және легитимация дағдарысы бар деп ұғынған Х. әсіресе солардың соңғысы (легитимация дағдарысы) туралы көп ойланады, өйткені заңдылық және құқық – мәдениеттің маңызды бөліктері болып табылады. Ол дағдарысқа кез болған қоғамды тек рухани мәдениет, өнер тұрғысынан қайта жандандыруға болады деп есептейді. Х. ілімінің маңызды элементі – коммуникативті іс-әрекет теориясы. Х. адам іс-әрекетінің қос түрін көрсетеді: коммуникативтік және стратегиялық. Стратегиялық іс-әрекеттің мәні оның белгілі бір мақсат-мүддені көздей- тіндігінде, соған қызығушылығында. Алға қойған мақсатқа жету бары- сында адамдар бір-бірін қайткен күнде де – мейлі саналы түрде, мейлі бейсаналы күйде алдап-арбауға бейім тұрады. Стратегиялық іс-әрекет типі әлеуметтік бірлесу (интеграция) тұрғысынан алып қарағанда жат- сынуға, индивидтің ұжымға лайықтылық қасиеттерін жоғалтуына әке-леді; мәдениет саласында – мән-мағынадан айырылуға, құндылықтық бағыт- бағдардан жұрдай болуға; тұлға деңгейінде – салт-дәстүрден қол үзіп, әртүрлі психопатологиялық процесстерге душар болуға бастайды. Кері- сінше, осы айтылған зұлматтардың барлығын болдырмайтын іс-әрекет типі – коммуникация, қарым-қатынас, сұхбатқа негізделген іс-әрекет. Сұхбаттық, коммуникациялық іс-әрекет типі реттелген нормативті- құқықтық ортаны, заңға негізделген өзара қарым-қатынас әлемін, тұлғаны жетілдіретін, дамытатын рухани кеңістікті даярлайды. Шынайы бірлесудің (интеграцияның) тек қана сұхбаттық дискурсте мүмкін екендігін көрсет-кен Ю. Хабермас философиялық, жалпы, гуманитарлық ғылымдардың диалог тақырыбына бет бұруына көп ықпал етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет