Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет367/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   390
Байланысты:
treatise187525

ФИХТЕ Иоганн Готлиб (1762–1814) – Канттан кейінгі классикалық неміс философиясының өкілі. Дін мен философияны Иена мен Лейпцигте зерттеді. Иена және Берлин ун-ттерінің проф-ры Ф. сословиелік артықшы- лықты сынады, феод. бытыраңқылықты жойып Германияның бірігуін аңсады. Ол «практикалық» философияның – мораль мен мемл. құқылық құрылысты негіздеу мәселелердің мәнін атап өтті, бірақ «практиканы» тек моральдық сананың әрекеті деп санады. Ғыл. жолдармен жасалған теориялық жүйені, яғни ғылым туралы ғылымды «практикалық» филосо- фияның алғышарты деп есептеді. Ф-нің (1794) «ғылым туралы ілімінің» негізінде субъективтік идеализм теориясы жатыр. Ф. «өзіндік затттар» жөніндегі И. Кант тұжырымдамасын ескермей, танымның алуан түрлі формаларын субъектівтік-идеалистік бір бастамадан шығармақшы болды. Оның пікірінше ол бастама: дүниені жаратушы әрекет иесі қандай да бір абсолютті субъект болып табылады. Ф-нің «Мені», жеке адамның
«Мені» емес, Спиноза субстанциясын ұқсайтын субстанция да емес, адамзат санасының шексіз моральдық белсенді іс-әрекеті. Осы «Мен» деген мистикалық бастамада Ф. жеке «Менді» жасады. Жеке «мен» деп ол абсолютті емес, шектелген субъект мен жеке адамды немесе эмпирикалық
«Менді» оған қарсы тұрған эмпирикалық табиғатты түсінеді. Ф. ақиқатты тікелей пайымдау арқылы қабылдайтын ақылды, яғни «интеллект туалды интуицияны» саналы таным органы деп мойындады. Ф. үшін басты мәселе – бостандық мәселесі. Ол еркіндікті себепсіз акт емес, қажеттілікті түсінуден туған әрекет деп түсінеді.


ФЛОРЕНСКИЙ П. (1882–1937) – орыс философы. 1904 ж. Мәскеу ун- нің физико-математика ф-ін, 1908 ж. Мәскеу рухани академиясын бітірген Ф. 1911–17 жж. арасында философия тарихынан дәріс оқыды. 1917 ж-дан


498

кейін жаратылыстану, техника, өнертану салаларында жұмыс істеп жүр- ген Ф-ді 1933 ж. кеңес өкіметі негізсіз репрессиялаған болатын.Ф. өзінің филос.-шығарм. жолын Вл. Соловьев, С. Булгаков, Е. Трубецкойлардың артын ала софиологиядан бастаған. Ал орыс софиологиясының негізгі идея- сы – «жаппай тұтастық» (всеединство) идеясы. Ф-дің ойшыл ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері мынадай:платонизмді, антикалық грек руханиятын алға ұстау; өзінің діни-философиялық тезистерін нақты ғылыми дәлелдемелер арқылы толықтыру; қазіргі жаратылыстану ғылымдарының идеялары мен тәсілдерін діни дүниетаныммен ұштастыруға деген талпыныс. Ф-дің көпте- ген идеялары кейініректе символизмнің, семиотиканың қалыптасуына ық- пал етті. Ф-дің ізденістері Вяч. Иванов, А.Ф. Лосев, К. Юнг, Э. Кассирердің рәміз туралы түсініктеріне жақын. Ф. лингвистика, икона метафизикасы, өнертану, математика, эксперименталды және теоретикалық физика салала- рында ізденістің бірыңғай тәсілдемелік негізін қалыптастыруға тырысты. Сөйтіп алғашқылардың бірі болып белгілер жүйесінің ортақ теориясын дайындауға ат салысты. Мәдениет философиясында Ф. эволюционистік көзқарастардан бас тартты. Ол мәдениетті бір мезгілде бір кеңістікте орын алып отырған процесс деп түсінбейді. Әрбір мәдениеттің тек өзіне ғана тән өмір сүру ырғағы, түр өзгеріске ұшырайтын төңкеріліс кезеңдері бар деп таныды. Өз шығармаларында Ф. орта ғасырлар мен Қайта Өрлеу мәдение- тіне көп тоқталады. Ф-дің айтуы бойынша, Еуропаның ренессанстық мәде- ниеті өзінің өмір сүруін тек ХХ ғ-дың басында ғана тоқтатты. Сондықтан да қазір жаңа мәдениет типінің қалыптасу процессі жүріп жатыр дейді Ф. Ф. мәдениетті алғашқы, өз өзіне жеткілікті құндылық деп қарастырмайды, ол үшін ең жоғары құндылық – дін, діни табынушылық.Ф-дің қол асты- нан өнертану, мәдениеттану мәселелеріне арналған көптеген шығармалар, мақалалар туындады. Мыс., «Культ, религия, культура» (1917); «Троица- Сергиева Лавра в России» (1921); «Иконостас» (1924).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет