Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет364/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   390
Байланысты:
treatise187525

ФАНАТИЗМ (лат. fanatіcus – буырқанған, бұлқынған, есінен адасқан)

  • өзінің ұнатқан қалағанына, өзінің наным-сеніміне, белгілі бір идеяға деген қатты құштарлық, нық сенгендік, таза берілгендік көрсету. Ф-нің теріс жағы

  • оның басқалардың көзқарасына мән бермей, оларға төзімділік көрсете алмауы.



ФАТАЛИЗМ (лат. fatum – тағдыр, лат. fatalіs – қашып құтылмайтын)

  • антидиалектикалық дүниетанымдық тұжырымдама. Ф-ге сәйкес дүниеде орын алатын барлық құбылыстар мен процесстер алдын-ала белгіленіп қойылған, яғни әлемде тағдыр, жазмыштың бұлтартпас үкімі жүреді. Ендеше бұл әлемде бостандыққа, шығарм.-қа орын қалмайды, бәрі де қажеттіліктің үстемдігіне бағындырылған. Дүниедегі заттар мен құбылыстар, оқиғалар мен жағдайлар реті о баста, алдын-ала белгіленіп «маңдайға жазылып»



494

қойылған. Ф-нің варианттары көп, бірақ солардың бәріне ортақ нәрсе – орын алып отыратын жағдай қисыны адамға байланысты емес, ендеше оның қолында тұрған жоқ деп қарастыруылы. Теологиялық Ф. тарихтағы оқиғалар мен адам өмірінің қилы жағдайларын құдайдың құдіретімен анықталады деп түсіндіреді.




ФЕМИНИЗМ (лат. femіna – әйел, ұрғашы) – қоғамдағы әйел рөлі және құқығын кеңейту, сөйтіп оған ерлермен тепе-тең деңгейдегі жағдайлар жасауды талап ететін қоғамдық қозғалыс және рухани ағым. Ұғымды француз тіліне 1840 жылдар шамасында француз экономист-философы Шарль Фурье өз еңбектері арқылы енгізген. Бұл ұғым екі деңгейде анық- тауды қажет етеді, өйткені Ф., бір жағынан, әйелдердің өз құқық, бас бос- тандықтарын қорғау үшін бастаған қоғамдық қозғалысы, екінші жағынан, әйелдің қоғамдағы орнын анықтайтын әлеумет.-философиялық, социоло- гиялық, психологиялық, мәдениеттанулық ілімдер жиынтығы. Ф-нің тарихына көз жүгіртер болсақ, онда Ф-нің бастауында әйелдерге сайлау құқығын беруді талап еткен ХХ ғасырдың басындағы суфражизм қозға- лысының тұрғандығын көреміз. ХХ ғасырдың басында пайда болған бұл қозғалыс өз мақсаттарына жеткеннен кейін біраз уақыт Ф. мәселесі қойылмады десе де болады. Бірақ ХХ ғасырдың ортасынан бастап, әсіресе 70-ші жылдарда Ф. қозғалысының «екінші толқыны» пайда болды. Соның нәтижесінде түрлі ұйымдар мен партиялар дүниеге келді. Ф-нің бастапқы сатыларында әйелдер жыныстар теңдігін заң тұрғысынан, азаматтық мәртебе тұрғысынан қарастырса, қазірде әйелдер эмансипациясының идеологтары кең мәдени-әлеуметтік талқылаулар нәтижесінде әйелді қанау мен қорлаудың терең әлеуметтік-мәдени тамырларын ашып отыр. Ф. идеологтарының лидерлері – алдыңғы қатардағы жол бастаушылары бүкіл батыс мәдениетінің патриархалды, маскулиндік (еркектік) қасиетін анық көрсете білді. Олардың айтуынша, маскулиндік дәстүрлі мәдениетте шынайы адами қасиеттер тек еркектік ізгіліктермен теңдестіріледі де әйел баласы тек тән (нәпсімен) және оның қызметтерімен (нәпсіқұмарлық, ұрпақ жалғастырушылық) ғана танылады. Қоғамның барлық жақтарының қарама- қайшылықтары еркектіліктің (маскулиндіктің) ақылмен, парасатпен, қисынмен, мәдени шығармашылықпен, ал әйелдіктің (феминдіктің) табиғи бастамамен, иррационалдықпен, сезіммен, қирату, бұзып-жоюмен байланыстырылуынан туындайды. Соның нәтижесінде әйел мен еркектің түрлі гендерлік (жыныстық) рөлдері туралы көзқарас қалыптасады. Билік рәмізі – фаллос (еркек жынысының мүшелік ерекшелігі) қоғамдық санада орнығып, тек саяси сахна ғана емес, бүкіл мәдениетте фаллоцентристік принципке бағынады. Қазіргі Ф-де жыныстар қарым-қатынасы мәселесі биліктік қатынас түрі ретінде қарастырылады. Адамзаттың бір бөлігі ғана,


495

яғни еркектер билікті уысына жиып, мәдениет нормалары мен мән-мағы- наларын қағидалау еркіне ие болғандықтан еркектер өз бастарының мүдде- лерін бүкіл адамзат мүддесі ретінде көрсетеді. Сондықтан жыныстар тепе- теңдігін қамтамасыз ету үшін бүкіл мәдени құрылым негіздерін өзгерту керек деп түсіндіреді замандас феминистер. Ф. теориясын жасауға барынша ат салысқан ғалымдар: М. Фуко, Ю. Кристева, Ж. Бодрийар, Ж. Деррида, Ж. Делез, Ф. Гваттари, Ф. Соллерс т. б..






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет