Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет363/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   390
Байланысты:
treatise187525

ҰЛТТЫҚ РУХ – халықтың өзін-өзі тануымен айқындалатын, өс- келең арман-мұраттарымен сипатталатын, елдік тұтастық идеясымен негізделетін өміршеңдік күш-қуаты. Ұ. р. жалпы ғаламдық рух пен жеке адамдық рухтың дәнекері болғандықтан, кез келген ұлттың, мәдениеттің өкілі өзінің әлемдегі орнын өзіндік ұлттық төлсанасы арқылы бағамдауы заңды құбылыс. Сондықтан жеке адамның таным терезесі ұлттық таным тұрғысынан, әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды игеріп, рухани игіліктерге өз үлесін қосады. Қай халықтың болсын бойында өз табиғатына тән өзге де қайталанбас қасиеттері, мінезі, ділі болуы Ұ. р-пен тікелей байланысты. Көзбен көріп, қолмен ұстайтын зат болмағандықтан, Ұ. р-тың көрініс беруі ұлт өкілдерінің көркем шығарм-нан, халық даналығынан, ға- сырлар бойы сабақтастығын үзбеген рухани мұраларынан көрінеді. Әрбір ұлттың өзіне тән Ұ. р-ы бар дегенде, оның өзі жайлы дүниетанымынан, дүниеге көзқарастары мен мінез-құлқынан, мұрат-мақсатынан даму, өзгеру, кейде әлсіреу, яғни үнемі қозғалыс үстіндегі құбылыс екенін аңғарамыз. Ұлт болып ұюдың өзі этностың мекендік және мезгілдік факторларына байланысты болуымен қатар, оның табиғи, тарихи, рухани бітім-болмысы, ұлттық санасы, ділі, мінезі, мәдениеті, әлеум.-саяси мұрат-мүдделерінің қалыптасып, тұлғалануы үздіксіз процесс және Ұ. р-тың түлеп-толысып отыратын өміршеңдігінің көрінісі. Ұ. р-тың буырқана бой көрсетер тұсы бодандық бұғауына қарсылық, тәуелсіздік мұратына ұмтылыс сәті болса, сол кезеңдерде қордаланған көркем рухани мұралардың ерлікке, елдікке үндер күш-қуатының маңызы бұғаудан босанып, болашаққа бет түзеген, баянды бағдарын айқындаған ұлттар үшін де зор. Ұлттың рухани тәжіри- бесін саралап-салмақтау үшін мол мағлұмат беретін басты байлығы оның сөз өнері. «Ақын сөзіне жұрт рухының сәулесі түспей тұрмайды» деп А. Байтұрсынұлы айтқандай, Ұ. р-тың көркем образдар арқылы бедерленуі қазақ әдебиетінен көрінеді.
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» - Қазақстанның бірінші Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбегі. Мақалада қазақ халқының ежелгі заманнан бергі рухани мәдениеті мен материалдық мәдениетінің ерекше тұстары баяндалады.I. Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт. 1. Атқа міну мәдениеті. 2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия. 3. Аң стилі. 4. Алтын адам. 5. Түркі әлемінің бесігі. 6. Ұлы Жібек жолы. 7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны. II. Тарихи сананы жаңғырту. 1. Архив – 2025. 2. Ұлы даланың ұлы есімдері. 3. Түркі әлемінің генезисі. 4. Ұлы даланың ежелгі өнері және технологиялар музейі. 5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы. 6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі.
ҰЯТ – этикалық категория. Ұ. адамды қашан да жамандықтардан, әдепсіз қылықтардан тиып, сыпайылыққа, кісілікке, имандылыққа жетелей- тін білім мазмұны, моральдық норма. Ұ. моральдық нормаларға сай адам- ның іс-әрекеттерін бір жағынан шектеп, екінші жағынан белгілі істерге жетелейтін адамға ғана тән моральдық сапаның бірі. Адамның бойындағы адамгершілік, имандылық, инабаттылық, ізеттілік, кісілік, кішіпейілділік, қайырымдылық және т. б. ұяттан деп саналады. Қазақта «Құдайдан ұялмағаннан ұял, құдайдан қорықпағаннан қорық» –дейтін нақыл сөз бар. Мұхаммед пайғамбар: «Ұят – иманнан» – дейді. «Кімнің ұяты жоқ болса, соның иманы жоқ» (Абай), «Кімде-кім адамдардан ұялмаса, ол Алла тағаладан да ұялмайды» (Мың бір хадис), «Адамдар алдында ұялу – жақсы сезім, бірақ бәрінен жақсысы – өзіңнен-өзің ұялу» (Л.Н. Толстой),
«Қызара білу, ұяла білу – адам бойындағы ең тамаша адамгершілік қасиет» (Ч. Дарвин), «Ұ. кейде заңдар шектемеген нәрсені шектейді» (Сенека),
«Жақсының жаты болмас, жаманның ұяты болмас», «Ұяты бар бет әдемі» (мақалдар), «Ұ. – адамның барлық құштарлықтарының ішіндегі ең тама- шасы, махабаттың анасы» (М. Сервантес). Ф. Ницше Ұ-ты жанның қасиеті деп санайды және «жан» құпия, құпия болған жердің бәрінде Ұ. болады деп есептейді.
Ұ. адамның өзінің әлеуметтегі іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімін танытады. Ұ. – адамгершіліктің бір жемісі, сонымен қатар ар-намыстың қосшысы. Ұ-ты іс-қылық намысыңды келтіреді, арыңа тиеді. Ұ. жоқ жерде береке-бірлік жоқ, әдеп-инабаттылық жоқ. Ұ.-тың бір көрінісі – ұялу – адамның өзінің не жақын адамдарының оқыс істері мен жағымсыз қылықтарына байланысты көңіл-күйін білдіруі. Ар-ұятқа қатысты түсінік- тер – мадақтау, көтермелеу, табалау, күйініш пен сүйініш. Адам бойын- дағы адамгершілікке тән мұндай қасиет-ерекшеліктер оның әр қилы іс- әрекеттері мен өзге адамдармен қарым-қатынасынан айқын көрініп тұрады.
Ф ФАНАТ, фан (франц. fanatіgue, лат. fanatіcus) – фанатиктің қазіргі күн- делікті қарым-қатынас барысындағы жаңа атауы. Ф. қандай да бір нәрсеге
немесе белгілі бір адамға шексіз табынады, беріле сүйеді. Ф-тың түрлері көп: рок группа Ф-ы, спорт клубының Ф-ты және т. б. Бұл термин көбінде жастардың субмәдениетін қарастыру барысында кең пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет