ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ (лат. eksіstentіa – өмір сүру) – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррацио- налистік бағыт. Адамның өзіндік Менін тануы өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Э. бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік Менін түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Өзгенің бостандығына қол сұққан жағдайда бостандықтың қадірін білетін адамның ар-ожданы бас көтеруге тиісті. Қоғам егер осындай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашылық байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білуімен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді. Э. филос. бағыт ретінде ХХ ғ-да қалыптасты. Ол адамгершілік құндылықтар күнделікті тұтынушылық қажеттіліктердің тасасында қалған, техногенді, индустриалды, қатыгез қоғамға қарсылық ретінде туындады. Ғаламдық дағдарыстар мен соғыстар және төніп келе жатқан эколог. апат адамгершілік құндылықтардың құлдырауына, адамның өз қолымен жасалған бірақ, өзіне жат дүниесінде адамның өмірінің мәні мен болмысы жайлы сұрақтар неғұрлым шиеленісе түседі. Адамгершілік құндылықтарға бет бұру бұл бағыттың басты ерекшелігі. Э-ның негізгі өкілдері: М. Хайдеггер, К. Ясперс, Н.А. Бердяев, Ж.П. Сартр, Г. Марсель, А. Камю, сондай-ақ олардың идеялық қолдаушылары: Аугустин, Ф. Шеллинг, С. Кьеркегор, А. Шопенгауэр, Ф.М. Достаевский, Ф. Ницше. Э. еур. әде- биеттің, театрдың, басқа да өнер салаларының дамуына ықпал етті. Қор- қынышқа байланысты көптеген шығармалар туындап, оны жеңу, адам- гершілік құндылықтарды адам тіршілігінің баянсыздығы тұрғысынан қарастыру басты тақырыпқа айналды.
ЭКСТРЕМИЗМ (лат. extremus – ұшқарылық) – саяси және идеяло- гиялық ұшқары көзқарас пен әрекетке бейімділік. Э. – әралуан әлеум.- саяси бағыттағы радикалды партияларға, топтарға, қозғалыстарға (анархия, фашизм, коммунизм, шовинизм, діни фундаментализм, т. б.) тән ерекшелік. Э. саяси өмірдегі көрінісі қалыптасқан қоғамдық құрылымдар мен инсти- туттарды тұрақсыздандыру мен бұзуға бағытталған зорлық-зомбылық әрекеттерімен белгілі. Экстремистік әрекеттердің барлығы дерлік халық арасында тынышсыздық туындатуды, арандатуды: террористік акциялар ұйымдастыру, көпшілікті басбұзарлық, тәртіпсіздік қозғалыстарға тартуды көздейді. Э-ді туындататын факторлардың қатарында: әлеум. құрылымдар- дың күйреуі, бұқара көпшіліктің кедейленуі, экон. және әлеум. күйзеліс, мемл. билік пен оның ин-ттарының әлсіреуі, орындаушылық тәртіптің төмендеуі, бұрынғы құндылықтық жүйенің ыдырауы, т. б. жатады. Э. өз идеялогиясында демагогтық ұрандарды қолданып, дұшпанның бейнесін жасап, өшпенділікті өршітуге тырысады және адамдарға қиындықтарды тезірек шешу, тәртіп, әлеум. қамсыздандыру жайлы уәделер береді. Ол үшін еркін ойды басып-жаншып, өздерінің құндылықтық, саяси, идеолог. жүйелерін тезірек орнату керек деп сендіруге тырысады. Экстремистік топ мүшелерінің сана сезімі, қоршаған ортаны қабылдауы, құндылықтық жүйесі, әлемнің санадағы бейнесі өзгерісті күйге түседі. Ұйым мүшелері өздерін қоғамға жат сезініп, ескі қоғамдық құрылымды күрт өзгертіп, ол үшін көтеріліс, төңкеріс, террор сияқты әдістерді қолдануға тырысады. Э. идеология мен практикада жаңа мінсіз қоғам құру туралы идеясымен жастарды, қоғамның неғұрлым белсенді мүшелерін экстремистік әрекет- терге тартуға тырысуымен қауіпті.
Достарыңызбен бөлісу: |