Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет387/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   390
Байланысты:
treatise187525

ЭПИСТЕМА (грек. epіstemos – білім) – нақты тарихи кезеңдегі білім шеңберін белгілейтін тәжірибеден бұрын ерілген тарихи өзгермелі құры- лымдар. Э. ұғымы М.Фуконың «Сөздер мен заттар. Инсаният ғылым- дарының археологиясы» төмендегідей жіктелген: Қайта өрлеу (XVІ ғ.), классикалық рационализм (XVІІ–XVІІІ ғ.), қазіргі Э. (XІX–XX ғ.). Бұл жіктеудің негізі – сөз бен зат арасындағы қарым-қатынас немесе тілдің мәдениеттегі маңызы. Қайта Өрлеу кезеңі үшін сөз бен зат арасында сәйкестік тән, яғни, тіл зат арасындағы зат, классикалык рационализмде тіл ой әйгілеудің құралы, қазіргі кезде тіл өзара дербес күш. Фуконы әртүрлі әңгімелеу рәсімдерінің мүмкіндік аясы қызықтырады. Ол сана мен мәдениеттің түрлі дәрежелік жүйесінде әйгіленетін құрылымдар мен тәуелділіктерді қалтықсыз қағазға түсіруге тырысады. Таным ақылға сиымды құндылықтар мен дербес қалыптардан тыс қарастырылады. Зерттелуге тиісті нәрсе өрлеу, өңделу барысындағы танымның тарихы емес, оның мүмкіндік кеңістігінің тарихы. Фуконың пікірінше зерттеудің нәтижесінде «тәжірибелік танымның алуан түрлі нұсқасын келтірген білім кеңістігінде пайда болатын кескіндер әйгіленуге тиіс. Мәселе дәстүрлі ұғымдағы тарихтан гөрі археология ұғымына жақындау». Э. мен парадигма белгілі дәрежедегі ұқсастық пен айырмашылық бар. Бұл екеуі де белгілі кезеңнің құрылымдық ерекшелігіне мегзейді. Бірақ егер парадигма ғылымдар арасындағы тәртіп негізіне сүйенсе, Э. танымдық ұстанымның мәдени-тарихи шекарасын ашып береді.


ЭПОС (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) – 1) әдебиеттің тегі. Э-тың жанрлары:аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, роман-эпопея; 2) ауыз әдебиетіндегі генеол.-эпикалық жанрлар: батырлық, қаhармандық,тарихи жырлар, қисса-дастандар. Э-та оқиға баяндау тәсілімен беріледі
және бүкіл бір кезең, дәуір кеңінен қамтылып,эпикалық тыныста жан-жақты суреттеледі. Әлемдік Э-тың үздік үлгілері – «Илиада», «Одиссея»,
«Махабхарата», «Манас», жазба әдебиетіндегі ірі Э-тық шығармалар, Л. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік», М. Әуезовтің «Абай жолы» т. б. Эпостық жырдың көлемі өте ауқымды болады. «Манас» жыры сияқты бел- гілі каһарманның өміріне құрылып, кейін оның арғы тегі, тарихын, оқиға- ларды тізбектеп, циклдік жүйемен ұзақ баяндалуы мүмкін. «Қырымның қырық батыры» деген қазақ жырын алсақ, онда тұтас бір дәуірдің ұрпақ ауысу арқылы жырланғанын көреміз. Сонымен қатар эпостық жырда қиял-ғажайып ертегіге ұқсас құбылыстар кездеседі: батырлар суға салса батпайды, отқа түссе күймейді. Батырдың аты да, қаруы да, әйелі де киелі. Әсіресе, батырдың аты мен әйелі оның ақылы мен икемділігінің бейнесі іспетті.


ЭТИКА (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. «Э.» термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының («Никомах этикасы», «Евдем этикасы»,
«Үлкен этика») атауына кірген. Аристотель Э. жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Э-ның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Э. – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Э-лық ой- толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан- жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана- философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Э. ұғымы жайлы Д.Юмның «Адамның табиғаты» туралы трактатында жан- жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Э. ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.


ЭТНОС – этникалық қауымдастық. Э. термин ретінде б.з.б. VI–V ғ-ларда Грекияда қалыптасып, алғашқыда «тайпа, шығу тегі грек емес халық» деген мағына берді және ХVІІІ ғ-ға дейін ғыл. айналымға ене қойған жоқ. XIX ғ-дағы ғыл. әдебиеттерде ол «халық» мағынасында пайдаланылды. Э. түсінігінің ғыл. анықтамасын неміс этнологы А. Бастиан, орыс ғалымы С.М. Широкогоров жасауға ұмтылды. XX ғ-дың 60-жылдарына дейін кеңестік ғылымда этнология дербес ғылым статусын иемденбегендіктен Э. термині мүлде қолданылған жоқ. Кейіннен 1960–70 ж. кеңестік зерттеушілер С.А. Токарев, Ю.В. Бромлей, Л.Н. Гумилев, т. б. тарапынан Э-тың ғыл. мән- мағынасы мен қолданыстағы орны нақтыланды. Қазіргі таңда Э-қа өзіндік жалпы белгілері мен ерекше мәдениеті, психологиясы, тілі, сонымен қатар өз қауымы мен атауын сезінетін белгілі бір аумақта тарихи тұрғыдан қалыптасқан адамдардың тұрақты био-әлеум. қауымдастығы ретінде баға берілген.


ЮМ Дэвид (26.04.1711, Эдинбург, Шотландия, – 25.08.1776, сонда) – Ю ағылшын философы, тарихшы, экономист, публицист. Ю. жаңаеуропалық агностицизмнің негізгі принциптерін жүйелеп, позитивизмнің бастауында
тұрды. 1739–40 ж. «Адам табиғаты жайлы трактатын» жариялады. Отанында Ю. «Эссе» (1741) атты қоғамдық-саяси, моральдық-эстетик. және экон. тақырыпқа арналған еңбегімен, ал, Францияда «Діннің негізгі тарихы» шығармасымен кеңінен танылды. Психик. детерминизм тұрғысынан ерік- жігер бостандығын жоққа шығарып, Беркли дамытқан субстанция сынын қолдана отырып, рухани субстанция ұғымын сынады. Социологияға байланысты пікірлерінде Ю. «билік құдайдан» деген ежелден келе жатқан идеяға да, мемлекеттің шығуына байланысты өз заманындағы басқа пікірлерге де қарсы болды. Ю-нің пікірінше қоғам отбасылардың ұлғайып өсуімен пайда болған саяси билік немесе халық бағынып үйренген «әскери билік». Оның заңдылығын билікте ұзақ уақыт тұруымен және жеке меншікті қорғай білуімен анықтауға болады. Ю-ның позитивистік идеяларының ықпалымен ХІХ–ХХ ғ-ларда эмприокритицизм, неопозитивизм, лингвист. философия сияқты позитивистік ілімдер дамыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет