Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007



бет45/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007.


АПОРЕТИКА (грек. Άπορία – апориялар) – Аристотель мен Ф. Брентано еңбектерінде кездеседі. Мәңгілік сауалдардың жауабын табу іздейтін философиялық ойлаудың ерекшелігін көрсету үшін Н. Гартманның таным метафизикасында қолданған негізгі ұғымдарының бірі. Философия тари- хын жүйелердің ауысуы деп санайтын түсіндірмелерге қарсы Гартман философия тарихынан сан қилы метафизикалық концепцияларда әртүрлі мағынада тұжырымдалатын, бірақ, ешқашан да өзінің түбегейлі нақты шешімін таппай келе жатқан субстанция, еркіндік, мүмкіндік пен шындық және т. б. осы секілді шешілмейтін философиялық мәселелердің тұрақты түрде қарастырылып келе жатқанына назар аударады. Гартман А-ны феноменологиялық әдіске альтернатива ретінде ұсынады. Тарихи-ғылыми


65

зерттеулерде А. әдісін эволюция теориясына қатысты бес апорияны (эво- люция және тұрақтылық, эволюция және эпигенез, эволюция және рево- люция, эволюция және эманация, эволюция және инволюция), генді түсі- нуде әртүрлі апорияларды анықтаған орыс биологы А.А. Любищев кең қолданған.


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.


АПОРИЯ (грекше aporia – тығырық) – көне грек философиясында шешімі қиын немесе шешілмейтін мәселелерге байланысты қолданылған ұғым, бақылау және тәжірибе арқылы алынған қорытындылар мен сол қорытындыларды ойша талдап көрудің арасында туатын қайшылықтарды білдіреді. А. көне грек философы Зенонның (б.з.б. V – ғ.) тұжырымдарымен байланыстырылады, бірақ оның өзі бұл терминді қолданбаған. Зенонның ең белгілі А-лары – «Дихотомия», «Жебе», «Ахилл және тасбақа». Ол белгілі бір нәрсенің немесе заттың өлшемі туралы ұғымдар қайшылықты деп пайымдайды. Өз пікірін дәлелдеу үшін Зенон бірнеше дәлелдер ұсынады. Оның пікірінше, мөлшер мен өлшем ұғымының қайшылықтылығына байланысты бір заттың көп болуы мүмкін емес: өйткені, бір затты екіге бөлу үшін үшінші нәрсе керек. Егер бір нәрсені көп деп түсінсек, оны шексіз мөлшерде көп деп тануға тура келеді. Себебі, ол қаншаға бөлсең де, бөліне береді. «Дихотомия» (екіге бөлу) апориясында қозғалушы дене белгілі бір қашықтықты жүріп өту үшін әуелі оның жартысын, ал осы жартыны өту үшін оның жарты бөлігін, сонан соң оның жартысын жүріп өтуі керек. Осылайша, шексіздікке дейін жалғаса береді, яғни қозғалушы дене қозғалысты бастамауы да мүмкін. А. екінші бір түрі бойынша: қозғалыс өзінің қозғалыс мәнінде тұрғанда тоқтауы, кідіруі мүмкін емес.
«Ахилл және тасбақа» апориясы: желаяқ Ахилл тасбақаны қуып жете алмайды, себебі тасбақаға дейінгі қашықтықты жүріп өткенше, тасбақа өзінің орнын ауыстырып, белгілі бір қашықтыққа жылжып кетеді. Ахилл осы қашықтықты игергенше тасбақа тағы да алға жылжи береді, осылайша жалғаса береді. Зенонның осы аталған және тағы басқа апориялары қоз- ғалысты математикалық өрнектеудің және бұл процесте қолданылатын ұғымдардың қайшылықты екенін көрсетті. Ол қайшылықтар бірлігін түсіне алмағанымен, қозғалыстың қайшылықты екенін дұрыс байқады. Зенонның А-лары антикалық математиканың, логиканың және диалектиканың да- муына жол ашты. Ол кеңістік, жеке мен жалпы, бүтін мен бөлшек, қозғалыс пен тыныштық ұғымдарындағы қайшылықтарды көрсетіп, олардың шеші- мін іздеуге негіз салды. «А.» ұғымы философиялық мәнге Платонның және Аристотельдің философиясында ие болды. Аристотель оған «қарама- қарсы тұжырымдар теңдігі» деген анықтама береді. Әйгілі неміс философы И. Канттың антиномиялары осы А-ға ұқсас .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет