Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


ФЕНОМЕН 1923 жылы Ахмет Байтұрсыновтың елу жылдығында



Pdf көрінісі
бет103/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

ФЕНОМЕН
1923 жылы Ахмет Байтұрсыновтың елу жылдығында
 
жасаған 
баяндамасын Мұхтар Әуезов былай бастаған:
 
«Қазақ жұртының өткен 
күндеріне көз салғанда, оқыған
 
азаматтарының артынан ерген күндері 
аз да болса мағыналырақ,
 
тәуір күндердің бірі деп саналады. Сол оқыған 
азаматтың тұңғышы, алғашқы шыққан көсемі болған Ахаң ...» 
Бұл не деген сөз? Ақынша айтқанда, «мың өліп, мың тірілген» қазақ 
халқының ғасырлар бойғы тағдыр-талайының, тұрмыс-тіршілігінің 
ішінен Әуезов осы
 
ғасырдың басындағы он-он бес жылын ғана бөліп 
алып, ең мағыналы кезең деп отыр. 
Неге?! Heгe десеңіз, бұл он-он бес жыл Қазақ деген халықтың қадым 
заманнан бері өзін басып қалған тылсым ұйқыдан оянып, жарық дүниеге 
көзін ашып, жүздеген жыл отаршылар тепкісінде төңбекшіп жатқанын 
түйсініп, «қазақ» деген сөздің ұйқасы ылғи ғана «азап» немесе «мазақ» 
деген сөздер емес екенін түсініп, өзін-өзі ел мағынасында тануға 
ұмтылып, намысы мен арын тудай желбірете жаздаған тұсы болатын.
Бұл ғажайып құбылыс тек қана саусақпен санарлық, ат төбеліндей 
шағын ғана қазақ оқығандарының зиялыларының арқасы еді. Ал елін 
артынан ерткен қазақ зиялыларының «тұңғышы, алғашқы шыққан көсемі 
– Ахаң» болғанда, оның туған, арман қуған аяулы айналасы, қасиетті 
қоршауы, ішінде де «еменге иір біткен бұтақтай» қадау-қадау қайтпас, 
қайсар, тұрлаулы тұлғалары Әлихан Бөкейханов, Mipжақып Дулатов, 
Мұстафа Шоқаев ... десек, осылар қатарында Досмұхамедұлы Халел 
тұрады.
Осынау жарық жұлдыздар шоғыры секілді бес алыптың әрқайсысы 
тек халқым деп туған, халқым деп қана өмір
 
сүрген, тумысынан, тіпті, 
сәби кезінен-ақ бесікте тербелген еркелер емес, ел-жұртын рухани бесікте 
өздері тербету үшін жаралған серкелер екенін солардың әрқайсысының 
атынан Міржақып Дулатов дәл айтқан:
«Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан, шаруаңа жараса, Алаш!»
Ғажап емес пе?! 
Барлық саналы өмірін, тіпті бүкіл ғұмырын «жар ты жаңқасы 
қалғанша» ұлт мүддесіне арнаған осы бес арыс: Арқада Ахаң мен Жахаң, 
Шығыста Әлихан, Түстікте Мұстафа, Батыста Халел – шын мәнінде 
халқымыздың Ояну дәуірі туғызған алыптар еді.
Әр халықтың ояну дәуірі тарих сахнасына әр тұста, әр жағдайда 


162
келетіні мәлім. Мәселен, Италияның «Ояну дәуірі» бізден бес жүз 
жыл бұрын XV ғасырдан басталады. Ояну дегеніңіз әр ұлттың рухани 
ренессансы болып табылады. «Ояну дәуірін» Ф.Энгельс ел-жұрт 
«алыптарға зәру болған дәуір және өздерінің ой қуаты, құштарлығы мен 
мінезі, жан-жақтылығы мен оқымыстылығы жөнінен сол алыптарды 
туғызған дәуір» деп сипаттаған. Рас-ақ. «Ояну дәуірі» әлгі айтқан бір ғана 
Италияның өзінде данышпан суретші Леонардо да Винчиді, кемеңгер 
ақын Торквато Тассоны, дана философ Джордано Бруноны, ұлы физик 
Галилео Галилейді туғызған дәуір.
Сондай-ақ, әлгі айтқанымыздай, дені дұрыс өркениетті елдерден бес 
ғасыр кейін туып, бесігі тербеле бастағанда жөргегінде тұншықтырылған 
біздің Ояну дәуіріміздің алып тұлғаларының бірі һәм бірегейі Халел 
десек, осы Халел кім еді?!
Халел Досмұхамедұлы 1883 жылы Атырау облысының Қызылқоға 
ауданында, осы атыраптың адамдары:
«Тайсойған, Ойыл, Бүйрек, жайлаған жер,
Қаңтарып Қаракөкті байлаған жер.
Көзіме от-жалындай басыласың,
Құрбыммен құлын-тайдай ойнаған жер», – 
деп әнге қосатын әйгілі Тайсойған құмында туған.
Халел Досмұхамедұлының ғұмырнамасы әуел бастан-ақ ақыл-
ойдың алыбы болуға бағыт алған ақ жол, сәт сапар секілді. Бүгінде құм 
жұтқан Қызылқоға кезінде базары тарқамаған көп
 
көшелі қала болған. 
Қызылқоға маңында күні кеше үш қызыл үй – Қаракөлдің, Қарабаудың 
және Кермеқастың қызыл үйлері болған. Осылардың біріндегі гимназия 
типтес жергілікті орыс-қазақ мектебінде қаршадайынан оқып, білім 
алған Халел, одан соң Текеге барып, реалдық училищені үздік бітіреді. 
Одан әрі ол кезде жүз мыңның бірінің ғана қолы әрең-әрең жететін Санкт-
Петербургтегі әскери медицина академиясында 6 жыл (1903-1909) оқып, 
оны алтын медальмен бітіріп шығады.
Еңбек сапары да нұсқалы, құс жолындай жосыла сайрап жатыр: 
әуелі (1909) Пермь губерниясында, содан соң, Оралдағы 2-казак-
орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігер, 1913 жылы әскери 
қызметтен біржола босап, Темір уезінде бөлімше дәрігері... Одан әрі 
халық қамын жеп, еңіреген ердің жансебіл әрекеті, қимыл-қарекеті: 
алдымен адамдардың тән азығы, денсаулығы үшін күрес – обамен 
алысу, бейдауа көкірек ауруымен арпалыс, содан соң қазақтардың жан 
азығы – оқу-ағарту, тарихи этнографиялық һәм әдеби-мәдени дамуы 
үшін, олардың өркені өскен елдер қатарына қосылуы – шын мәніндегі 
цивилизациясы үшін күрес... Қолдап істеген қол еңбегін ойлап 


163
істейтін ой еңбегіне көшіру: «Қазақ» газетінің 1914 жылғы 60, 62, 63-
ші нөмірлерінде жарияланған «Жұқпалы аурулар» деген мақаласынан 
бастап, 1925 жылғы «Оқушылардың саулығын сақтау» бағдарламасына 
дейін, одан 1927 жылы Қызылорда-Мәскеуде жеке кітап боп шыққан 
«Адамның тән тіршілігі» атты трактатына келіп тоғысатын, жай дәрігер 
емес, шын мәніндегі оқымысты доктордың ерен еңбектері...
Бұл тұста ол күллі Қазақ сахарасы таныған санаткер, сөйлесе шешен, 
ойласа көсем қайраткер еді. Ендігі қимыл-әрекеттері ел үшін, Қазақ 
елінің еркіндігі, азаттығы, бодандығы емес, бостандығы үшін күрес: 
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда арнайы шақырумен Орынборға барып, 
Бүкіл қазақ-қырғыз съезіне қатысады да, Алашорда өкіметін құрысады. 
1918 жылы Мәскеуге барып, Ленин мен Сталиннің қабылдауында 
болады. Екеуімен терезесін тең ұстап, ұзақ сөйлеседі: елінің егемендігін 
Түркістан автономиясының кезек күттірмес зәру мәселелерін ақылдасып, 
дұрыстап шешіп алмақ еді, бұл үміт ақталмайды. 
Халағаң бірақ қайыспайды: терең білімін, биік мәдениетін, кең 
көлемді мақсат-мүддесін туған елінің игілігіне жұмсап, үркердей қазақ 
зиялыларының санатында елін, Мұхаң айтқандай, «соңынан ертіп», алға 
бастай береді. Осы жолда 1920 жылдан былай қарай Ташкентте халық 
ағарту институтында ұстаз, оған қоса Азия университеті дәрігерлік 
факультетінің ауруханасында ординатор, 1923 жылы Түркістан 
республикасы ғылыми кеңесінің төрағасы, мемлекеттік ғылыми 
баспаның бөлім меңгерушісі...
Феномен – бұл ерекше құбылыс, біртуар творчестволық тұлғаның 
қайталанбас кескін-келбеті, болмыс-бітімі. Х.Досмұхамедұлының ендігі 
өмірі осының куәсі. Мамандығы – дәрігер, ал керемет кең құлашына 
– адамдық, азаматтық, ғалымдық, ағартушы-ұстаздық, ойшылдық, 
қаламгерлік, онда да тіпті ақындық ауқымына қараңыз. 1924 жылы Ресей 
академиясының Орталық өлкетану бюросына корреспондент-мүше, 
Қазақ пединститутында прорек тор (1926), 1929 жылы педуниверситеттің 
проректоры, 1927 жылдан доцент, 1929 жылы профессор. Халел 
Досмұхамедұлы енді «өлеңді жырға аударып» дегендей, қолындағы 
скальпелін бірауық қаламға ауыстырып, өзінің сара да дана, сардар 
достары – Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, 
Мұхтар Әуезовтермен бірге қазақтардың парасат әлеміне маңып-
парлап, самғай ұшып кете барады. Бесеуі бес оқулық жазады. Лингвист 
А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш», дәрігер Х.Досмұхамедұлы 
«Табиғаттану», жазушы М.Әуезов «Әдебиет тарихы», ал қалған екеуінікі 
тіпті қызық: ақын М.Жұмабаев «Педагогика», әдебиетші Ж.Аймауытов 
«Психология» оқулықтарын жазып, бастырады. Мұндай сегіз қырлылық 
соңына елін ерткен қазақ зиялыларының айта қалғандай әмбебаптығы, 
асқан таланты еді.
 
Міне, Халағаң осындай оқымыстылар санатынан 
болатын.


164
Осындай қайталанбас қабілет пен талант арқасында Ха лел 
Досмұхамедұлы және басқа нағыз зиялылар халқымыздың Ояну дәуірін 
бастап, Қазақ елінің егемендігі жолында жанқиярлық еңбек етіп, ерен 
ерліктер жасады. Азат Қазақ мемлекетінің XX ғасырдың аяғындағы 
қазіргі тағдырын сол кездің өзінде XX ғасырдың басында армандап, алға 
адымдады.
Ал елдің, егемендігі мен ұлт азаттығының негіздеріне негіз боп 
қаланатын сол ұлттың ана тілі мен әдебиеті екенін кеуделеріне күллі 
діріл-имандай ұялатқан ұлы санаткерлер өздері шыққан парасат биігінен 
тағы бір саты жоғарылап, жаппай тіл мен әдебиет проблемаларын 
мәңгілік күн тәртібіне қойды. Халел Досмұхамедұлының бұл тұрғыдағы 
тұлғалылығын көріп-біліп, тауып-танысаңыз... О, бұл тіпті ғажап 
Ғалымның ғұламалығы осы салада тағы да асқақтап көрінеді.
Бір емес, он академия бітіріп, он жерден ғалым болсын, қайтейік, 
сайып келгенде Х. Досмұхамедұлының бар мамандығы бір ғана медицина 
емес пе?!
Жоқ, енді осы медигіңіз өзінің ана тіліндегі сингар монизм туралы 
тамаша зерттеу еңбегін жазады. Бұл қазақ тілінің Конституциясы яки 
негізгі Заңы туралы зерттеу. Қазақ, ел болам десең тілінді сақта! деген 
өсиет осы еңбектің әр қайырымынан таң самалындай тап-таза леппен 
есіп тұр.
Аксиома: ұлтты құрту керек болса, оның ана тілін құрту керек. Ал, 
біздің ана тіліміз бүгінде біздің мемлекет тіліне айналса да, тағдыры әлі 
талқыда екенін бәріміз білеміз. Демек, Халел Досмүхамедұлының бізге 
өсиет етіп қалдырған «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңының» 
маңызы бұл күндерде де қаз-қалпында тұрған зерделі зерттеу екенін 
түсінген үстіне түсіне түсу үшін оны талдап жатпай-ақ, күні кеше 
арамыздан кетіп бара жатып, дәл осы тақырыпта жазып қалдырған аса 
талантты ақынымыз Caғи Жиенбаевтың «Ана тілім» деген өлеңін оқысақ 
деймін:
«Ардағым-ай, бағың да ашылмады-ау,
Ашылмады-ау, дауың да басылмады-ау...
«Жырынды құрт!» дегенді естіп едік,
«Тіліңді құрт!» дегені – басынғаны-ау.
Кім ойлаған болар деп бұлай заман,
Тұнығыңды қай кәпір, ылайлаған?
Ел додаға түскенін көріп едік,
Сен додаға түсер деп кім ойлаған?!
Ақ сүт беріп өсірген балаң – анау.
Арқа сүйер ақсақал данаң – анау...
Шыңыраудың түбінен аласұрып,


165
Шырылдаған даусына қарамады-ау. 
Киелім-ай, қаратты-ау сені жерге
Байлап қойып талатты-ау бөрілерге.
Қамшы үйіріп басыңа қарақшылар.
Қорықпады тіріден, өліден де.
Аяқ асты...
Тапталып жер болдың-ау,
Арсыздардың тапқаны – сен болдың-ау.
Түн ұйқыңды төрт бөліп әлдилеген,
Қайран «Бесік жырым-ай»!
Қор болдың-ау.
Қой аузынан шөп алмай жүрген ел ек,
Ірісің деп ешкімді күндемеп ек...
Сонда сенің әніңді кім тындайды,
Сонда менің өлеңім кімге керек?!
Қанатым жоқ,
Мен қалай шыңға қонам?
Кімге шағам мұңымды,
Кімге барам?
Жер құрыса,
Сен бар деп алаңдаушы ем,
Сен құрысаң,
Мен кімге тұлға болам?!
Сені ойласам –
Зәрлі уға толады ішім,
Тұғырыңа қайта кеп қонамысың?!
Жапырағың сарғайып жаз айында,
Қазан ұрмай, қар жаумай соламысың?
Қанатыңды қайтадан қағасың ба,
Жанарымнан жас болып тамасың ба?..
Ақ мандайың жарқырап болашаққа,
Қазақ деген атты алып барасың ба?!
Енесінен айрылған құлыншақтай,
Айдалада аңырап қаласың ба?!».
Біздің ана тіліміз туралы мұндай ғажайып өлең бұған дейін жазылған 
жоқ. Қайталанбас Халел ғұламаның дәстүрін қайталанбас Сағи ақын 
осылай жалғастырады десек, Халағаңның «Сингармонизмін» талдамай-
ақ түсінеміз.
Данышпан Халел Досмұхамедұлы мұнымен тынбайды: туған 
халқының даналығын тек оның өзіне ғана емес, өзге жұрттарға да анық 
таныту үшін, енді орыс тілінде «Казах ская народная литература и ее 


166
содержание» (Қазақ халық әдебиеті) деген кітап жазып бастырады. 
Сөз өнері тура лы тек осы кітабынан басқа еш нәрсе жазбаса да дәрігер 
Досмұхамедұлы аса білгір әдебиет зерттеушісі ретінде тарихта қалған 
болар еді. Өйткені бұл кітап – қазақ әдебиетінің тегі (генезисі), қайнар 
көзі жайында Халекең «ашқан Америка». Мұның эпостан хиссаға дейін 
жіпке тізілген 46 түрлі жанрлық классификациясының өзі мәңгілік 
маңызын жоймайтын, құнын кемітпейтін әдеби-эстетикалық қисын. Ал, 
ғұлама ғалым мұнымен де тынбай ды: «Аламан» деген жинақ, «Исатай-
Махамбет» деген тағы бір кітап бастырып шығарады. Соңғы кітапқа 
алғысөз әрі кіріспе ретінде жазған «Тайманұлы Исатайдың қозғалысы 
турасында қысқаша мағлұмат» дейтін қысқа емес, ұзын зерттеуі – әдеби-
шығармашылық еңбектерінің шыңы. Бұл кітап Махамбет жырлары мен 
Ығылман Шөрековтің атақты «Исатай-Махамбет» дастанының тұңғыш 
басылымы ғана емес, Махамбеттанудың басы болып табылады. Демек, 
қазақ әдебиеттануының арналы бір ғылыми саласын қалыптастырған 
тағы да Халел Досмұхамедұлы деуіміз шарт!..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет