172
ол – образ. Ал «образ – эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі
нақты әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті»
44
. Образ жасау
– тек таланттыға ғана тән әрекет. Ал «талантты жазушының әр образы –
тип», – дейді Белинский. Демек, біз тип туралы толғаймыз.
Жазушының өмірдегі ұсақ-түйек, кездейсоқ жайлардан аулақ биік
талғамы арқылы жинақтау және даралау әрекетінен әдеби бейне туады.
Әдеби бейненің
өмірдегі модельдерін өзгерте, құбылта, құлпырта
келгенде суреткердің шығармасындағы әр кейіпкердің болмыс-бітімінде
бір адамның емес, бір алуан адамның сыр-сипаты жатады. Сонда бұл
белгілі бір әлеуметтік ортадағы бір топ адамның өкілі ретінде танылады.
Типтендіру проблемасы секілді типтің өзі де тым кесек һәм күрделі
нәрсе. Неге десеңіз, мінез, бітім, әрекет, ұғым, рух, парасат жағынан
байыптап қарасақ, нағыз суреткердің қолынан туған әрбір әдеби тип әбден
жинақталған, сондықтан өзі секілділердің бәріне ұқсайтын жалпы тұлға,
әрі әбден дараланған, сондықтан өзінен өзге
ешкімге ұқсамайтын жалқы
тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында «жалпы» мен «жалқының»
бірлігі жатыр. Оның көркем образ ретіндегі кесектігі де, күрделілігі де
осында.
М.Әуезовтің «Абай жолында» ондаған, жүздеген кейіпкер бар, көбі
– тип. Мысалға бір ғана Құнанбайды алып байқайық, бұл кім? Аса
күрделі бейне: әбден дараланған, бүкіл ішкі-тысқы бітімі өзінен өзге
ешкімге ұқсамайды. Мінезі де, ақыл-парасаты да ерекше, іс-әрекеті
де бірегей, бөлек. Бұл ретте Құнанбай – жалқы тұлға. Сонымен қатар,
ол
әбден жинақталған, бір Құнанбайда сол дәуірде өмір кешкен күллі
Құнанбайлардың бәріне ортақ мінез, бітім әрекет бар. Бұл ретте Құнанбай
– жалпы тұлға, бүтін бір әлеуметтік ортаның әр қилы өзгешеліктерінің
жиынтығы. С.Мұқановтың «Ботакөзіндегі» Амантай мен Асқар,
Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлкесіндегі» Игілік пен Жұман, Ғ.Мұстафиннің
«Қарағандысындағы» Мейрам мен Әлібек, Х.Есенжановтың «Ақ
Жайығындағы» Хакім мен Құныскерей... Тағы кім керек?.. Осылардың
әрқайсысы, әлгі айтқанымыздай, әрі бір адам, әрі бірнеше адамның
жиынтығы.
Дәл осы арада А.Толстойдың «суреткер жекелеген Иван мен Сидорды
ғана ұғып қоймай, миллиондаған ивандар
мен сидорлардан солардың
бәріне ортақ бір кісі – тип туғызуы қажет» дегенін ескерсек, әдеби
типтің байыбына бара түсер едік. Мұндай пікірді бір А.Толстой емес,
«толстойлардың» бәрі айтқан: Доде өзі жасаған Лабассендрдің «кез
келген кафеден он данасын» кездестіруге болатынын айтса, Флобер
«менің бейшара Бобариім дәл осы сәтте француздың жиырма селосында
қатарынан зар шегіп, жылап отырған-ды» деген; Мольер «менің
44
Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. М.: Просвещение, 1971. стр. 60.
173
Тартюфім әшейін бір мырза Тартюф қана емес, бүкіл адам баласының
барлық тартюфтерінің қосындысы»
деген болса, Черны шевский өзінің
«Не істеу керек?» романында «жаңа ұрпақтың өзіне жүздеп кездесетін
кәдімгі кісі секілді кісілерінің» қасиеттерінен құрап бір бейне жасағысы
келгенін айтқан; ал Горькийдің, типке қояр талабы осылардың бәріне
түйін, тұжырым секілді: «Егер сіздің суреттеп көрсеткіңіз келгені
дүкенші болса, бір дүкеншіде отыз дүкенші жатсын; поп болса, бір
поп отыз поптан құралсын: мұныңызды Херсондағылар оқыса, Херсон
попын, Арзамастағылар оқыса, Арзамас попын көретін болсын».
Типтік образ
жасаудың осы шарттарының бәрі, түптеп келгенде,
көркем әдебиетте ақиқат шындықтың ең негізгі зандылықтарын көрсету
үшін керек. Мәселен, әдебиетгегі бір байдың образы өмірдегі бірнеше
байдың, бір кедейдің образы бірнеше кедейдің ең елеулі ерекшеліктерінен
құралады да, тип болады. Сол арқылы ақиқат шындықтағы байлар
ортасы мен кедейлер ортасындағы тіршілік-тағдыр заңдылықтары
танытылмақ. Итбай мен Игілік, Амантай мен Дәркембай солай жасалған.
Әйтпесе, дәл осындай адамдар ақиқат өмірдің өзінде дәл осынау сом
тұлға, мықты мінез қалпында болды деп ұғу қате. Әрине, осыларға бір
жағы болмаса бір жағынан ұқсайтын итбайлар мен игіліктер, амантайлар
мен дәркембайлар болды, бірақ олардың бәрі мыналардан әлдеқайда
шағын, қораш, ұсақ, күйкі болатын. Ал әдебиеттегі әлгі бір үлкен Итбай
өмірдегі
ұсақ итбайларды, Игілік игіліктерді, Амантай амантайларды,
Дәркембай дәркембайларды түгел қамтып, тұтастыра көрсететін биік
шоқы – қарауылтөбе іспетті. Типтендіру бір адам арқылы өмірдегі мың
адамды бір-ақ қамтып көрсетеді. Адам бар жерде мінез бар. Өмірдегі
алуан түрлі мінездің әдебиетте жинақталған біртұтас типі бар. Өмірге
қарап өнерді бағаласақ, өнерге қарап өмірге де «үкім» айтамыз: зымиян
болса Құнанбай, сараң болса Қарабай, аңқау болса Мырқымбай, жалқау
болса Судырахмет дейміз. Өмір мен өнердің бұлайша астасуы, өнердің
өмірге айналуы – ұлы құбылыс. Бұл құбылыс сөз өнерінде тек типтендіру
тәсілімен, нәтижесінде нағыз тип арқылы ғана болмақ.
Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қарап отырып белгілі бір
уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізгі, шешуші тенденциясын
байқауға болады. Айталық, қазақ қоғамының өткен ғасырдағы ұнамды
қасиеттерінің бір алуанын М.Әуезов
Абай тұлғасына шоғырлап,
тұтастыра танытқан, осындай парасат өкілдерінің XX ғасырдың бас
жағындағы жаңа дәуірдегі жаңа қасиеттерін С.Мұқанов Асқар образы
арқылы көрсетті. Одан бергі, тіпті өз дәуіріміздегі типтерге бақсақ,
Ғ.Мұстафиннің Мейрамы – адамдардың бейбіт құрылыс кезіндегі
қалаулы ерекшеліктерінен
тұтастырылған тұлға болса, Ғ.Мүсіреповтің
Қайрошы – адам рухының соғыс жылдарындағы бір лап еткен айрықша
көрінісі секілді.
174
V
Көркем әдебиеттегі жинақтау типке әкелсе, даралау мінезге әкеледі
дедік. Образ осылай туады. Мұның өзі, шын мәніндегі өнер адамы үшін
әрі әдемі, қызық әрекет те, әрі «инемен құдық қазғандай» қиын әрекет.
Суреткерлік шеберлік те осы әрекет үстінде көрінбек.
Әлемге әйгілі «Марсельезаның» ғажайып музыкасын француз
армиясының әншейін бір қатардағы капитаны Руже де Лиль бір түн ішінде
(түн ортасы ауа бастап, таң білінгенше) жазып бітірген. Бірақ ол қалған
өмірінде осыдан өзге ештеңе жазып жарытпапты. Талант атаулының
бәрін осынау Марсель топырағында туған марқасқа музыкант секілді
«бір түндік данышпан» деуге болмайды. Әсіресе қаламгер еңбегі шетсіз
де шексіз: сөз өнеріне тұңғыш ден қою сәтінен соңғы демі таусылғанға
дейін, оның барлық ғұмырының өн бойында толассыз созылып жатпақ.
Жазушының ғұмыр бойғы әрекеті – жазушылық шеберлік жолындағы
әрекет. Шеберлік тағы да шексіз. Шығарма жазу нағыз шебер үшін
шеберленген сайын қиындай береді.
Тағы бір тәсіл –
Достарыңызбен бөлісу: