Абаймен сырласу



Дата06.02.2022
өлшемі14,55 Kb.
#79492
Байланысты:
Абай өлеңдерімен сырласу
1559798630, 31 сабақ Шыңғыс Айтматов – халық жазушысы

Абаймен сырласу
Қазақ халқының ұлы ақыны, ұлтымыздың рухани мақтанышы, қазақ әдебиеті тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. Бүгінде қазақтың дара тұлғасына айналған, біртуар азаматы Абай атамыздың өлеңдерімен сырласпақпын.

  1. Өзіңіздің ең қызық, қайталанбас жастық шағыңыз есіңізде ме?

Махаббат, қызық, мал мен бақ
Көрінуші еді досқа ортақ.
Үміт жақын, көңіл ақ,
Болар ма сондай қызық шақ?
Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар?
Ақырын, ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау құрғырлар!


  1. Қиындығы мен қуанышы қатар жүретін бұл өмір сізді несімен қызықтырады?

Бұл өмірдің қызығы махаббатпен,
Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен.
Арттағыға сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де, өлмегенмен боласың тең.


  1. Көңіліңіз қалып, жабырқаған кездеріңіз болды ма?

Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.


  1. Сүттен ақ, судан таза адам болмайды деп жатамыз, ал сіз өзіңіздің бойыңыздағы мініңіз қаншалық деп ойлайсыз?

Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес.
Жүрегімді байқасам,
Инедейін таза емес.
Аршып алып тастауға,
Апандағы саз емес.
Бәрі болды өзімнен,
Тәңірім салған наз емес.


  1. Осы уақытқа дейін жасаған жақсы немесе жаман істеріңізге өкінген сәттеріңіз болды ма?

Күшік асырап,ит еттім,
Ол балтырымды қанатты.
Біреуге мылтық үйреттім,
Ол мерген болды, мені атты.


  1. Өзегіңізді өртеген өкінішті кездер болды ма?

Өкінішті көп өмір кеткен өтіп,
Өткіздік бір нәрсеге болмай жетік.
Ойшылдың мен де санды бірімін деп,
Талап, ойсыз, мақтанды қалдым күтіп.
Үлгісіз жұртты үйретіп, қалдық кейін,
Көп надандар өзіне тартар бейім.
Арылмас әдет болды күлкішілдік,
Ыржың-қылжаң ит мінез дегендейін.


  1. Қазіргі жастарға деген көзқарасыңыз қандай?

Заманақыр жастары,
Қосылмас ешбір бастары.
Біріне бірі қастыққа
Қойнына тыққан тастары.
Саудасы-ар мен иманы,
Қайрат жоқ бойын тыйғалы.
Еңбекпен етті ауыртпай,
Құр тілменен жиғаны.


  1. Сіздің ойыңызша адам бойында қандай қасиеттер басым болуы керек?

Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп
Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп.
Осы күнде мал қайда-боқ ішінде,
Алтын алсаң, береді боғынан жеп.
Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек,
Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті-
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.


  1. Сөз соңында келешек жас буынға айтар тілегіңіз

Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет