Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет215/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
Досқожа
(1801–1866)
– жырау. Оның есімі 
«Кенесары қонысынан 
ауғанда Досқожаның айтқаны»
деген жырымен елге мәлім болган. 
Жыр ата мекенін тастап ауа көшкен елдің туып өскен жерін қимай 
жылап айрылысқан коштасуын бейнелейді. Жырда Сарыарқаның жасыл 
орманы, көгілдір таулары, көк үйірім көлдері мен өзендері көркем тілмен 
суреттеледі.
Дулатұлы, Дулатов Міржақып (1885-1935)
– Алаш қозғалысының 
қайраткері, жазушы, ақын, драматург, журналист. ХХ ғасырдың 
басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі. «Оян, қазақ!» өлеңі 
(1909) мен «Бақытсыз Жамал» (1914) романын жазды. Алаш қозғалысы 
жетекшілерінің бірі. «Алаш» партиясының бағдарламасын жазған және 
«Қазақ» (1913-1918) газеті редакторының орынбасары болды. 
Елдесұлы, Елдесов Омар (т.ө.ж.б.)
– қоғам қайраткері. 1930 жж. 
саяси қуғын-сүргін құрбаны.


402
Жансүгірұлы, Жансүгіров Ілияс (1894-1938)
– ақын, жазушы. 
Қазақ совет әдебиетінің классигі. Әдебиеттің барлық жанрында дерлік 
шығармалар жазған. Оның поэзиясы – терең ойдың, үлкен сезімнің 
поэзиясы. Ақын қазақ әдеби тілін жаңа сатыға көтерді.
Жұмабайұлы, Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (1893-1938)
– Алаш 
қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Қазақ 
поэзиясының сыршылдығын тереңдетті. Әлемдік поэзияда экологиялық 
тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі. Қазақ поэмасын суреткерлік 
арнаға бұрды.
Кенесары Қасымұлы
(1802 – Көкшетау өңірі, 1847 – Қырғызстан, 
Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік-Сеңгір аңғары) – 
мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837–1947 
жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының 
соңғы ханы (1841–1947). Кенесары Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай 
ханның немересі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет