Тәуелсіздік тұғырым»
20.12.2018 15:05
Бекітемін:
«Күншуақ» бөбекжай балабақшасы»
жеке меншік мекемесінің әдіскері
А.Ә. Жақсылықова
«Тәуелсіздік тұғырым»
(Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі)
Тәрбиеші: Өтеғұлова Т
Таушық ауылы, 2018 жыл
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:
1. Балаларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жер, елін құрметтеуге тәрбиелеу.
2. Патриоттық сезімдерін ояту.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің көрнекілігі: плакаттар, шарлар, көркем сөздер.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру,көрсету,уйрету,сұрақ-жауап.
Шаттық шеңбері:Шуақ шашты күн бізге.
Шуақ шашты күн бізге.
Терезеден күлімдеп
Қуанады балақан.
Шапалақтап алақан!
Ұоқ барысы
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- үш ай бар.Желтоқсан,Қаңтар ,Ақпан
- Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
- Қар жауады,кун аяз болады,балалар қалын киінеді,аққала жасайды.
Қыс мезгілінің алғашқы айында бізде мерекелер көп, Президент күні сондай-ақ балабақшамыздын ең алғаш ашылған күні, жәнеде
16 –желтоқсан тәуелсіздік алған мерекеміз.Міне бүгін тәуелсіздік мерекесін тойлағалы жатырмыз
- Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар, қандай мемлекетте тұрасыздар?
- Тәуелсіз қазақ елінде,Қазақстан Республикасында тұрамыз
-Біздің мемлекетімізде қандай қалаларды білесіңдер?
- Астана,Алматы,Ақтөбе,Қарағанды,Қызылорда,Ақтау т.б өте көп қалалар орналасқан.
-Біздің мемлекеттік тіліміз қандай тіл?
-Қазақ тілі
-Қазақстан Республикасының рәміздерің қандай?
-Біздің рәміздер Ту, Елтаңба ,Әнұран.
-Елбасылырыңның есімі кім?
- Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз Астана қаласында тұрады.
Міне балалар өз басымыз бір ел болып,мемлекет болғанымыза бүгін міне 28 жыл болып отыр.Аспанымыз ашық, бейбіт күн кешудеміз.
Олай болса еліміздің патреоты ретінде ,мемлекеттік әнұранымызды орындайық.
«Әнұран»
Тәрбиеші:Тәуелсіздік текке бізге келмеген
Талай бабам қанын төгіп терлеген
Сонда дағы қасиетті қазағым
Төл байрағын дұшпанына бермеген
Бабалардың ғасыр бойы арманы.
Өткенімен келешегін жалғады.
Желбіреп тұр көк байрағы қазақтың
Егеменді-тәуелсіздік алғалы.
Балалар қане кім тақпақ біледі тәуелсіздік,Отан туралы?
Әлішер: Кенге толы қойнауы
Төлге толы жайлау
Ол-біздің Қазақстан!
Анамыздай тілеуі ақ,
Отан біздің біреу ақ
Ол біздің Қазақстан!
Ақерке : Тәуелсіздік
Менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар,Абай Шоқаным
Тәуелсіздік сәбиімнәң күлкісі
Тәуелсіздік ақ бастасы атамның!
Жалғас: Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан!
Аделия: Асқар тауым Қазақсатан
Әсем әнім Қазақстан
Қазақстан отаным деп
Әрқашанда мақтана алам
Ұлықбек: Отан менің жүрегім
Отан менің тірегім
Отан сенің саяңда
Бақыт құшып жүремін
Отан біздің әніміз
Отан біздің сәніміз
Ер жетеміз туған ел
Сені сүйіп бәріміз
Тәрбиеші:
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өлеңдер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктері мәңгілік сақталады.
Ойын: «Күш сынасу»
Шарты: Ортаға екі баланы шығарып күш сыныстыру.Жеңілген бала туған жер туралы мақал айтуы тиіс.
Ойын ұнадыма сендерге олай болса, шығармашылық алаңына өзіміздің «Пай-пайо» автобусымызбен жетіп алайық.
Балалар мемлекетіміздің бас қаласы Астана.Өзіндік ерекшелігі бар Бәйтерек бейнеленген,ал сол бәйтеректі өз қолымызбен жасап ,жақыннан көргіміз келема?
Шарты: Түрлі-тусті құм арқылы ,бәйтерек бейнесін жасау.Ақ қағаздын бетіне,арнайы бәйтерек бейнесі бар қатты картонды қойып,бейне устіне құмды керегінше сеуіп,бетіндегі қатты кардонды жәймен алып тастау керек.
Сергіту сәті:Алақанға салып ап
Бір ашып,бір жұмып
Көрсетейік бір қызық
Міне менің қолымда
Асық жатыр бүгіліп
Қортынды: Балалар бүгінгі оқу қызметінің сіздерге қай тұсы ұнады.Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды.Бүгінгі оқу қызметімізде оз мемлекетіміз туралы айттық .Қандай қалалар орналасқан.Шығармашылық алаңында ненің бейнесін жасадық.Бәйтерек қай қалада орналасқан?Жарайсыздар еліміздің патреоты болып,тәуелсіз елімізде мәңгі өмір сүрейік.
Достарыңызбен бөлісу: |