Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет221/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Сандыбайұлы Ыбырай 
(т.ө.ж.б.) – қоғам қайраткері, би, болыс.
Сәдуақасұлы, Сәдуақасов Смағұл (1901-1933)
– мемлекет және 
қоғам қайраткері, жазушы, сыншы. Голощекиншілердің қазақ халқына 
зиянды «Кіші Қазан» бағытына ашық қарсы шықты. Осыған байланысты 
«сәдуақасовшылдық» топ пайда болып, Мәскеудің Қазақстанда жүргізген 
отаршылдық саясатына қарсы күрескен қуатты оппозициялық күш 
болды. Оның басшысы С.Сәдуақасов қудалауға ұшырады. Ол бірнеше 
прозалық шығармалар жазып, сын жанрының қалыптасуына өзіндік үлес 
қосты. Сол жылдардағы әдеби айтыстарға қызу қатысты.
Сейітов Сағынғали (1917-1994) 
– Қазақстанның халық жазушысы, 
ақын, әдебиеттанушы ғалым. Қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық 
ауданында туған.
Сейфуллаұлы, Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894-1938)
– мемлекет 
және қоғам қайраткері, ақын, жазушы, сыншы. Қазақ совет әдебиетінің 
классигі.
Сералыұлы, Сералин Мұхамеджан (1872-1929
) – ақын, ағартушы, 
журналист, қоғам қайраткері. Алғаш қазақ тілінде шыққан «Айқап» 
журналының редакторы. «Топжарған» поэмасы (1900) Кенесары 
– Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысты жырлауға арналса
«Гүлқашима» поэмасы (1909) әйел теңдігі мәселесін көтереді. Ол 
Фирдоусидің «Шаһнама» дастанының «Рүстем-Зораб» бөлімін, 
А.Сорокиннің «Жусан» повесін қазақ тіліне аударды.
Сүлейұлы, Сүлеев Біләл (1893-1937)
– ақын, ағартушы, журналист, 
драматург, қоғам қайраткері. «Мамания», «Ғалия» медреселерінде 
оқыған. Семей педагогикалық институтының тұңғыш ректоры. 1934-37 
жж. Қарақалпақстанның Халық ағарту комиссары болған.
Сталин (Джугашвили) Иосиф Виссарионович (1879-1953)
– саяси 
қайраткер. Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Бас хатшысы (1922-
1953). Сталин Кеңес Одағын басқарған жылдары ауыл шаруашылығын 
ұжымдастыру жүргізіліп, байлар мен кулактарды тап ретінде жою 
саясаты жүзеге асырылды. Бұл халақ арасында жасанды ашаршылық пен 
босқыншылықты туғызып, ұжымдалуға қарсы шаруалар қозғалысының 
өрістеуіне алып келді. Сталин Кеңес Одағында қуғын-сүргін саясатын 
жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық зиялы қауым 
өкілдерін «халық жаулары» ретінде қуғындау науқаны күшейді. Одақтас 
республикалар мен ұлттық автономияларды саяси және экономикалық 
биліктен айырып, Кремльге тәуелді қылды. Соғыстан кейінгі кезеңде 
жеке басқа табыну қарқыны күшейді.


407


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет