Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет219/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
Молдағалиев Тұманбай (1935-2012) 
Қазақстанның Халық 
жазушысы, ақын, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Жарсу 
ауылында туған. 1956 жылы қазіргі әл-Фараби ат. ҚазҰУ-ді бітірген 
соң «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер болған. 1956-1959 жж. 
«Пионер» журналының әдеби қызметкері, 1959-1971 жж. «Жазушы» 
баспасында редактор, аға редактор қызметін атқарған. 1971-1973 жж. 
«Балдырған» журналында жауапты редактор, 1973-1984 жж. «Жалын» 
альманағының бас редакторы болды. 1984-1986 жж. «Балдырған» 
журналының бас редакторы қызметін атқарды.
Мырзалиев Қадыр (Мырза әлі Қадыр) (1935-2012) – 
ақын, 
аудармашы, көсемсөз шебері. Қазіргі Батыс Қазақстан облысының 
Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетін 
бітіргеннен кейін балалар журналы «Балдырғанда» қызмет еткен. 
«Жұлдыз» журналында, «Жазушы» баспасында, кейін Қазақстан 
Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болып жұмыс 
істеді.


405
Өлеңдері көптеген шетел тілдеріне аударылған. Ол Овийдің, Румидің, 
Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, 
Межелайтистің, Петефидің, т.б. жырларын қазақ тіліне тәржімалаған.
Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның 
Халық жазушысы.
Мұқанов Сәбит (1900-1973) –
Қазақ совет әдебиетінің классигі. 
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, қазіргі С.Мұқанов 
атындағы кеңшарда дүниеге келген. Қазақ КСР Халық жазушысы. 
Абай атындағы республикалық Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. 100 
жылдығы ЮНЕСКО көлемінде 2000 жылы тойланды. 
Наушабайұлы, Наушабаев Нұржан (1858-1919)
– ақын, би. Қазақ 
әдебиетіндегі діни-ағартушылық бағыттың көрнекті өкілі. Қазан 
қаласында басылған «Манзұмат қазақия» (1903), «Алаш» (1910) жыр 
жинақтарының авторы. Өлеңдерінің негізгі тақырыбы – өнер-білім мен 
адамгершілік қасиеттерді насихаттау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет