93
Біз әнгімені фигурадан бастадық та оның түрлері –
қайталау, арнау,
антитеза, дамыту
, т.б. айта келіп, ең аяғында эллипсиске тоқтадық. Осы
айтылған сөздің өткірлігін, әсерлілігін күшейтетін барлық синтаксистік
сөйлем құрастыруларды,
бір сөзбен айтқанда,
фигура
деп атайды.
Фигуралар сезім күші кернеген сөздерде қолданылады.
Біз жоғарыда антитеза туралы мысал келтіргенде, бір-бірін бетпе-бет
қойған екі сөздерді ғана алдық. Антитезалық құрылысты біз тек сөздерді
ғана емес, бүтін шығарма құрылысынан да табуымызға болады. Яғни екі
сөз емес, екі құбылысты бір-біріне, қарсы қойып, бүтін шығарма жазуға
болады. Мысалы, Ақжүністің Қарт Қожаққа
айтқан сөзі антитезаның
осы түріне жатады. Мұнда Ақжүніс Қарт Қожақтың, жас күндеріндегі
өмірін, істерін алпыстан асқандағы күйіне қарсы қояды.
Достарыңызбен бөлісу: