105
Төрт тармақты шумақ.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны терең, сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
(Абай)
Міне, осылар сықылды өлеңнің әр
шумағы екі жолдан не төрт
жолдан тоқтап, ой аяқталып отырса, екі тармақты не төрт тармақты өлең
дейді. Басқалары да осылар сықылды. Айырмасы,
тек тармақтарында,
сондықтан біз бұлардың әрқайсысының мысалдарын ғана келтіреміз.
Алты тармақты шумақ.
Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң,
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан.
(Абай)
Жеті тармақты шумақ
Сен мені не етесің,
Мені тастап,
Өнер бастап,
Жайыңа
Және алдап,
Арбап,
Өз
бетіңмен кетесің
(Абай)
Сегіз тармақты шумақ
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап
бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
(Абай)
Он тармақты шумақ
Бұл күнде сен
Бақыттысың,
Бостандықтың
Темір жолдың,
От
орнына
Ақынысың,
Сал көзіңді алысқа!
Түйе орнына
Электрдің,
Шыққанын жаз, қалыспа!
(Әбділда)
106
Тармақтың бұл келтіргендерден басқа да түрлері көп.
Жоғарғы
мысалдарды үлгі үшін ғана келтіріп отырмыз. Өлеңнің неше тармақтан
тұратыны көзге көрініп тұрған нәрсе болғандықтан мына үлгілерге
қарап, айыру қиын емес.
Достарыңызбен бөлісу: