Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


Қайталау. Белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді  қайта-қайта айтуды  қайталау



Pdf көрінісі
бет57/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Қайталау.
Белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді 
қайта-қайта айтуды 
қайталау
 
деп атайды. Қайталаудың да бірнеше түрі 
болады. Мысалы:


88
Табым
десем бұлақтай таудан аққан,
Өн бойымды шымырлап, билейді ағын,
Қияға өрлеп, қырандай қанат жайып,
Табым
десем қозады әруағым.
Түпсіз қара тұнықта суды кешсем,
Tan 
қолыма медеу қып ұстар талым.
(Сәбит)
Мұнда «тап» деген сөзді өлеңнің әр жолдарында қайта
-
қайта айтады. 
Қайталағанда назарды сол сөзге тоқтатып, оқушының көңілін сол сөзге 
аудару үшін қолданады. Мұны 
жай қайталау 
деп
атайды.
Анафора
(грекше 
anaphora
– биіктеу, жоғары шығу). Қайталаудың 
екінші бір түрі 
анафора
делінеді. Анафора деп өлеңнің әр жолы ылғи бір 
сөзден басталып отыруын айта ды. Мысалы:
Бізде 
қару, бізде танк,
Бізде
ұшқыш, самолёт.
Біз
– болатпыз, біз – күшпіз.
Бізде 
қайрат, бізде от,
Бізде план, 
программ,
Бізде
құрал, бізде ұран,
Біздің
елге бір елі,
Тұмсығын жау сұға алмас.
Өйткені біз беттесек,
Бұзбайтұғын қамал жоқ!
(Жақан)
 
Эпифора
(грекше 
epiphora
; ері – соңғы, 
phoros
– алып жүру). Өлең 
шығармаларда сөйлемнің әсерлілігін күшейту үшін белгілі бір сөз
сөз тіркесі жол (тармақ) аяғында қайталанады. Қайталаудың бұл түрін 
эпифора
дейді. Мысалы:
Мұнар да, мұнар, мұнар 
күн.
Бұлттан шыққан шұбар 
күн,
Буыршын мұзға тайған 
күн,
Бура атанға шөккен 
күн.
Бұлықсып жүрген ерлерден 
Бұрынғы бақыт тайған 
күн.
 
Анафора да, эпифора да көркем тілдегі жалпы қайталауға қойылатын 
шарттарға бағыныңқы. Жай қайталауда ақын-жазушылар сөйлемнің 
әр жолында қайталап айту арқылы сол сөзге, дұрысын айтқанда, сол 


89
сөздің мәніне оқушыларының көңілін аударуды мақсат етсе, анафора, 
эпифораларда бір сөзді сөйлемнің басында не аяғында қайталау арқылы 
орындалады. .
Келтірілген үзіндіде эпифора – 
күн 
деген сөз, сонымен қа тар 
шұбыртпалы ұйқастың да қызметін атқарып тұр. Ақынның күн деген 
сөзді көп қайталауы кездейсоқ емес. Бұл күн – Махамбет үшін айрықша 
күн, аңсаған арман, көздеген мақсат керісінше келіп, хан, сұлтанға қарсы 
күрес майданына шыққан қара халықтың апатқа кездесіп, айдарлысы құл, 
тұлымдысы тұл болған күн. Ақын оқушыларының ой-сезіміне күштірек 
әсер ету, сол күнге көңілін аудару үшін көркемдеп суреттеу әдістердің 
бірі ретінде эпифораны қолданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет