Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


ІІ тараy  ХАЛЫҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТІЛІ



Pdf көрінісі
бет147/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

ІІ тараy
 ХАЛЫҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТІЛІ
Өлең сөздің бейнелілігі, қуаттылығы поэзия заман, дәуір 
шындығын, халық тұрмысын неғұрлым терең, жан-жақты көрсете алса, 
соғұрлым арта түседі. Шынайы көркемдік шеберлік, сөз суреттілігі, 
тіл бейнелілігі үлкен өмірлік мазмұнмен бірге туады. Тілдің, сөз 
кестесінің табиғилығы мен қарапайымдылығы дегеніміз халықтың 
көркем дүние танымы, көркем ой-сезімі қоғамдық өмірмен, нақтылы 
әлеуметтік-тарихи жағдайлармен байланысты қалыптасқандығының 
белгісі. В.В.Радловтың: «Қазақтың өз өлеңдерінде бағалы санайтыны 
ертегілердегідей әлдеқандай бір жан түршігерлік және ғажайып дүние 
емес, ол өзінің сезімі мен талап-тілегін, қоғамның әр мүшесі аңсайтын 
арман-мұратты жыр етеді. Тыңдаушыларды сүйсіндіретін қисынсыз 
ғаламат жайлар, керемет зор нәрселер емес, табиғи жайлар, айналадағы 
өмірдің ақиқат шындығы»
78
.
Халық поэзиясындағы 
теңеу, метафора, кейіптеу

аллегория

символ
, бейнелеу, 
салыстыру, тұспалдау
үлгілері өзінің нақтылығымен, 
заттық мағына беретін айқындығымен ерекшеленеді. Оларға тән 
суреттілік пен бейнелілік ой ұшқырлығынан, тапқырлықтан, өмір 
құбылыстарының қат-қабат байланысын жіті көріп, сезе алатын 
байқағыштықтан туады. Біз олардан үнемі кең толғап, тұжырымдауды, 
нақтылы нәрсеге жалпылық мағына беруді кездестіріп отырамыз да, 
мәні жоқ, қисынсыз дерексіздікті мүлде ұшырастыра алмаймыз. Халық 
поэзиясы туындыларының қайсысын алсақ та, қиялдан туған көңілге 
қонымсыз, ақылға сыйымсыз, анық сипат-белгісі жоқ сурет-бейнелер 
емес, көріктеулер қолданылатынын көреміз. 
Қазақ поэзиясының сөз кестесі мен өлең құрылысының, түпкі негіздері 
ерте заманда, көне дәуірде қалыптасқанын дәлелдейтін мысалдар аз 
емес. Айталық, батырдың сұрапыл қайратын, жүректілігін арыстанмен, 
жолбарыспен теңеу секілді бір алуан бейнелеу тәсілдері көне заманнан 
қалған, ескі түрік тайпалары туғызған әдеби нұсқаларда кездесе 
береді. Ер жігіт бейнесін қыранмен, ару қызды аққумен салыстыру 
қазақ, басқа түркі тілдес елдер ғана емес, көптеген халықтардың көне 
әдеби нұсқаларында, ауыз әдебиетінің ежелгі, ескі туындыларында 
ұшырасады. Мұндай мысалдарды тағы да келтіре түсуге болар еді. Бірақ 
мәселе жеке мысалдарда емес. Бірталай суреттеу, бейне леу тәсілдері, 
мысалы, адамның әр түрлі қасиеттерін (ерлігін, қайсарлығын, өжеттігін), 
әйелдің сымбатын сан алуан аңмен, баққан малмен, құспен салыстырып 
78
Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. Спб., 1885. том V. стр. 8-9.


264
айту, табиғат құбылыстарын жанды бейне қалпында қабылдап-сезіну 
(кейіптеу) немесе әсірелеп айтудың біраз түрлері – осылардың қай елде 
болсын өте ерте заманда, жазба әдебиеті тумастан бұрын қалыптасқаны 
белгілі. Ал қазақ поэзиясындағы өлең, өрнектерінің, соның ішінде жыр 
өлшемінің, 7-8 буынды өлең түрінің көне заманда туғаны жайлы мәселені 
арнайы, толығырақ сөз етпекпіз.
Халықтық поэзияда (қай елдің сөз өнерін алсақ та) белгілі бір ұғымға 
үнемі қатарласып айтылатын тұрақты эпитеттер көп кездесетіні белгілі 
(
айдын көл, асқар тay
). Мұның өзі кездейсоқ құбылыс емес. Халық 
поэзиясында бейнелі сөз түрлері, сөз нақыштары сан жағынан жазба 
әдебиеттегідей мол болмағанымен, оның есесіне жиірек қолданылады. 
Халықтық өлең-жырларда бейнелі сөздердің берік орнығып, 
тұрақталғанын, әбден екшеліп, сұрыпталғанын, поэзияның тіл кестесіне 
хас үлгі-нақыштар бо лып қалыптасқанын байқаймыз. Сондықтан 
халықтың өлең-жырындағы әр эпитет, теңеу, метафора, кейіптеу, символ 
секілді сипаттау, салыстыру, көріктеу тәсіліне байсалдылықпен қарап, 
тексерудің, олардың халық тілінің, халықтық поэзияның сөз кестесіне 
тән өзгешелігін біліп-түсінудің мәні зор.
Қазақтың халық поэзиясында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет