Үйшінің үскісіндей өткір тілім.
Өрді, ойды-білмей шауып қасқарасың»
, – дейді. Ал, Абай «Сегіз аяқта»
«толғауы тоқсан» қызыл тілді «қиуадан шауып, қисынын тауып, тағыны
жетіп қайырған» деп бейнелейтіні мәлім. Абай өлеңдеріндегі үміттің аты
(«үміттің аты елеріп»), талаптың аты («талаптың аты арындап») деген
сияқты метафоралар да өте жатық және терең мағыналы болып шыққан.
Түйе ұстаған қазақ елінің поэзиясында нар, атан, інген, бо та
бейнелерінің де алатын орны үлкен. 1723 жылғы жоңғар феодалдарының
шапқыншылығына («Ақтабан шұбырынды») байланысты туған «Елім-
ай!» әніндегі мына сөздерді алып көрейік.
Қара таудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ағайыннан айрылған жаман екен,
Екі көзден мөлдіреп жас келеді.
Осындағы енесінен айрылған тайлақ бейнесі қаншама адам құрбан
болғанын, ата-анасынан, ағайын-туысынан айрылып жетімсіреп
268
қалғанын танытатын тамаша көркем символ болып шыққан. Халық
ұғымына мейлінше тән осы бір көрініс – көшке ілесіп жеке келе жатқан
тайлақ – ел басына түскен ауыр қайғы-қазаны айтумен қатар, жарыса
келетіні тегін емес.
Бейнелі сөздерде
салыстыру, ұқсату
үшін сан алуан өмір
құбылыстары, шексіз мол нақтылы заттар мен нәрселер алына береді.
Мұны біз өлең-жырлардан, кейінірек шыққан халық ақындарының өлең
нұсқаларынан аңғарамыз. Мысалы, адамның кейпін, көңіл күйін, мінез
ерекшелігін сипаттайтын кейбір өлеңдерге тоқталуға болады. Халық
ақындарының шығармасынан адам мінезін суреттегенде күнделікті жиі
кездесетін, әркімге белгілі, былай қараған да елеусіз көрінетін жайды
айта отырып, сол арқылы қолға ұстатқандай айқын, бейнелі етіп сипаттап
беру үлгілерін мол табамыз.
Әсет ақын сөзінен қайта беретін, тұрақсыз айнымалы мінезді адамды:
«
Терідей сабын жаққан жылп-жылп етіп. Шіркін-ай қойған жерден
табылмайсың
, – деп өте орынды, тауып айтқан.
Сүйінбай ақын қазақтың халық поэзиясында қалыптасқан дәстүр
бойынша, жақсы адам мен жаман адамның сипат-қасиеттерін көбінесе
әртүрлі салыстыруларды қолдана отырып бейнелейді. Оның ішінде
әсіресе жақсы адамды сипаттайтын мына сөздері ұтымды айтылған:
Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,
Жұғымды болар елге еркесіндей.
Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,
.
Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.
Жақсы болар баланың жүзі жақсы,
Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.
Мұндағы жақсы адамды елдің
серкесіндей
немесе
еркесіндей
деп
сипаттау әрине, мағыналы
теңеулер
. Алайда бұларды, өте-мөте осы екі
теңеудің алғашқысын, белгілі, қалыптасқан үлгі деп қарауға болады.
Ал адамның жүзінің жылылығын, сөзінің майдалығын қалың жүнді
көрпемен салыстыру – бұл ақынның өзіндік сөз нақышы. Бұл теңеу
де, сондай-ақ жақсы, инабатты баланың жылы жүзін «орыстың күймей
піскен бөлкесіндей» деп салыстыру да күнделікті тұрмыстан алынғаны,
сол кездегі өмір шындығының кейбір жайларынан елес беретіні сөзсіз.
Соңғы теңеуді ғана алсақ, қазақ арасында «орыстың бөлкесі» әбден
танымал боп, ол туралы белгілі түсінік қалыптасқан жағдайда ғана
осындай салыстыруды өлеңде қолдану мүмкін болғанын дәлелдеп
жатудың қажеті аз.
Ақан сері жақсы жігіт туралы түсінігін: «Бозбала шамшырақтай фонар
болса, ішінде қалың топтың жанар болса»,– деп
бейнелеп
айтқан. Жастар
269
жұртқа үлгі, көпке пайдалы бо лу үшін ақылды, өнерлі болуы керек деген
пікірін ақын бұл тұста бұрыннан қалыптасқан көркемдік сипаты бар
шамшырақ ұғымы мен тұрмысқа жаңа кірген қарапайым заттың (фонарь)
беретін мағынасын ұштастыра білу арқылы жеткізіп отыр.
Ерліктің, жігіттіктің, өжеттік-қайсарлықтың халық поэзиясындағы ең
бір артықша бағалы саналатын балама бейнелері –
Достарыңызбен бөлісу: |